Н 2С= СН2+Н2 Н 3С-СН3
Кәдімгі температурада этилен галогендермен әрекеттеседі .
Этиленді бром суы арқылы өткізсе ертіндінің қызыл қоңыр түсі түсізденеді, өйткені этилен бромды өзіне қосып алады :
Н 2С = СН 2+Вr 2 ВrН 2С- СН 2Вr 1,2- диброметан
Осы реакцияны қанықпаған көмірсутектерді қаныққан көмірсутектерден ажырату үшін қолданылады.
Этилен галогенсутектерді оңай қосып алады :
Н 2С = СН2+НСІ СН3-СН 2СІ Хлорэтан
Катализатор қатысында, жоғары қысымда және қыздырғанда этилен сумен әрекеттесіп этил спиртіне айналады:
Н 2С-СН 2+НОН Н 3С-СН 2ОН
Бұл ракцияның өнеркәсіпте этил спиртін өндірудегі мәні зор.
Этилен ауада жанып көміртек ( ІV ) оксидін және су түзеді :
С 2Н4+3О2 2СО 2+2Н 2О
Этилен молекулалары өзара әрекеттесіп полимерленеді , яғни күрделі затқа айналады.
Алынуы. Лабораторияда этиленді этил спиртін дегидратациялау (сусыздандыру ) арқылы алады:
H 2SO4
СН 3-СН 2ОН СН2= СН2+Н 2О
Этиленді қаныққан көмірсутектердің галоген туындыларын концентірлі сілтімен қосып қыздыру арқылы да алады:
СН3-СН 2СІ+NаОН СН2= СН2+NаСІ+Н 2О
Хлорэтан этилен
Өнеркәсіпте этиленді мұнайды химиялық өндеу нәтижесінде алады.
Достарыңызбен бөлісу: |