Көп атомды спирттер. Көп атомды спирттердің молекуласында бірнеше гидроксотоп болады. Молекулада әрбір көміртек атомдары мен байланысқан бірден артық гидроксотоп болмайды.
Көп атомды спирттердің аса маңыздыларына - екі және үш атомды спирт-тердің ең қарапайым өкілдері : этиленгликоль мен глицерин жаттады. Олардың құрлымдық формулалары мынандай :
НО-СН2-СН2-ОН НО-СН2-СНОН-СН2-ОН
Этиленгликоль глицерин
Этиленгликоль мен глицерин сироп тәрізді, иіссіз, тәтті – дәмді, суда өте жақсы еритін сұйық заттар. Этиленгликоль өте улы, глицерин усыз зат.
Этиленгликоль мен глицерин бір атомды қаныққан спирттер сияқты сілтілік металдармен, сілтілермен, галогенсутектермен әрекеттеседі :
Н О-СН2-СН2-ОН+2Nа Nа-О-СН2-СН2-О-Nа+Н2
натрий гликоляты
Достарыңызбен бөлісу: |