Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет53/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60

Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Қазан төңкерісінен кейінгі индустриялан­дыру, үжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістерге революциялық сипат беру. Ал біздің халық бүл үрдіске үйренбеген жэне ол халықтың психологиясына келе бермеді. Әсіресе, ауыл шаруашылығын жекешелендіруде үкімет асығыстық жіберді. Дағдарыс жағдайында бой көтерген жеке фермерлер басқа халықты асырамақ түгіл, өзін-өзі эрең асырап отырды. Нәтижесінде 1993—1995 жылдарға арналған бағдарламалардағы инфляцияны төмендету, өндірістің қүлдырауын тоқтату жэне өндірістің үлғаюы үшін жағдайлар жасау жоспарынан еш нәрсе шықпады. Сондықтан мақсатты нүсқамалар түрінде 15 айға арналған қосымша бағдарлама қабылданды. Оның оң нәтижесі деп инфляцияның баяулауын айту- ға болады, бірақ өндірістің қүлдырауын тоқтату мүмкін болмады. 1992 жылы өндірістің қүлдырауы біршама түрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%-ке, 1993 жылы — 28%-ке, 1994 жылы 48%-ке, ал 1995 жылы — 45%-ке жетті.

Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996—1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі де­ген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын жэне орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды қүру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.

Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалған стратегиялық бағдарламалық қүжатқа мүқтаж бо- латын. Олар "Қазақстан — 2030" ел дамуының Стратегиясын- да түжырымдалды. 1997 жылдың қазан айында Президент Н.Э.Назарбаев республика халқына "Қазақстан — 2030" деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың жэне жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе "Қазақстан барысын" қалыптастырудың жаңа бағдарламасын үсынды. Бағдар- ламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы жэне стратегиялық үзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді. Онда елдің ішкі бекем түстарын жэне сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы үзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) үлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси түрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен эл-ауқатын көтеру; 5) энер­гетика ресурстарын жете пайдалану; 6) инфрақүрылым, көлік жэне байланысты дамыту; 7) демократиялық кәсіби мемлекетті қүру.

Тек осы aca маңызды шараларды іске асырғанда ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі жэне эл-ауқатының артуы мүмкін екендігіне сенім білдірілді.

"Қазақстан — 2030" бағдарламасының талаптарына орай соңғы жылдары еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайту, әлемдік стандарттарға сай түзілген заңнамалық-қүқықтық базаны жетілдіру жөнінде орасан зор жүмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, биліктің, сот жэне қүқық қорғау органдарын қоса алғанда, оның барлық тармақтарының қүрылымы мен қызметінің қағидаттары едәуір жетілдірілді. Сондай-ақ, демократия мен азаматтық қоғам инсти- туттары даму жолына түсті. Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең қүқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыптасқан әріптестік саяси жэне экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық үйымдарда, соның ішінде, Б¥¥-да белсенді жүмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік жэне терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді.

"Қазақстан — 2030" стратегиясында көрсетілгендей, эсіресе, соңғы жылдары республикада түрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000—2002 жылда­ры жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды қүрады. Cay- атты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бүл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестиция- лар тарту жөнінен көш бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі aca ipi компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндеттерді шешіп берді: Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезеңде 25,8 миллиард долларды қүрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1- орынды алады.

1994 жылдан 2007 жылдың аяғына дейін еліміз өз экономикасына әлемнің 60 еліиеи 70 миллиард доллардан астам тікелей инвестиция тартты. Бүгінде Орталық Азияға келген барлық инвестициялардың 80% Қазақстан еншісінде. Ал экономикаға қосылған ішкі инвести- циясының көлемі қазіргі күні 80 миллиард доллардан асып түсіп отыр. Сонымен қатар, Қазақстан басқа елдерден келген инвестиция көздерін өз экономикасын көтеру ісіне тиімді пайдалана отырып, енді басқа елдерге де инвестиция сала алатын донор мемлекетке ай- налды. Қазір оныц қаржысы Ресей мен өцірдегі елдерге, Түркия мен Кавказ елдеріне, Қытай жэне басқа да алыс-жақын шет ел экономи­касына салынып жатыр (Егемен Қазақстан. 15.12.2008).

Әлемдік децгейдегі менеджмент қызметі қүлдырау жағдайында болған aca ipi кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді. Әлемдік рынокқа шығу жэне әлемдік шаруашылық байланысқа белсенді кірігу қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаца кезец — жаца экономика.— Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2004).

Осыныц нәтижесінде республика экономикасыныц барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканыц жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді үлғайту болып табылады. Мысалы, стати­стика мәліметтері бойынша, 2004 жылдыц I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мыц зацды түлғаныц 192,7 мыцдайы жекеменшік секторға келеді. Бүл жалпы санныц 98%-i, өцдеу саласында бүл үлес — 98%-ті; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5%-ті қүрайды. Коптеген экономикалық процестердіц нақты қатысушысы жекеменшік иесі болып отыр. Оныц мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кецінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-қүлық қалыптастырды. Әсіресе, шағын кэсіпкерліктіц дамуы атап корсетуге түрарлық.

"Қазақстан — 2030" бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздіц басты табыстары мен жетістіктері — мемлекет- тің қауіпсіздігін нығайту жэне экономикалық өрлеу болды. Бүл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, эл-ауқатының артуына кең өріс ашты. Қазір біздің республикада нарықтық экономиканың іргесі қаланып қана қойған жоқ, сонымен қатар барлық қазақстандықтардың игілігі үшін ішкі ресурстары мол әлеуметтік-экономикалық дамудың нақты нышандары қалыптасты. Оған дәлел ретінде элемдегі ең күшті мемлекет — АҚШ-тың Қазақстанға нарықтық экономикасы бар ел мэртебесін беру тура­лы шешімін ерекше атап көрсеткен жөн. Бүл АҚШ басшылығының, американдық іскер топтар мен сарапшылардың қазақстандық реформалардың жетістіктерін мойындауы болып табылады. Сөйтіп, Қазақстанның ТМД елдері арасында осы мэртебені бірінші болып алуы кездейсоқтық емес. Бүл шешім Қазақстанға қатысты АҚШ жэне тағы басқа дамыған елдер тарапынан экономикалық шек- теулер мен түзетулерді алып тастаудан өзінің көрінісін тапты. Ол болашақта республиканың нарық қатынасына көшкен ел ретінде Дүниежүзілік сауда үйымына кіруінің оңтайлы алғы шарты болып табылады.

Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықтың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі — Қазақстан), тек 11 ел ғана — нарықтық қатынасқа элі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам қүрып жатырмыз. Сол себепті де Қазақстан байлығының 80 пайыздан астамы жекешелендірілген, қазірдің өзінде респу- бликамызда 500 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектілер қүрылған. Онда 2 млн.-нан астам адам жүмысқа тартылған. Кәсіпкерлік — күнкөрісіміздің көзіне айналды. Дамыған елдердегідей "кәсібің — нәсібің" деген үстаныммен өмір сүруге көштік.

Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт үстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жүмыс істеп жатқан нарық экономикасын қүрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жүмыс істеп түрған нарықтық экономика бар.

Нарықтық экономикаға көшу бастапқыда өнеркәсіптің дамуы­на жол ашпады. Халық шаруашылығының бүл саласын дамы- туда көптеген қиыншылықтар кездесті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары өнеркәсіп салалары, әсіресе, ауыр индустрия, халыққа aca қажет жеңіл өнеркәсіп орындары біртіндеп тоқтай бастады. Кәсіпорындардың көпшілігі қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе қаржының жетіспеуінен өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі қүрылыстың қысқаруы экономикаға кері эсер етті. Экономиканың түрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді. Өнеркэсіп орындарының жарты- сы 1992 жылы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндірістің қүлдырауына жол берді. Халық түтынатын тауарлар күрт азайып кетті. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бес- тен бір бөлігін ғана қүрады, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5%-ке кеміді. Республика бойынша мүнай мен көмір өндіру қысқарды. Металлургия өнеркәсібінде күрделі жағдай қалыптасты: шойын, болат, прокат қүю азайды. Түсті металлдар өндірісі қыс- қарды. Қүрылыс жэне ауыл шаруашылығы техникаларын шығару едәуір кеміді.

Күрделі қүрылысты қаржыландыру көлемі 40 пайыздан астам қысқарды, нәтижесінде 1992 ж. мемлекеттік тапсырыс бойынша іске қосылуға тиісті 32 өндірістік қуаттар мен объектілердің тек 2-уі ғана іске қосылды.

Өнеркәсіптің қүлдырауы 1993 жэне 1994 жылдары да тоқтамады. 1993 жылы 1990 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімі 16,1%- ке азайды. Ал 1994 жылы 1992 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 39%-ке, халық түтынатын тауарлар 41%-ке кеміді. Дегенмен 1995 жылы өнеркэсіп өнімінің төмендегеніне қарамастан, оның жекелеген салаларында 1994 жылмен салыстырғанда біраз өсім байқалды.

1996 жылы республикадағы кәсіпорындарды реформалау жэне жеке жобалар бойынша ipi объектілерді жекешелендіру жөніндегі жүмыс қарқын алды. Бірақ осыған қарамастан өндірістің қүлдырауы тоқтамады. Тек 1996 жылдың соңына қарай өнеркәсіптің қүлды- рауы кейбір салаларда тоқтап, кейіннен біраз өскендігі байқалды.

Өндірістің қүлдырауының басты себебі — Одақ бойын­ша бүрынғы қалыптасқан шаруашылық қатынастардың үзілуі. Өнеркәсіптің артта қалуының тағы бір себебі — оның шикізат өндіруге бейімделген сыңаржақтылығында, дайын тауар өндіретін, әсіресе, машина жасау салаларының жоқтығында болды. Одан басқа, мемлекет экономиканы басқарудың тізгінін босатып алды, халық түтынатын тауарларды шығаруды өз бетімен жіберді, жаңа технология мен техниканы пайдалану, оны өндіріске енгізу ici ақсап жатты.

Жоғарыда айтылған қиындықтар мен кемшіліктерді жою үшін 1999 жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандан- дыруда бірсыпыра шараларды іске асырды. Жеңіл өнеркәсіпті да- мыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Соның нәтижесінде 1999 жылы мүнай-газ өндіру, металлургия, химия, полиграфия жэне тоқыма-тігін өнеркәсіптерінде өнімнің өсуіне қол жеткізілді. Жыл соңында жалпы өнім өндіру 1%-ке, ал өндіріс көлемін арттыру l,8%- ке өсті. Елдің алтын қоры 2 млрд. долларға жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет