шешен туралы шығармалар кездеседі. Қазақ фольклорында Жиренше шешен жайлы
ертегі, аңыз, әңгіме бір топ.
Ұлттық шешендік өнерінің ту ұстаушысы Майқы би, Аяз билер сияқты, Жиренше
шешен де даналық, тапқырлық сөздерді өз заманының құдіретті билеушісі – ханмен өнер
жарыстыру, білім салыстыру бәсекесі үстінде тудырып отырған.
Асан қайғы Сәбитұлы көшпелі халықтардан шыққан, болашақты болжаған көріпкел,
сәуегей абыз, ғайыптан сөйлейтін көреген би, жырау біткеннің атасы, тереңнен толғайтын
ойшыл сөз зергері. Асан қайғы текті тұқымнан шыққан, сегіз қырлы, бір сырлы Сәбит
баласын жыраулық, ақындық, тапқырлық сияқты өнерге баулиды.
Би – шешендер мұрасы – ұлт, замана, мемлекет тағдырын, өмір, тіршілік, тұрмыс
құбылыстарын, адамгершілік дүниесін жан – жақты қозғап, әділ таразылайтын, ғаламат
тұжырымды, тұрлаулы пікірлер қорытатын,
нәзік талдаулар жасайтын, туған халқының
ақыл – ой дәрежесін, рухани болмысын танытатын теңдесі жоқ өмір оқулығы. Шешендік
өнер тарихында әрқайсысы жеке бір дәуірге лайық осынау дүлдүл ділмәрлардың ойлау
еркіндігі, кең құлаштылығы, ұшқырлық, тапқырлық, алғырлық қасиеттері, тілінің
мейлінше оралымдылығы, салыстыруға сұңғылалығы, жалпыдан жекеге, жекеден
жалпыға аналогиялық ой қорытуларға ересен зеректігі, сыншылдық қабілеті, логикалық
жүйелілігі таңдай қақтырады. Билер сөзінде ұлт–азаттық, пәлсапалық, үгіт, әлеуметтік
сарындар мол. Сымға тартқан күмістей нәзік сұлулық та, қоңыраудай сылдыраған әсем
үнділік те, шықтай таза мөлдірлік те, от шашқан жалынды жігер де, майдан қыл
суырғандай шеберлік те бар. Ұлттық шешендік өнердің тарихы мен теориясы, атап
айтқанда, мәдени, саяси, рухани дәстүрлермен тамырлас. Ұлттық сананың кемелденуіне,
мәдениеттің көркеюіне, дүниетанымның дамуына «билердің биі», «Жеті жарғы» заңын
жасаушылардың ірі өкілі, тәуке ханның кеңесшісі, үш кемеңгер Төле бидің, Қаздауысты
Қазыбек бидің, Әйтеке бидің ақылшысы Әнет бабаның, Абылай ханның Бас билері
Байдалы мен Қарауыл Қанай шешендердің, көріпкел, қолбасшы Ескелді мен Балпық
билердің және тағы басқа жүздеген санаткерлердің қайраткерлік ересен еңбегі қазақтың
ескі сөздерінде айрықша аталады.
Шежіре, қазақ шежіресі (арабтың шаджарат-бұтақ, тармақ) халықтың шығу тегін,
жаралуын баяндайтын тарихи естелік.
Шежіре негізінен қарасөзбен, кейде өлеңмен
жазылады, көлемі әрқалай болып келеді. Арғы ата-бабалардың тайпа, рулардың басталуы,
таралуын көрсететін тізбе шежіренің және бір мағынасы бойынша, ол-тарихи жазба
ескерткіш. Ру-тайпаларының өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми
шежіремәдениеті елдердің бәрінде кездеседі. Шежіренің көп томдық жинағын Россия,
Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдері баспадан шығарған. Қазақ
шежіресі де Европа елдерінің шежіресі сияқты ең толық жинақтың бірі. Мұндай
шежірелер
Башқұрстанда,
Өзбекстанда,
Түркменстанда,
Қырғызстанда,
Сібір
халықтарында да кездеседі.
Қазақ шежіресінің қайнар көзін, бастау негізін білдіретін ұрпақтан-ұрпаққа мұра
болып қалған қазыналар бар. Көшпелі халықтардың шежірелері құңды дерек көздері
секілді, атадан балаға ауызша, жазбаша жеткен. Қазақ шежіресінің бастау көзі – көне түрік
дәуірінде жатыр. Көне түрік жазба ескерткіштерінің алғашқы бастауы Күлтегін, Тоныкөк
құрметіне арналған жылнамадан шежіренің көрінісін табуға болады. Бұдан кейінгі Рашид-
ад-диннің түрік-Моңғол шежіресі», Ұлықбектің «Шаджарат әл атрак», «Мүниз әл-ансабфл
шафжарат» және 33 бетт
3.Қазақ шежірелерінің түркі дәуіріндегі хатқа түсіп, жазылғанымен кейінгілерінің
көпшілігі ауыздан-ауызға көшіп отырған. Жеті отбасын білуге шарт қойған халықтың бірі
қазақтар еді. Мәселе шежірені ұмытудан туындап, оны өз алдына жеке әңгіме, арнайы
жыр үлгісіне айналдырған. Ауызша айтылған көлемді эпикалық жырларға қосып, ата-баба
тарихын дәріптеген. Осы орайда ұрпақтан – ұрпаққа ауызша
және жазбаша беріліп келе
жатқан шежірелерді тақырыптық жағынан былайша жүйелеуге болады:
1. Жалпы шежіре
2. Рулар шежіресі
3. Тайпалар шежіресі
4. Жеке адамдар шежіресі
5. Қожалар шежіресі
Осы шежірелердің фольклорлық тұрғыдан дәріптеліп, ұрпаққа аманат қылғандығын
білу ғылымның үлесіне тиеді.
4. Шежірені дәріптесудің бір дәлелін эпостық жырлардан табамыз. Шежірені қазақ
ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өкілдері бақсы-балгер, жыршы-жырау, ақын,
сал-серілердің ауызша жатқа білгендігі туралы мағлұматтар ұщырасады. Сөз байлығын
жан-жақты меңгерген, поэзияға жетік қазақ халқының өзінің ұрпақтан-ұрпаққа жеткен
жер-суаттарына, музыкалық жинақтамаларына да шежіре деп қарайды. Сондықтан
батырлық ғашықтық, тарихи жырларды айтушылар шежірені қалыс қалдырмай, өлең-
жырға өзек еткен. Батырлық эпоста қаһарманның ата-анасы бір перзентке зар болып,
ақырында дүниеге келген бір атаның қуанышы, ер жеткенде бүкіл халық
мақтанышына
айналады. Қаһармандық эпоста тәңірге, әулие-әмбиелерге сыйынып өмірге келетін
перзент ең алдымен ата-ананың тілегі, шаңырағына иелік ететін мұрагер қалдыру
мақсатынан туған. Жырды айтушы ең алдымен батырдың шыққан тегіне назар аударуы
сондықтан Мысалы:
Кешегі өткен заманда,
Қарақыпшақ Қобыланды-
Атасы мұның Тоқтарбай,
Халықтан асқан болды бай,
Байлығында есеп жоқ.
Айдалып бағып жойылды
Төрт-түлік малдың бәрі сай.
Жаз жайлауы көзді көл,
Көзді көлді жайлаған
Қалың қыпшақ жағалай,
Тоқтарбайдың дәулеті-
Ішкені мас, жеген тоқ,
Бай кедейдің көңілі жай.
Қыс қыстауы қараспан,
Қараспан көкке таласқан.
Ат үйірінен адасқан,
Қалың қыпшақ тізіліп,
Қонса қоңыс жарасқан.
Әліп таңба Қыпшақтың
Атасы озған алаштан.
(Қобыланды. –М.М).
Егер бүкіл батырлық жырларды алып, одан шежіреге қатысты дерек іздесек, одан мол
мағлұмат алармыз даусыз. Эпосты жасаушылардың заман ағымы, өмір шындығын дәл
көрсету жолында керемет ізденістер жасағанын тарихи эпостан табамыз:
Үлгі еткен Абылай қазақ ханы,
Үш жүз түгіл алты алаш білген.
Рахаттан қазақ үшін безіп кеткен,
Алла әмірімен артықша туған жан.
Хан еді қазақтағы қолы жеткен.
Үш жүздің баласына еңбек еткен.
Атасы Абылайдың Уәліхан
Өкпелеп хандық үшін ауып кеткен,
Үргенішке жол
тартып кеткен ауып,
Нағашым Ғайып хан да соны тауып
(Абылай хан – М.Ж.)
Абылай ханның арғы тегін шежірелей тарату оған қатысты жыр нұсқаларында
бірінші- жырдың басталуында айтылса, екінші - Әбілмәнсүр (Сабалақ) өз аузынан
баяндалады. Жырдың осылайша басталуның өзі белгілі тарихты көркем баяндаудың бір
ерекшелігі. Абылайдың атасы Уәлі, нағашысы ХҮІІІ ғасырдағы Хиуа ханы Қайыпхан,
одан кейінгі Әбілмәнбет, Төле би – бәрі де шежірелей баяндалып кеткен.
Бұған нақты көз жеткізі үшін бірнеше тарихи жырлардан үзінділер келтірейік:
Бір қисса сөз бастайын Қабанбайдан,
Шын батыр болмаса сөз шығар қайдан.
Соғысқан қазақ-қалмақ заманында,
Ерлігі жұртқа мәлім жорық айдан.
Найманның ұруы Қаракерей,
Таралып халық болып қанат жайған.
Руы Қабанбайдың – Байжігіт ет,
Бақ қонған Қыдыр дарып осы жайдан.
(Қабанбай батыр. Т.М.)
Айдабол он үш жаста би болыпты,
Алтау екен өзінде бар баласы.
Бәйбішеден Жанқозы, Малғозы деп,
Кішісі Кенжеқозы бір данасы.
Тайкелтір тоқалынан туған екен,
Бұлар да үшеу екен бір анасы.
Кенжесі Кенжеқозы жастай өлген,
Айтылар сөз жүйесі солай келген.
Үйсінде Қаратайдай ер болыпты
Қызына Қаратайдың қалың берген.
(Олжабай батыр –С)
Аты – жөнін сұрасаң
Дулаттан бастап таралған.
Жаныстан бастап арналған.
Жарылғамыс, Бәйдебек
Таралғанның Бұқардан
Біреуі еді Сырымбет
.... Сырымбеттің ұлдары
Жеке – жеке ауыл боп,
Өсіп еді желілеп.
Сырымбеттен таралған
Жылқы айдармен алтау еді,
Барлығының ішінде
Өтеғұлдың ұлы көп.
(Өтеген – Қ.Т.)
Тарихи эпостан шежіренің негізін молынан тауып, үш жүздің ата-тегін таратуға
болатындығын дәйектеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: