Манихей діні.
Манихей дінінің негізгі идеясы зороастризм діні сияқты дуалистік идеяларға толы болды.
Манихей дінінің негізін қалаған Мани шамамен 215 жылы дүниеге келген. Алғашында Сасанидтер манихей дініне қарсылық көрсетпей жүрген, бірақ кейін келе бұл діннің мемлекетке және шіркеуге қарсы уағыздарда таратаныны білгеннен кейін манихей дінін ұстаушыларды аяусыз жазалып қуғындады. Ал Маниді түрмеге қамап, 276 жылы оны өлім жазасына кесті. Бұл діннің ұстанушыларына ендігі жерде жасырынуға тура келді, сондықтан да олар батысқа қарай жылжиды.
Кең көлемде жазылған христиандық аңыз әдебиеттерде манихей дінінің ықпалы өте жоғары болғандығы айтылады.
Манихей діні Орта Азияда согдий қалаларында кең таралады. Осы қалалар арқылы біл дін Шығыс Түркістан мен Қытайға тараған. Иранда манихей діні ештееңге қарамастан сақталып қалды, және де өз ықпалын Иран қоғамына тигізді. ІІІ – Ү ғасырларда Иран билеушілері өз жерінде христиан дінін ұсынушылардың жүруіне қарсы болмады, өйткені олардың Римге қарсы соғысында көмегі тиіп қала деп ойлады.
Сун әулеті билігі кезінде (Х-ХІІІ ғасырлар) қытай филосоиялық мектебінің жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасты. Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ағымның ерте Конфуцийшілдіктен айырмашылығы – онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлінеді. ХІ-ХІІ ғасырларда Чжу Си және басқалар арқылы конфуцийшілдер дейтін философиялық бағыт қалыптасты, ол заттарда екі түрлі негіз бар деп үйретті. Олар: Ли – парасатты шығармашылық күш және Ци – енжар материялық. Алғашқысы адамның бойындағы жақсы қасиет – ізгілікке құлшыныс, ал екіншісі – жаман қасиет сезім қызғанышына бой ұруды қалыптастырады. Бұған бәсекелес екнші бағыт болған Лу Цзю-юань Ван Янмин мектебі ХVІ-XVІІ ғасырларда идеялық басымдыққа жетті. ХVІІ-ХІХ ғасырларда классикалық мәтіндерді сыни тұрғыда оқып, табиғатты тәжірибемен зерттеу қолға алынды. ХХ ғасырда батыс философиясы теориялары назарға алынды. Әлеуметтік тәртіп пен реттіліктің бұлжымастығын дәйектей түсу арқылы жаңа Конфуцийшілдік ХХІ ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып келді. Оның Жапония, Корея мен Вьетнамға да ықпалы зор болды.
Синтоизм бұл Жапонияның VI-VII ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. «синто» (құдайлар жолы) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін («ками») білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу–синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы. Синтоизм тас, тау, орман, өзен рухына бас ию.
Синтоизм қағидалары VI-VIII ғасырларға жататын басты үш дереккөзге негізделген, олар: «Кодзики», «Нихон секи» (тарихи-жылнамалық жинақ), «Синсэн седзироку» (генеалогиялық тізімдер).
Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды, ол басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай, әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп отырды. Екінші концепция жер бетіндегі жер қуатын сипаттайды. Үшінші концепцияда табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі (себебі табиғаттың барлық құбылыстары мен адамда камилер өмір сүреді) айтылады. Камилер осы әлемде тіршілік ететіндіктен, о дүниеден пана іздеудің қажеттілігі жоқ. Төртінші концепция көпқұдайлықты көрсетеді, себебі синтоның өзі жергілікті табиғат культтерінен, жергілікті, рулық және тапалық құдайларға табынудан пайда болған Синто дінінде әр түрлі культтердің ортақ сипаттары біріктіріліп, біртұтас рәсімділіктің күрделі жүйесі жасалды. Синтоистік діни табынудың негізінде Аматэрасуға дейінгі ататектен бастау алатын ата-баба культы жатыр. Адам әлемі «ками» әлемінен бөлінбегендіктен, белгілі мағынада адамның өзі де «ками» болып табылады, сондықтан оған о дүниедегі аман қалуды іздеу жат нәрсе. Діни тазалық «камиге» және өз ата-бабаларына деген қастерлеуді, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді, құдайлықпен рухани байланысты қажет етеді. Синтоизм этикасы өте қарапайым: ирригациялық жүйелерді бұзбау, қасиетті орындарды тазалықта ұстау, жан-жануарларға қамқорлықпен қарау.
Аматэрасу культінде айна, семсер және яшма тасынан жасалған әшекейлер бейнеленген. Оларды мифологиялық дәстүрлерге сай, құдай ана жапондықтардың алғашқы императоры ретінде немересі (кейбір деректер бойынша күйеуі) Нинигиді жерге аттандырар алдында оған тарту етіп, бүкіл әлемді нұрға бөлеп, билік құруды, бағынбағандарды бағындыруды өсиет етеді. Мифтегі айна–адалдықты, семсер –даналықты рәміздейді. Бұл қасиеттердің бәрі де император тұлғасында толық көрініс табады. Синтоистік храмдар кещеніндегі ең негізгі Исэдегі храм- Исэ дзингу (VII ғасыр соңындағы негізі қаланса керек). Исэ дзингу Аматэрасудың храмы болып саналады.
Синто дамуындағы маңызды кезең–«Исэ синто» тұжырым дамасының қалыптасуы. Оның басты мақсаты – император культын нығайту. Бұл тұжырымдаманың пайда болуының бір себебі моңғол шапқыншылығы және одан кейінгі (1261-1281 жж.) кезеңдегі храмдардың, әсіресе, Исэ дзингу храмының ықпалы мен беделінің артуы болды. Осы уақытта император әулетінің ілкі тегі әрі қорғаны исэні мекендейтін Аматэрасу культі өте кең таралды. XVI ғасырдың екінші жартысында «исэ синтоның» дамуы белгілі бір адамды құдай деп қарауға жол ашатын жаңа культтің пайда болуына әкелді. Оған императорлық әулетке жақындық емес, сол адамның ірі саяси және қоғамдық еңбегі негіз болды. Бұл XII ғасырдың соңында-ақ елде қалыптасқан жағдайды, билікке әскери-феодалдық ақсүйектердің (самурайлардың) келуін бейнеледі. Олар император әулетінің билігін синто культының саласымен ғана шектеді. Сөйтіп императорда таза номиналды билік қана қалды. Феодалдық дикта тор Ода Нобунага (1534-1582 жж.) елді біріктіру үшін күрес барысында өзін ками деп жариялап, өзіне камидей табынуды талап етті. Оның әріптестері диктатор Тоетоми Хидэйсиде (1576-1596 жж.) құдай деп танылды. Токугава Иэясу (1542-1616 жж.) сегунның (әскери-феодалдық басқарудың бсшысы) өсиеті бойынша оның аруағына табыну үшін бірнеше храмдар мен шырақ орындары салынуы керек болды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995
Достарыңызбен бөлісу: |