Лекциялар конспектісі жинағы ш ымкент, 2021 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет26/51
Дата13.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#125892
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51
Әдебиет №8, 27 – 55 беттер.

Сырықтарға сырттан әсер ететін күштердің теңәсер күші сырықтын өсіне паралель әрі сол өс бойымен өтетін болса, онда сырық өстік созылуға немесе сығылуға ұшырайды. Демек өстік созылу деп сыртқы күш әсерінен оның бастапқы ұзындығының ұлғайып, қимасының ендік өлшемдерінің кішірейетін жағдайын айтады, ал өстік сығылу бұған керісінше болады. Өстік созылу-сығылу жағдайында сырықтың көлденең қимасында өткен тақырыпта көрсетілген алты ішкі күштердің тек біреуі ғана, яғни бойлық күш Nz пайда


m

Ғ Ғ
Қима

z

l Ғ Nz

Ғ

+

эпюрі

32 – Сурет.


болады, ол кима тәсілімен анықталады. Осы жағдайда қима тәсілін пайдалану 32 – ші суретте көрсетілген.

Суреттен көрініп тұрғанындай сырықты кез келген жерінен ойша m жазыктығымен қию арқылы екіге бөлеміз, одан әрі оның бір бөлігін, біздің жағдайда оң жақ бөлігін ойша алып тастап сол жақ бөлігін жеке карастырамыз. Ішкі бойлық күш Nz қиманың ауырлық орталығына келтіріліп қимадан сырықтың алып тастаған бөлігіне қарай бағытталады (сыртқы нормаль бағытымен). Енді бұл белгісіз ішкі күшті анықтау үшін статиканың келесі тепе-теңдік теңдеуін пайдаланамыз.

SFz = 0 яғни - F + Nz = 0 осыдан Nz = F екенін табамыз.

Егер ішкі бойлық күштің таңбасы оң болса сырық созылады, ал оның таңбасы теріс болса онда сырық сығылады. Ішкі бойлық күштің сырықтың ұзына бойына өзгеру заңдылығын көрсететін график осы күштің эпюрі деп аталады. Ол 32 – суретте көрсетілген және оң таңбамен белгіленген.


Тік кернеу

Ішкі бойлық күштің сырықтың қимасының ауданына қатынасы тік кернеу деп аталады, ол сырықтың қима ауданының бірлігіне келетін бойлық күштің шамасын көрсетеді, яғни ішкі күштің қарқындылығы (интенсивность) болып табылады-да келесі өрнекпен есептеледі.



[H/м2]

Практикалық есептеулер кезінде көбінесе кН/см2 өлшемі қолданылады, яғни бұдан былай осы өлшемді тұрақты пайдаланамыз.

Бұл жердегі: s - тік кернеу «сигма» деп оқылады; А - сырықтың қимасының ауданы, см2 өлшемімен өлшенеді.
Деформациялар

Сыртқы күштердің әсерінен сырықтың бастапқы өлшемдерінің өзгеретіндігі туралы жоғарыда айтқан болатынбыз, ол өзгерулер сырықтың деформациялары деп аталады осындай деформациялар 33 - ші суретте көрсетілген.




F F



33 – Сурет.
Бүл жердегі Dl = l1l0 абсолюттік бойлық, ал Dh = h0 – һ1, абсолюттік ендік деформациялар деп аталады, олардың өлшемі ұзындық өлшеміне тең, яғни м немесе см өлшемімен өлшенеді. Абсолюттік бойлық деформацияның сырықтың бастапқы ұзындығына, ал абсолюттік ендік деформацияның енінің өлшеміне қатынастары салыстырмалы бойлық және салыстырмалы ендік деформациялар деп аталады, бұлар өлшемсіз шамалар болып табылады. Материалдар кедергісі пәнінде денелердің тек серпімді деформациялары қарастырылады, яғни күш әсерін алып тастағанда жойылып кететін деформациялар серпімді деп аталады.

es = Dl/l0 салыстырмалы бойлық, ал

ec = Dh/h0 салыстырмалы ендік деформациялар болып табылады.

Бұл екі деформациялар арасындағы тұрақты байланыс ендік деформация, немесе Пуассон коэффициенті деп аталады ол тең:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет