Лекциялардың ҚЫСҚаша мазмұны 2-ші бөлім 1-ші кредит шымкент- 2016



бет30/48
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#118797
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48
Байланысты:
Ор хим Биол лекц.

Алкендердің алынуы. Қанықпаған көмірсутектерді, этилен сияқты спиртерді дигидратациялау, галоген туындылары сілтілермен қосып қайнату арқылы алады.

  1. Қаныққан көмірсутектерді сутексіздендіру арқылы да этиленнің гомологтарын алады, мысалы:

СН3-СН2-СН3 СН2 = СН-СН3 + Н2


Пропан Пропен-1

2.Спирттерден және басқа оксиқосылыстардан су молекуласының бөлінуі:


AI2O3
СН3-СН2-СН2ОН СН2 = СН-СН3 + Н2О
Пропанол Пропен-1



  1. Лекция Ацетилен құрылысы және қасиеттері Алкадиендер құрылысы және қасиеттері Циклопарафиндердің құрылысы



Алкиндер . Ацетилен Молекуласында үш байланыс болатын қанық-паған көмірсутектерге ацетилен және оның гомологтары жатады. Ацетиленді қосылыстар табиғатта аз кездеседі. Олар көптеген органикалық синтездер үшін маңызы мол шикізат. Олар өндірісте спирт, карбронилді қосылыстар, алкендер, ароматты көмірсутектер және тағы басқа көптеген заттар алуда қолданылады.
Номенклатура Алкиндердің қатарының бірінші өкілі, тривиалды атау-мен ацетилен деп аталады. Ал халықаралық номенклатура бойынша ацети-лен көмірсутектердің аттарына сәйкес қанықан көмірсутектер аттарындағы - ан жұрнағын – ин жұрнағына ауыстыру арқылы аталады.

НС ≡ СН НС≡ С - СН3 НС≡ С-СН2-СН3


Этин Пропин –1 Бутин –1

НС≡ С-(СН2)2-СН3


Пентин-1

Рационалды атау бойынша ацетилен сөзін негіз етіп алып жоғарыда кеттірілген қосылстарды былай атайды: ацетилен; метилацетилен; этилацетилен; пропилацетилен.


Ацетилен - термодинамикалық тұрғыдан алғанда тұрақсыз қосылыс, яғни оны көміртек пен сутектен алғанда жылу бөлінбейді, қайта көп энергия жұмсалады. Демек, ацетилен сутек пен көміртекке ыдырағанда көп энергия бөлінеді де, ацетилен әсіресе қысым күшейгенде қопарылысқа бейім келеді , басқа көмірсутекті қосылыстардан басқаша, мысалы “ кен газы” – метан қопарылғанда, термодинамикалық тұрақты көмір тотығы мен су түзіледі. Ацетилен ауамен де, ауасыз өздігінен де қопарылады. Ацетилен жанғанда пайда болатын заттарда су аз, сондықтан пайда болған заттардың жылу сыйымдылығы төмен. Сондықтан да, ацетилен жанғанда ең жоғары температурада (30000С-қа дейін) береді. Бұл металдарды кесу, пісіру үшін қолданылады.
Ацетиленнің құрылыс формуласы келесідей:
Н-С ≡ С-Н
Ацетилен молекуласындағы екі көміртектің әр қайсысында гибридазиядан ты қалған екі р-орбиталь болғандықтан, екі көміртектің төрт р-орбиталдары бүркесіп екі π-байланыс түзеді. Сонымен ацетилен молекуласындағы үш байланыстың біреуі σ- , екеуі π-байланыстар.(3 сурет)


3 Сурет. Ацетилен молекуласындағы үш σ-байланыстар (бір
С-С және С-Н)және екі π-байланыстың түзілуі
Ацетилендегі π-байланыстар көміртек атомдарын толық қамтиді, сондақтан олар екеуі π-электрондардың цилинд тәріздес бұлтына батырылып тұр. Ал ацетиленнің сутек атомдары бұл цилиндрдің сыртында қалған (4 Сурет)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет