/ /
Н Н
Спирттің гидроксотобындағы оттек пен сутек атомдары өзара полюсті байланыс арқылы қосылған. Өйтткені оттек пен сутек арасында түзілген қос электрон электір терістігі басым оттекке қарай ауысады да, сутек молекуламен әлсіздеу байланысады. Сондықтан спирт молекуласындағы көміртек атомдары мен тікелей байланысқан сутек атомдарына қарағанда гидроксотоптағы сутек атомы активті болады да, металл атомымен оңай алмасады. Спирттегі осы сутек атомы сияқты гидроксотопта реакцияға түскіш келеді.
Физикалық және химиялық қассиеттері. Этил спирті немесе этанол түссіз, өзіне тән иісі бар, суда кез келген мөлшерде еритін сұйық. Оның ты-ғыздығы 0,79 г/см3 , 78,3 0С – та қайнайды, - 114 0С – та қатады.
Сатудағы таза этил спиртінде 96% этанол, 4% су болады. Мұны спирт – ректификат деп атайды. Көптеген органикалық заттар этил спиртінде жақсы ериді.
Этил спиртінің гидроксотобындағы сутек атомы актив болғандықтан сілтілік және сілтілік – жер металдармен оңай алмасып тұз тәрізді этилаттар деп аталатын зат түзеді. Мысалы, этил спирті натриймен әрекеттесіп натрий этилатын түзеді:
2СН3 – СН2 – ОН +2Na = 2CH3 –CH2 –O – Na + H2