Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет51/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, қүқықтық жэне элемге ашық мемлекет кұруға кірісті. Елімізде саяси партиялардың жэне партиялық жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз жэне автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді.

Атамекен жеріміздің тәуелсіз ел екендігін, қүдіретін, байлығын, бірлігін, мақсат-мүратын білдіретін қастерлі рәміздерді қүрмет түту, сыйлау, асқақтата дәріптеу қазақстандық эрбір азаматтың ең қымбатты борышы. Рэміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыртаңба, эстетикалық санат, шартты белгі. Елтаңба, Ty, Әнүран — эрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым — Қазақстан та- рихында мемлекеттік рэміздердің дүниеге келген ерекше мэртебелі күні.

Қазақстан Республикасы туының авторы — Ш.Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгілдір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пэктіктің нышаны, күн — энергия көзі, байлықтың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі — мемлекеттік билікті, кеңдікті білдіреді, еркіндіктің, тәуелсіздіктің, болашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл ту- ымызды даралап түрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған үлттық өрнекті жолақ. Онда "Қошқар мүйіз" деп атала- тын қазақы өрнек салынған. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңба- сының авторлары — Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов. Елтаңба мэңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді. Қазақстан Әнүраны әуенінің авторлары — композитор- лар M. Төлебаев, E. Брусиловский, JI. Хамиди болса, мэтінінің ав­торлары — ақындар M. Әлімбаев, Қ. Мырзалиев, T. Молдағалиев, Ж. Дэрібаева. Әнүранда халқымыздың еркіндікке қүштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағышталған арманы көрініс тапқан. Әнүран патриоттық сезімнің белгісі. Әнүранның эуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мэтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.

2007 ж. 7 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, бүрынғы Әнүранның орнына жаңа Әнүранның мэтіні қабылданды. Еліміздің жаңа Әнүраны — жүртқа эйгілі «Менің Қазақстаным» эні. Оның сөзінің авторы — Жүмекен Нәжімеденов, ал эн әуенінің авторы — Шэмші Қалдаяқов. Жаңа

Әнүранның мэтіні бүгінгі өмір талаптарына сай ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев тарапынан толықтырылды.

Ал 2007 жылы Елбасы Жарлығымен 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді. Бүл — Мемлекеттік рэміздерге де­ген шынайы қүрмет белгісі. Мемлекеттік рэміздерге деген қүрмет — отаншылдық сезімнің aca бір жарқын көріністерінің бірі.

Астана — егеменді Қазақстанның жаңа елордасы. 1997 жылы Ре­спублика Президенті Н.Ә.Назарбаев астананы Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшіру туралы тарихи шешім қабылдады. Бүл та­рихи шешімнің қабылдануына қаланың өте ipi көліктік жолдардың тоғысында, еліміздің үтымды геосаяси орталығында орналасуы себепкер болып, ол көп жағдайда біздің жас мемлекетіміздің келе- шек қарқынды дамуын айқындап берді. 1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданы Астана деп атау туралы шешім қабылданды. Ал 20 ма­мырда «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-дың Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі бо­лып өтті. Біз айрықша қысқа мерзімнің ішінде еліміздің дэл орта- сында жаңа астанамызды түрғыздық. Астана қазақстандықтардың мақтанышына айналды.

Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси инсти- туттар — парламент, 1993 жэне 1995 жылдардағы конституция- лар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты. Қазақстанда көппартиялық жүйе пайда болды. 1999 ж. республикада 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер қүрылды. Ал 2003 жылы саяси партиялардың саны 19-ға жетті. Жаңадан халық арасында танымал "Отан", "Ақ жол" т.б. партиялар бой көтерді.

1995 жылғы желтоқсанда өткен бірінші қоспалаталы парла­мент сайлауынан кейін Қазақстанда қоғамды демократияландыру қадамдары одан эрі жалғасын тапты. Ашық баламалы сайлау, сая­си күрес мәдениеті, көппартиялық жүйеге кең жол ашылды. Оның нақтылы дәлелі ретінде елімізде жүргізілген Президент, Парламент Сенаты, Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауды айтуға бола- ды.

1999 жылғы 10 қаңтарда болып өткен Қазақстан Президенті сайлауына балама негізде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә. Әбділдин, Сенат депутаты Ә.ЕЕаббасов, Мемле- кеттік Кеден комитетінің төрағасы ЕЕ.Қасымов жэне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Прези- дентін сайлауға барлық сайлаушылардың 87,05 проценті қатысты. Дауыс беру қорытындысында Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетіп, қайта- дан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Оған дауыс беруге қатысқан барлық сайлаушылардың 79,79 проценті өз дауыстарын берді.

Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер 1995 жылы қабылданған Ата Заңында өзінің басты көрінісін тапты. Еліміз егемендік алғаннан бері екі Конституция қабылданды. Оның біріншісі — 1993 ж. қаңтарында өмірге келді. Бірақ оның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі бар еді. Бірінші Конституцияны жа- сауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып жатқан саяси-экономикалық жэне әлеуметтік процестерді бірден ой елегінен өткізу, мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми түрғыдан нақты айқындау элі мүмкін болмады. Осындай себептерге байланы­сты жаңа Конституция қабылдау қажеттігі туындады. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық дауыс беру арқылы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.

Жаңа Конституцияға, оның алдыңғысымен салыстырғанда, көптеген өзгеріс, ғылыми қағидалар енгізілді. Егер бүрынғы Ата Заң 4 бөлім, 21 тарау, 131 баптан түрған болса, кейінгісі көлемі жағынан едәуір қысқарып, 9 бөлімнен, 98 баптан түрады. Онда еліміздің экономикалық күш-қуаты мен мүмкіндіктері ғылыми түрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік топтарына тиісті кепілдікті қүқықтар беретін көкейкесті мэселелерді шешу ескерілді. Жаңа Ата Заң қүқықтық мемлекет қүруға бағдарланған. Конституцияның кіріспесінде: "Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайыр- лы, қүқықтық жэне элеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы — адам жэне адамның өмірі, қүқықтары мен бостандықтары",— делінген. Мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы жэне сот биліктеріне болінеді. Конституция бойынша Қазақстан Президенттік республика болып табылады. Президент елдіц ішкі жэне сыртқы саясатыныц негізгі бағыттарын белгілейтін мемлекет басшысы, ец жоғарғы лауазымды адам болып есептеледі.

Конституцияда Парламенттіц орны мен атқаратын қызметі айқын белгіленген. Ол зацдар шығарып, қабылдайтын орган. Парламент — Сенат жэне Мэжіліс палаталарынан түрады. Бүған дейін Парламент- те мүндай екі палата деген үғым болған емес. Жаца Конституцияда екі палаталы парламенттіц ерекшеліктері де жан-жақты корсетілген. Жоғары мемлекеттік органдар жүйесіндегіүкіметтіц тиісті орны, сот билігініц, прокуратураныц қызметтері де айқындалған. Бүрынғы

Ата Заңда көрсетілген, бірақ жете тиянақталмаған көптеген маңыз- ды мэселелердің түйіні кейінгі Конституцияда жаңаша шешілген. Оны, әсіресе, жер, тіл, азаматтық, негізгі қүқықтар мен бостандық си- паты туралы, қос палаталы парламент қүрылымы жэне Президентті айып тағу арқылы қызметтен кетіру мэселесі жөніндегі баптар мен тармақтардан айқын көруге болады.

Қорыта келгенде, біздің жаңа Конституциямыз, еліміздің рә- міздері халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы аңсаған шынайы егемендікке қол жеткізгендігінің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан, республикамыздың эрбір азаматы Ата Заңымыздың мазмүнын жете біліп, оның талаптары мен қағидаларын мүлтіксіз сақтауға, мемлекеттік нышандарды қүрметтеуге міндетті.

2007 жылы мамырда «Қазақстан Республикасының Конституци- ясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды. Ол республика халқы тарапынан түсіністікпен жылы қабылданды. Конституциялық реформалардың негізгі мақсаты — қоғамды одан эрі демократияландыру. Бүл жаңа өзгерістер мен толықтырулардың негізгі мэні қандай? Біріншіден, президенттік жүйеден басқарудың президенттік-парламенттік моделіне көшудің конституциялық негізі қаланды. Елбасы өз үсынысымен біраз өкілеттілігін Парламент- ке берді. Конституцияға осыған байланысты бірқатар өзгерістер енгізілді. Парламенттің қүзіреті едәуір кеңейтілді. Президенттің қүзіреті біршама шектелді. 2012 жылдан кейін Президент 7 жылға емес, 5 жылға сайланатын болды. Мемлекет басшысы ел басқарудағы міндеттер мен жауапкершілікті Парламентпен бөлісті. Президент Үкімет басшысын саяси партиялардың фракцияларымен ақылдасып- кеңесуден кейін эрі Мэжіліс депутаттары көпшілігінің келісімімен ғана тағайындайтын болды, яғни Президент үкіметті жасақтауды Мәжіліспен келісіп шешеді. Енді Премьер-Министрді бекітуде, де- мек бүкіл Үкіметті де бекітуде басты рөл Мәжіліске беріледі.

Парламенттің мэртебесін көтеретін бірқатар өзгерістер енгізілді. Біріншіден, оның сандық қүрамы өсті. Мэселен, Мәжілісте енді 107 депутат болады. Екіншіден, оны сайлаудың түрі өзгерді. Бүрынғыдай мажоритарлық жүйемен жеке округтер бойынша емес, пропор- ционалды негізде партиялық тізім бойынша сайланады. Депутаттар сайлаудың пропорционалдық жүйесіне көшу саяси партиялардың қоғамдағы рөлін арттыруға, эрі депутаттардың сапалық қүрамын жақсартуға көмектеседі. Парламент бюджетті бекітуге ғана емес, оның орындалуына да бақылау жасай алады. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бекітілген бюджеттің орындалуы туралы есебін қарап бекітеді. Егер оны бекітпесе, бүл Үкіметке білдірілген сенімсіздік деп танылады. Мәжілістің Үкіметке сенімсіздік білдіруі үшін бүрынғыдай депутат- тар дауысының үштен екісінің емес, депутаттардың жай көпшілік дауысы жеткілікті болады. Сөйтіп, Конституцияға енгізілген түзетулерге сэйкес Үкіметтің Мемлекет басшысының алдында ғана емес, Парламент алдында да жауапкершілігі белгіленеді.

Сонымен бірге қазір, Конституцияға енгізілген өзгерістерге сэй­кес Мэжілістің 9 депутаты Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайла­нады. Сенат депутаттарының бір бөлігі Ассамблеямен кеңескеннен кейін тағайындалады. Сенат та көп өкілеттілікке не болады. Ол Үлттық банктің төрағасын, Бас прокурорды, Үлттық қауіпсіздік комнтетінің төрағасын тағайындау жэне оларды қызметтен боса­ту жөнінде Презпдентке келісім береді. Сенат қүрамы республи­ка Президенті тағайындайтын 15 депутаттың есебінен көбейтілді. Парламенттегі 154 депутаттың 47-сі сенаторлардан қүралады. Се­нат пен Мәжілістің бірлескен отырысы ең қажетті жағдайда өтеді. Көбінесе өздері жеке жүмыс істейді. Мэжіліс өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сенат бүкіл Парламент үшін жүмыс істей береді.

Конституциялық реформа бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жаңа деңгейге көтеріледі. Мэслихаттардың бүл бағыттағы мәртебесі күшейтіледі. Жергілікті мэслихаттар мен олардың депутаттарының өкілеттілігі кеңейтілді. Олардың өкілеттік мерзімі 4 жылдан 5 жылға үзартылады. Мәслихаттар жергілікті әкімдерді тағайындауға келісім береді. Ендігі жерде облыстардың, қалалар мен аудандардың әкімдері сол деңгейлердегі мэслихаттардың келісімімен ғана тағайындалатын болады. Сондай-ақ мәслихаттарға басым көпшілік дауыспен экімдерге сенімсіздік білдіру, оларды қызметінен босату жөнінде мәселе көтеру қүқығы берілді. Осылайша, мәслихаттар мен олардың депутаттарының саяси рөлі арта түседі. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізі мәслихаттар болатыны Конституцияда баянды етілген.

Конституциялық реформада саяси партиялардың қоғамдағы рөлін күшейтуге көп негіз жасалған. Сайлауда жеңіске жеткен партия үкімет жасақтауға мүмкіндік алады. Конституциядағы қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынған тыйым алынып тасталды. Енді саяси партиялар бүл қаржыға иек арта алады. Республика Президентінің өз өкілеттілігін атқару кезінде саяси партиялардағы өз қызметін тоқтата түратындығы ту- ралы 43-баптағы 2-тармақ алынып тасталды. Енді Президенттің са­яси партияны басқаруға қүқығы бар. Бүл да саяси партияның рөлін арттыра түспек.

Сот жүйесінің тэуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара­лар ескерілді. Судьяны іріктеу-таңдау бір жүйеге келтіріліп, Жоғарғы Сот Кеңесінің қарауына берілді. Бүдан былай барлық деңгейдегі соттардың судьяларын тағайындауға үсынымды Жоғарғы Сот Кеңесі жасайтын болады. Адамдардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғау біршама жақсартылған. Елімізде 2004 жылдан бері өлім жазасына мораторий жарияланған болатын. Енді өлім жазасы ic жүзінде қолданыстан шығарылды. Өлім жазасын жою заңды түрде енгізілді. Жаңа өзгерістерге байланысты біздің елімізде адамдарды апатқа үшыратуға соқтырған террорлық қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс кезінде ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ғана адамдарға өлім жазасы қолданылады, эрі олардың кешірім жа­сау туралы өтініш ету қүқы да қарастырылған.

Сондай-ақ азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын сақ- тауға бағытталған Конституцияның 16-бабының 2-тармағы жаңа редакциямен қабылданды: Заңда көзделген реттерде ғана жэне тек қана соттың санкциясымен түтқындауға жэне қамауда үстауға бо­лады, түтқындалған адамға шағымдану қүқығы беріледі. Прокура­тура органдары бүл қүқықтан айырылады. Соттың санкциясынсыз адамды 72 сағаттан аспайтын мерзімге үстауға болады. Мүның өзі адам қүқығын сақтауға бағытталған оң өзгеріс болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет