Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет37/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60

Алайда, бүл жүргізілген шаралар колхоздарды нығайта ал­мады. Ауылшаруашылық өндірісінің өнімділігін арттырып, мал шаруашылығын өркендете алмады. Керісінше ауылшаруашылық артельдерінің жер пайдалану тэртібін бүзу орын алды. Колхозшылар тарапынан колхоз меншігіндегі жерлерден үй маңындағы жерлерді кеңейту кең өрістеді. Үй маңындағы жерлерді кеңейту көптеген кол­хоз мүшелерінің колхоз ісіне деген селқостығын күшейтті. Осыған байланысты Кеңес үкіметі колхоз жерлерін тиімді иелену мәселесін көтеруге мэжбүр болды. Колхоздарды одан эрі нығайту шарасының бір бөлшегі ретінде ауылшаруашылығы артельдерінің тэртібін бүзушыларға қарсы күресті бастады. Үй маңындағы жерлерді өлшеп, артық жерлерді колхозға қайтарды.

Большевиктер шаруашылыққа тікелей араласуды тоқтатпады. Мал шаруашылығының артта қалуын тікелей араласу жолымен шешуді көздеді. 1939 жылы 8 шілдеде БК(б)П Орталық комитеті "Колхоздарда қоғамдық малды дамыту шаралары туралы" қаулы қабылдайды. Осы қаулыда колхоздарда екі-үш тауарлы фермалар (оның ішінде біреуі ipi қара мал, екіншісі қой немесе басқа түліктен) қүру белгіленеді. Осыған орай колхоздар мал санын арттыруға ын- таланады деген есеппен жаңа ет өткізу жүйесін белгілейді. Алайда, бүл негізінен колхоздарды күштеп малдың үстауға тиімсіз түрлерін дамытуға итермелеген шаралар болды. Колхоздардың еріктілігі шектелді, экімшілік басқару жүйесі одан эрі күш алды.

Сонымен, Кеңес үкіметінің ауыл шаруашылығын социалистік жолмен қайта қүру жолында жүргізген шаралары тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бүл реформалар шаруалардың еңбекке деген ын- тасын жойды. Соған қарамай большевиктер ауыл шаруашылығын социалистік жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи эртүрлі жаңа шаралар жүргізіп отырды.

4. Қоғамдық-саяси өмір



Өлкенің қоғамдық-саяси өміріне бағыт-бағдар берген бірінші бүкілқазақтық партия конференциясы 1921 ж. маусымда болды. Ол елдегі экономикалық жағдаймен қатар қоғамдық-саяси өмірдің мэселелерін қарастырып, ауылда социалистік қүрлысты жүзеге асыруды міндеттеді. Осы міндетті жүзеге асыру үшін ең алдымен кеңестердіқүрумәселесінқолғаалды. 1921 жылыҚазақстанОрталық Атқару Комитеті кеңестерге сайлау ережесін бекітті. Осы ереже бойынша селолық, ауылдық жэне қалалық кеңес депутаттарының мерзімі 6 ай болды. Губерниялық, уездік жэне болыстық атқару комитеттері 6 айға, ал ҚОАК-ті — 1 жылға сайланды. Кеңестердегі халық өкілдерінің нормаларын көбейтті. 150 түрғындары бар ауыл- дарда кеңестер қүрылды, яғни 50 түрғынға бір депутат сәйкес келді. Бүрын кеңестер 300 түрғындары бар ауылдарда қүрылуға тиіс еді.

Республикадағы Кеңес үкіметін қүру үрдісі өте қиын жағдайда жүрді. Большевиктер үшін капиталистік елдер қоршауында түрып социализмді экономикасы артта қалған елде жүзеге асыру өте күрделі болды. Сонымен қатар социализм идеясы қазақ қоғамына жат еді. Соған қарамай Кеңес үкіметі түтас Ресей аумағындағы халықтарды біріктіруге күш салды. Ресейдегі халықтарды біріктіру мәселесі партияның Орталық комитетінде талқыланды. Бүл мәселе бойынша екі пікір болды. Сталин «автономизация» идеясын үсынды, яғни барлық үлттарды, барлық кеңестік республикаларды РКФСР қүрамына автономия қүқында ендіру. Ленин кеңестік респу- бликалар одағын қүруды үсынды. 1922 жылы Орталық комитеттің қазан пленумында Украина, Белоруссия, Закавказ республикала- ры жэне РКФСР арасында KCPO қүру жонінде келісім жасау қажет деп қаулы қабылдады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Мәскеуде KCPO Кеңестерінің бірінші съезі болды. Съезд KCPO қүрылғандығы ту­ралы декларацияны жэне одақтық келісімді қабылдады. Съезд ең жоғарғы заң шығарушы орган KCPO OAK сайлады. Қазақстан KCPO қүрамына РКФСР қүрамындағы автономиялық республика болып енді.

Алайда, республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі толғағы жеткен мэселелерді шеше алатын, жергілікті халыққа түсінікті жэне де жақын кеңестік мемлекеттік аппарат қүру өте қиын болды. Жаңа кеңестік экімшілік аппаратына жүмысқа тартуға жарайтын, жергілікті халық арасынан шыққан, даярлығы бар адамдар өте аз болды. Әкімшілік орындарындағы еуропалық үлт өкілдерінің көбісі шовинистік пиғылдағы қызметкерлер болды. Олар жаңа биліктің жергілікті халықтың талап-тілегіне, мүң-мүқтажына сай жүмыс істеуін қамтамасыз етпеді.

Кеңес үкіметі экімшілік басқару орындарын жергіліктендіру — қазақтандыру саясатын жүзеге асыруды қолға алды. Алғашқы кез­де Кеңес үкіметі амалсыздан Алаш зиялыларын өлкедегі кеңестік қызметтерге пайдалануға мэжбүр болды. Себебі, қазақ зиялы қауымының басым бөлігі алашордалықтар болды. Сондықтан да большевиктердің бүрынғы партиялылығы мен саяси белсенділігін есепке ала отырып, көптеген зиялыларды жүмысқа тартуына тура келді.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында жергіліктендіру шарала- ры кеңес жэне партия аппараттарында қазақтардың үлесін көбейту түрінде көрініс берді. Алайда, Қазақстанға Ф. Голощекиннің басшы болып келуіне байланысты оның сипаты өзгерді. Ол жергіліктен- діруді бүрын едәуір ауқым алып келген қазақ үлтының өкілділігі туралы мәселенің орнына қазақ бүқарасының өзін кеңестендіру мэселесіне айналдырды. Яғни, Қазақстанның жаңа басшысы қазақтандыру саясатын үлттық мәнінен біржолата айырып, оны таптық арнадағы кеңестендіру шараларына қосып жіберді.

Қазақ АКСР-нің ОАК-ті қазақ жэне орыс тілдерін пайдалану тэртібі туралы декрет қабылдады. Декретте кеңес үкіметінің заң қүжаттарын екі тілде жариялау, жоғарыдан төменге дейін екі тілде қатынас жасау міндеттері белгіленді. Осыған орай Қазақстан өкіметі барлық халық комиссарлары мен ҚОАК-нің мүшелеріне қазақ тілін жедел игеруге кірісуді үсынды. 1923 жылы 22 қарашада "Ic қағаздарын қазақ тілінде жүргізу туралы" жаңа декрет қабылданып, барлық облыстар мен кейбір уездерде 1924 жылдың 1 қаңтарынан іс-қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді үсынды. Бүл науқан көптеген жерлерде қазақтардың орыс тілінен мүлде хабарсыздығынан, ал пар­тия жэне кеңес қызметіндегі еуропалық үлт өкілдерінің қазақтардан мүлде оқшауланып қалғандығынан, Кеңес үкіметінің амалсыздан жүргізген шарасы еді. ҚОАК-ті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысымен ic қағаздарын қазақ тілінде жүргізуге көшірудің соңғы мерзімі 1927 жылдың 1 қазаны болып белгіленді.

Кеңес үкіметі өлкеде сауатсыздықты жою, яғни өлке түрғын- дарының сауатын ашу мэселесін көтерді. Әсіресе, ол үкіметтің 1929 жылы "Сауатсыздықты жою жөніндегі жүмыс туралы" қаулысынан кейін кең өрістеді. Алайда, сауатсыздықты жою шаралары қаржы тапшылығы, мүғалімдердің, оқулықтар мен оқу қүралдарының жетіспеуі сияқты үлкен қиыншылықтарға тап болды.

Жастарға білім беруді жақсарту үшін мектептер ашу ici қолға алынды. 1928/29 оқу жылында 4397 бастауыш, 142 жетіжылдық, 29 екінші сатыдағы мектептер жүмыс істеді. Білім беру саласын- да үлттық мектептер жүйесі қалыптаса бастады. 1927 жылы қазақ мектептерінің саны 1600 болды. Алайда осы мектептердің ішінде мектеп үйі барлар саны 40-қа әзер жетті. VI партия конферен- циясында мектептердің көбі тек қағаз жүзінде екені, ауылдағы мектептердің үйі жоқ, үйі болса орындықтары жоқ, орындықтары болса оқулықтары жоқ екені атап көрсетілді. Соған қарамастан мек­теп жасындағы балаларды оқуға тарту жүмыстары жүргізілді. 1935 жылы мектеп жасындағы балалардың 91% оқуға тартылды. 1935/36 оқу жылында алғаш рет 11 қазақ баласы орта мектепті бітірді.

Кеңес үкіметі Қазақстанда ғылымды қалыптастыру мәселесімен де айналысты. Алғашқы ғылыми-зерттеу мекемелері: 1922 жылы — Денсаулық халкомының қасынан өлкелік химия-бактериологиялық лабораториясы, 1924 жылы — өлкелік өсімдікті қорғау станциясы, 1925 жылы — санитарлық-бактериологиялық институты ашыл- ды. 1932 жылы Қазақстанда 12 ғылыми-зерттеу институттары, 15 тэжірибе станциялары, 186 лабораториялар мен т.б. ғылыми орталықтар жүмыс істеді. Осы кезде KCPO FA-ның қазақстандық базасы қүрылып, 1938 жылы KCPO ҒА-ның филиалына айналды. Геология жэне биология ғылымдарының нэтижелері бүкілодақтық көлемде танымал болды.

20—30 жылдары ЖАймауытов, А.Байтүрсынов, М.Жүмабаев, Ш.Қүдайбердиев шығармалары кең көлемде пайдаланылды. Ақын М.Жүмабаевты замандастары өте жоғары бағалаған. Оның поэзия- сы өзінің нәзіктігімен, жаңашылдығымен, адам жанының тазалығы мен сүлулығын терең меңгергендігімен ерекшеленді. М.Жүмабаев өзінің шығармаларында жалпы адамзаттық қүндылықтарды, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілікті жырлады.

Кеңес үкіметі үлттық эдебиеттің орнына кеңестік эдебиет пен өнердің қалыптасуына жағдай жасады. Осы кезде социалистік әдебиеттің негізі қаланды. С.Сейфуллин, С.Торайғыров, Б.Майлин, И.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мүқанов, Ғ.Мүсірепов, Т.Жароков, Ғ.Орманов жэне т.б. кеңестік қазақ прозасы мен поэзиясының көрнекті өкілдері қалыптасты.

1926 жылы кэсіби театр өнерінің алғашқы қарлығашы қазақ драма театры ашылды. Оны Ә.Қашаубаев, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқүлов, Е.Өмірзақов, Қ.Жандарбеков сияқты, кейін қазақ театр өнерінің майталмандары болғандар үйымдастырды. Әнші Ә.Қашаубаев Париж, Франкфурт-на-Майне сияқты Еуропаның ipi қалаларының концерт залдарында өз өнерін көрсетті. Соғыс қарсаңында республикада қазақ мемлекеттік академиялық дра­ма театры, республикалық орыс драма театры, қазақ мемлекеттік опера жэне балет театры, үлт аспаптар оркестрі, симфониялық ор­кестр, республикалық қуыршақ театры жүмыс істеді.

Алайда, Кеңес үкіметі таптық мүддені үлттық мүддеден жоғары қойды. Жалпы мәдениетті екіге бөлді: буржуазиялық жэне пролетарлық. Сондықтан да қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлі мәдени мүралары, ескі феодалдық қүрылыстың қалдықтары деп, үлттық санадан аластатылды. Сонымен бірге халықтың тарихи ca- насын жоюға бағытталған шараның бірі 20- жылдардың аяғында ғасырлар бойы пайдаланып келген араб алфавитін латынға ауы- стыру, сосын оны 1940 жылы кириллицаға ауыстыру болды. Соның нәтижесінде бір үрпақтың ғана ғүмырында қазақтар өзінің төл жа­зуымен дүниеге келген үлттық рухани мәдениеттің жетістіктерінен айырылды. Бүл жүргізілген шаралардың бэрі де большевиктік тэртіптің күшейгенін, экімшіл-эміршіл жүйенің толық орныққанын көрсетеді.

Большевиктер партиясы демократиялық мемлекет қүрамыз, үлт мәселесін үлттардың өзін-өзі билеу принциптерімен шешеміз деп көлгірсігенімен, шын мэнінде, олар партияның ықпалын артты- pa отырып, бір орталыққа бағынған мемлекет қүрды. Большевик­тер қүрған қазақ автономиясы дербес автономиялық республика атанғанымен, Ресейдің бөлінбес бөлшегі болды. Өлкені басқару мэселесі жергілікті үлт өкілдерінің қолына толық берілмеді. Шын мэнінде, бүл Қазақстанды кеңестік саяси отарлау еді.

Большевиктердің үлттық аймақтарда жүргізіп отырған саясатын ашық айыптап, оның бет пердесін айқындаған M. Шоқай болды. Ол XX ғасырдағы қазақ саяси эмиграциясының тарихын бастау- шы болды. Эмиграция сөзінің мағынасы экономикалық, саяси жэне діни себептерге байланысты өз еркімен немесе еріксіз басқа мемле- кетке қоиыс аударуды көрсетеді. Түркістаи саяси эмиграциясы тари­хи көрініс ретінде 1917 жылғы Ресейдегі революциялық сілкіиістер иэтижесіиде иайда болды. Қоқан автономиясы қуылғаи соң M. Шоқай Францияға қоныс аударады. Онда ол Париждің "Дни", "По­следние новости" газеттерінде Түркістандағы ішкі саяси жағдайға талдау жасаған мақалаларын жариялайды. 1929—39 жылдары ол "Яш Туркестан" журналын (117 нөмірі жарық көрді) шығарып, оның беттерінде кеңестік Түркістан мен дүние жүзіндегі оқиғаларға кең сыни талдау жасайды.

Большевиктердің елде кеңес үкіметін орнату жолдары мен әлеу- меттіксаладағысоциалистікқайтақүрусаясатықазақзиялыларының қарсылығын туғызды. Алайда, осы социалистік қайта қүру саясатын жүзеге асыру үшін белгіленген реформаларды пікір-талас негізінде талқылап, олардың дүрыс-бүрыстығын анықтаудың орнына партия басшылары, өз көзқарастарын білдірген қазақ партия жэне кеңес қайраткерлерін айыптады. Өлкедегі жалпы большевиктік айыптау жэне қуғындау саясатының ең алғашқысы түрікшілдікті айып­тау болды. 1920 жылдың 20—26 қаңтарында Ташкент қаласында Түркістан коммунистік партиясының конференциясы өтеді. Онда мүсылмандар бюросының төрағасы Т.Рысқүлов "¥лт мэселесі жэне үлттық коммунистік секциялар" туралы баяндама жасады. Онда Түркістан республикасында Ресейден түбірлі айырмашылығы бар үлт саясатын жүргізу үшін ең алдымен негізі берік саяси үйым қүру қажеттілігі туралы айтылды. Конференция T. Рысқүлов үсынысымен жаңа саяси үйымды "Түрік халықтарының коммунистік партиясы" деп атауға шешім қабылдады. T. Рысқүловтың түрікшілдік идеяны жүзеге асырудағы ең батыл қадамы Мүсбюроның төтенше III конфе- ренциясында (1920 жылы 25 қаңтар) "Түркістан автономиялылығы туралы" тезистерін қабылдау болды. T. Рысқүловтың Түрік респу- бликасын қүру туралы идеясы келешектегі түрік мемлекеттерінің конфедерациясын қүруға апаратын жол еді. 1917 жылы Түркістан (Қоқан) автономиясын үйымдастырған Мүстафа Шоқайдың арма- ны да осындай конфедерациялық мемлекет қүру еді. Алайда, боль­шевиктер Т.Рысқүловтың "Түрік республикасын қүру" туралы иде- ясына қарсы шығып, үлтшыл деп айыптады.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет