Әдебиет №3, 21 – 37 беттер.
Бір нүктеге жинақталған жазық күштердің тепе-теңдік шарты келесі өрнектермен сипатталады: , , яғни бұл күштердің теңәсер күші нөлге тең дегенді білдіреді. Бір нүктеге жинақталған жазық күштрдің мысалы ретінде 7-ші суретте көрсетілген көлбеу жазықтықта орналасқан қатты дененің тепе-теңдігін қарастырайық.
у
x
7 – Сурет.
Р = 2кН, = 30о болса және күштерінің мәнін табайық. Бұл жерде - үйкеліс күші, ал - реакция күші (Тірек реакция күші). : теңдеуінен ; осыдан үйкеліс күші кН болатынын, ал : теңдеуінен ; осыдан реакция күші кН болатынын табамыз.
Бұл күштерді күш үшбұрышы арқылы да анықтауға болады. Ол үшін шамасы белгілі күшті белгілі бір, өзіміз таңдап алатын, масштаб бойынша (а) нүктесінен өз өзіне бағыттас етіп тұрғызамыз (8-сурет).
х а
с х
в
8 – Сурет.
Масштабты белгілі күштің мәні бойынша келесі түрде табамыз , олай болса белгісіз күштердің мәні тең болады: , болатыны белгілі.
Енді қатты денеге кез келген бағытта түсірілген күштер әсерінен тепе-теңдік қалыпта тұруының шарттарын қарастырайық. Егер денеге кез келген бағытта бір немесе бірнеше күштер әсер ететін болса, онда дененің тіректерінде, яғни бекітілген нүктелерінде тіректің реакциялары туындайды (10-сурет), олар күштер арқылы сипатталады. Тіректер дегеніміз, қарастырып отырған дененің белгілі бір қалыпта тұруын қамтабасыз ететін қандай-да бір басқа денелермен байланысы. Ол байланыстар, яғни тіректердің денеге әсері, дененің кеңістікте еркін қозғалуына кедергі жасайтын болғандықтан тірек реакция күштерімен сипатталады, олар кейде реактивті күштер деп-те аталады. Дененің және оған әсер ететін күштердің тепе-теңдігін қарастыру кезінде ол дене шартты түрде өзінің тіректерінен ажыратылады-да тіректердің әсері тірек реакция күштерімен алмастырылады. Практикада (техникада, құрылыста, өндірісте т.с.с.) кездесетін байланыстарды шартты түрде келесі үш түрге бөліп қарастыруға болады, мысалы жазық есептер үшін 9-шы суреттегі денені қарастыруға болады. Жазық есептер деп, денеге әсер ететін сыртқы күштер мен тірек реакцияларының бір жазықтықтың бетінде жатқан жағдайын айтады. Егер күштер әртүрлі жазықтықтарда жататын болса ол кеңістік есеп болып табылады.
y
F1 F2 HC
C
A B х
9 – Сурет. 10 – Сурет.
Жазық есептер үшін 9-шы суреттегі «А» тірегі топсалы жылжымайтын тірек деп аталады, мұндай тіректе вертикаль бағыттағы және горизонталь бағыттағы тірек күштері туындауы мүмкін, себебі мұндай тірек дененің осы тірекке бекітілген қимасын осы екі бағытта еркін қозғалуына кедергі жасайды, яғни шектеу қояды. Ал «В» тірегі топсалы жылжымалы (қозғалатын) тірек деп аталады, бұл тіректе екі топсаны қосатын түзу бойымен бағытталатын бір тірек күші туындайды, өйткені ол дене қозғалысын тек осы бағытта ғана шектей алады. Ал 10-шы суретте көрсетілген тірек қатаң бекітпе (защемление) деп аталады, ондай тіректерде екі бағыттағы тірек күштеріне және HC қоса тірек моменті туындауы мүмкін, себебі ол тірек дененің вертикаль және горизонталь бағыттағы еркін қозғалысымен қоса бұрыштық қозғалуына-да шектеу қояды.
Қарастырып отырған денелер сыртқы күштердің және тірек реакцияларының әсерінен тепе-теңдік қалыпта тұрса, яғни салыстырмалы тыныштық ненесе бір қалыпты түзу сызықты қозғалыс жағдайында болса, келесі тепе-теңдік теңдеулерінің орындалуы шарт.
1). ;
2). ;
3). ;
4). ;
5). ;
6). .
Бұл алты теңдеу кеңістік есептер (кеңістік күштер жүйесімен жүктелген дене үшін) үшін статиканың тепе-теңдік теңдеулері деп аталады. ОХУ координаттарындағы жазық есептер үшін 3, 4, 5 теңдеулер жазылмайды, яғни 1, 2, 6 теңдеулер жеткілікті болады. Осы теңдеулерді пайдаланып дененің белгісіз тірек реакция күштерінің мәндерін табуға болады. Мысалы 10-шы суретте көрсетілген есеп үшін ол теңдеулер келесі түрде жазылады. : осыдан болатынын; теңдеуінен , осыдан
болатынын; және теңдеуін
пайдаланып болатынын табамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |