Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет56/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60

1991 жылы қазанда жетекшілері О.Сүлейменов пен М.Шаханов болған Қазақстан Халық Конгресі партиясы қүрылды. Сондай- ақ, бірқатар коммунистер бүрынғы Қазақстан Коммунистік партиясының қызметін қайтадан қалпына келтіруге әрекет жасады.

Барлық саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың алдын­да тек демократиялық жолмен, Конституция талабына сай қызмет ету мақсаты қойылды. Олар парламенттік партияларға айналу, сайлаушылардың көп дауысына ие болу үшін күрес жүргізді. Бүл саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар тек қүқықтық жағдайда өзара түсінісу, келісу арқылы байланыс жасап отыруға тырысты.

Қайта қүру жағдайында Қазақстанның қоғамдық үйымдарында да сапалық жаңа өзгерістер іске асты. 1991 жылы қазан айында Қазақстан комсомолының кезектен тыс XVIII съезі болып өтті. Съезд делегаттары республика комсомолын Қазақстанның жастар одағына ауыстыру жөнінде шешім қабылдады. Оның алдында ре­спублика жастарының қүқықтары мен мүдделерін қорғау міндеті қойылды.

Осы кезде кәсіподақтың жергілікті, әсіресе, бастауыш үйымдары- ның рөлін көтеруге ерекше мэн берілді. Олар өздерінің мүшелерінен жиналған қаржыларды үйым қажетіне жүмсауға толық ерік алды. Қазақстан Орталық кәсіподақ комитеті жэне облыстық кәсіподақ комитеттері салалы кәсіподақ Кеңестері болып қайтадан қүрылды. Соңғы жылдардағы кәсіподақ үйымдарының негізгі қол жеткен та- бысы — ол эртүрлі саяси жэне мемлекеттік үйымдардан тәуелсіздік алды. Бүқара халықтың мүддесін қорғауда олар көптеген элеуметтік- экономикалық мэселелерді мемлекеттік жэне шаруашылық органда- рымен тең дэрежеде келісе отырып шеше алатын жағдайға қолдарын жеткізді.

Сондай-ақ бүл жылдары эйелдер кеңесіне балама үйымдар эдеттен тыс төменнен пайда болды. Солдат аналарының комитеті, Қазақстан мүсылман эйелдерінің лигасы, көп балалы аналар, жанүялар одағы, "Айша", "Ақ отау" жэне Іскер эйелдер қауымдастығы қүрылды. Сөйтіп, республикада 1991 жылы барлығы 120-дан астам дербес қоғамдық негізде бірлестіктер жүмыс істеді.

Бүл жоғарыда аталған фактілердің барлығы XX ғ. 80- жылдардың 2- жартысында қоғамды қайта қүру барысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде демократиялық қатынастардың кең өріс ала бастағанын көрсетеді.

Қоғамдық-саясиқозғалыстардыңішінен«Азат»(1990 ж. 1 шілде), «Поколение» (1992 ж. 24 қараша), «Лад» (1993 ж. мамыр), «Азамат» азаматтық қозғалысы (1996 ж. 20 сәуір) кең көлемді қызметімен ерек- шеленді. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктердің қалыптасуының келесі кезеңінде Қазақстанның либералдық қозғалысы (1997 ж. мамыр), «Қазақстанның болашағы үшін» (1998 ж. ақпан) жастар қозғалысы, «Қазақстан — 2030 үшін» (1998 ж. 6 қазан) қоғамдық қозғалысы, «Өрлеу» (1998), «Ақ жол» қоғамдық қозғалыстары (1998), Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі (2002), т.б. қүрылды. 1989-1994 ж. аяғында Қазақстанда 500-ге жуық қоғамдық бірлестік ҚР Әділет министрлігінде тіркелді. 1998 ж. олардың саны 1500-ден асты, ал 2001 жылдың аяғына қарай елде 1700-ден астам ресми тіркеуден өткен қоғамдық бірлестік қызмет жасады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін елде көп- партиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» үлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық- кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дәуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық пар­тиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. қүрылды.

Көппартиялықты қүқықтық жағынан реттеу Қазақстан Респу­бликасы Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) жэне «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді.

Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық пар­тиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының пар­тиясы (2000 ж. 1 шілде) қүрылды. 2002 жылдың 2- жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының қүрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың қүқықтық негіздері, олардың қүқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен жэне басқа үйымдармен қатынастары реттелді. Көппартиялық институтының пайда болуы елде азамат- тық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бүл қоғамның сая­си жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси қүқықтардың қамтамасыз етілгенін дэлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді.

«Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгі- зілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партия­сы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Pec- публикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті.

Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер әлеу- меттік эділдік, демократиялық қүқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, үлтаралық жэне азаматтық келісім орнатуға жәрдемдесіп, Қазақстанның түрақты дамуына, өзекті қоғамдық мәселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Ре­спублика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған сая­сатын жақтайтындар болып саналады.

Қазақстанның тәуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының ру­хани өмірінде жаңа мәдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бүрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеоло­гия мен саяси қағидалардың қыспағынан қүтылды.

Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңгы жылда- ры оқу мазмүны өзгерді, білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Бірыңғай орта мектептермен қатар гимна- зиялар, лицейлер, жеке жэне авторлық мектептер ашылып, жүмыс істей бастады. Көптеген жаңа оқулықтар шығарылды. Мектептерде бүрын KCPO тарихы оқытылып келсе, енді қазақ халқының өз тари­хы терең талданып оқытылатын болды.

Қазақстанның Білім жэне ғылым министрлігінің мәліметтері бой- ынша2000/2001 оқужылындаелдежалпыбілімберетінмектептердің саны 8007 болған. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і үйғыр, 81-і өзбек, 3 тэжік, 1 украин мектебі. Соңғы жыл­дары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4%-ін қамтыған. Республика мектептерінде техникалық-ақпараттық жэне телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір ком- пьютерден келген. "Интернет-мектепте" бағдарламасы аясында 1414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерді «интернеттендіру» жөніндегі жүмыстар белсенді түрде жалғастырылып келеді. Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерін қосқанда, мектептердің 95 % қосылды.

Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді. Соңғы он жылда (1997—2007 жж.) білім саласын мемлекеттік қаржы- ландыру көлемін 6,7 ece арттыруға қол жеткізілді. (Тәуелсіздіктің 16 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың сөзінен. /Егемен Қазақстан. 15.12. 2007 ж.).

Жылма-жыл мүғалімдердің жалақысы 30 пайызға көтеріліп келеді. 2006 жылдан бері жоғары оқу орындарының таңдаулы 200 оқытушысына конкурстық негізде қүны 15 мың АҚШ долларына тең «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» гранты тапсырылып жүр. Жыл сайын республикалық бюджет қаржысының есебінен 30 мыңнан астам педагогтың қайта дайындықтан өтуі мен біліктілі- гінің арттырылуы жүзеге асырылуда.

Еліміз егемендік алған жылдары жоғары жэне орта арнаулы білім беретін оқу орындарында да бірсыпыра жаңа өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары — эл-Фараби атындағы Қазақ үлттық университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ үлттық техникалық университеті жэне басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі жэне сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кад- рлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет

Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жүмыс істеи жатыр. 1997 жылы ресиубликада мемлекеттік 53 жоғары білім беретін жэне 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жүмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орын­дары 47-ге дейін азайды, оған керісінше мемлекеттік емес жоғары оқу орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім жэне ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды.

Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халыққа білім беру саласында халықаралық қарым-қатынас кеңейді. Бүгінгі күндері мыңдаған оқушылар, студенттер жэне аспирант- тар оқуларын шет елдерде жалғастырып жатыр. Осы мақсатта Қазақстан Президенті жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор қүрылып, республиканың жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-қа, ¥лыбританияға, Францияға, Қытайға, Түркияға жэне т.б. жерлер- ге оқуға жіберіледі. Қазақстан мемлекет есебінен жылына 3 мың студентті элемнің 25 университетіне оқуға жіберуде. Соңғы 13 жыл­да 2 мың қазақстандық шетелдердің жоғары оқу орындарында білім алып қайтты (Егемен Қазақстан, 27.11.2007). Бүгінде жалпы саны 20 мыңнан асатын қазақстандық шет елдерде білім алуда. Олар Қазақстанның кадрлық әлеуетінің перспективалық негізі болады (Егемен Қазақстан. 15.12.2007).

2000 жылдан бастап қазақстандық ғылымды қаржыландыру 7 есе­ге артты. Бүгінде Қазақстанда бір мың жүмыс істеушіге 3 ғалымнан келеді, ал енді Ресейде бүл көрсеткіш 7,5-ке, Еуроодақта — 5,8-ге, АҚШ-та — 9,3-ке тең. Біздің деңгейді орташа еуропалық деңгейге дейін көтеру үшін біз ғылымды қаржыландыруды 2012 жылы 25 ece үлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізуді жо- спарлап отырмыз (ҚР Президентінің Интернет-конференциясы. Еге­мен Қазақстан, 08.06.2007). Сондықтан да бүгінде ғылым жэне білім беру салаларында жоғары қазақстандық стандарттарға қол жеткізу үшін барлық жағдайлар жасалуда. Еылымды дамытуда бірқатар ба­сым бағыттар белгіленді. Астанада арнаулы ғылыми зертханалар қүрылды.

Кейінгі жылдары әдебиет пен үлттық тілдің мәртебесін көтеруде бірқатар шаралар іске асырылуда. 30- жылдары нәубетке, жазықсыз жазаға үшыраған ғалымдарды, жазушыларды, мамандарды ақтау жүзеге асты. А.Байтүрсыновтың, М.Жүмабаевтың, М.Дулатовтың,

Ш.Қүдайбердиевтің, Ә.Бөкейхановтың, Х.Досмүхамедовтың, Ж.Ай- мауытовтың жэне басқалардың кітаптары жарық көрді. Ic жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар жүзеге асырылуда. Барлық жоғары жэне арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде оқыту бөлімдері ашылды.

Экономикалық қиындықтарға қарамастан республикада мем- лекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша ғылыми орталық ашылды. Өнерде менеджменттің тиімді үлгілері өмірге келді. Мысалы, Айман Мүсаходжаева «Солистер академиясы» оркестрін үйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта қүру жөнінде үтымды жүмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында түңғыш рет үлттық музыка Академиясы қүрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нүрпейісов "ПЕН-клубын" ашты. Осының бэрі өнер саласындағы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін тиімді де пайдалы нысандар тауып жатқанын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет