Лекциялардың ҚЫСҚаша мазмұны 2-ші бөлім 1-ші кредит шымкент- 2016


Элементтердің электртерістігі (Полинг шкаласы)



бет17/48
Дата08.02.2022
өлшемі0,77 Mb.
#118797
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Ор хим Биол лекц.

Элементтердің электртерістігі (Полинг шкаласы)



Элемент

Электртерітілігі

Элемент

Электртерітілігі

H сутегі

2,1

F фтор

4,0

He гелий

-

Si кремний

1,8

Li литий

1,0

P фосфор

2,1

B бор

2,0

S күкірт

2,5

C көміртек

2,5

CI хлор

3,0

N азот

3,0

Br вром

2,8

O оттек

3,5

J иод

2,5

Электртерістілік элементтердің абсолютті тұрақтылығы емес. Ол ядродағы әсерлі атомдық орбитальдың будандасуынан және орынбасар-лардың ықпалына тәуелді. Мысалы , sp2 – будандасқан күйіндегі көміртек немесе азот атомындағы электртерістік sp3 – азот атомындағы күйдегіден жоғары.


Индуктивті эффект. Орынбасарлар әсерінің σ-байланыстар тізбегі бойынша берілуін индуктивті эффект деп атайды, оны J-әрпімен белгілейді. J мәні оң +J немесе теріс - J болады.
Электрон тығыздығын өзіне қарай тартатын орынбасарлар теріс индуктивтік эффект көрсетеді, олар тізбектегі электрон тығыздықты төмендетеді, өздері электроакцептор (ЭА) орынбасарлар деп аталады. Оларға галогендер, -ОН, -NO2, >C=O, -CH=O, -CN, -COOH, -SO3H және т.б. функциялы топтар және катиондар жатады.

СН3→СН2→ОН СН3→ СН2 → NO2,


Егер орынбасар электрон тығыздығын өзімен байланысқан атомға қарай ығыстырса, онда олар оң индуктивтік эффект көрсетеді, олар тізбектегі электрон тығыздықты арттырады, өздері электрондонор (ЭД) орынбасарлар деп аталады. Оларға сутек, металдар, алкил топтары және аниондар жатады.


СН3→ СН2 ← СН3 СН3→СН2 - СН2←СН3




Мезомерлі эффект. Мезомерлі эффект- ол орынбасардың электрондық әсерінің π- байланыстар жүйесімен берілуі. Мезомерлік эффект электрондық эффектердің басқа түр өзгерісі болып табылады және мезомерлік эффекті көрсету үшін молекулада қосарлану болу керек.
Жай және қос байланыстар кезектесіп келетін қосылыстар қосарланған деп атайды.
СН2 =СН - СН=СН2 СН3-СН=СН - СН2- СН = СН2
Бутадиен 1,3 Гексадиен 1,4
Қосарланған жүйе Қосарланған жүйеге жатпайды


Қосарлану энергетикалық ұтымды процесс, себебі π – электрон-дар таралғанда энергия бөлінеді. Оснын есебінен қосарланған жүйелердің энергиясы аз болады, демек олардың термодинамикалық тұрақтылығы оқшауланған қос байланысты жүйеден жоғары болады. Термодинамикалық тұрақтылық қызметін қосарлану энергиясы атқарады.
Қосарлану энергиясы – бұл қосарланған және оқшауланған қос байланысты молекула энергияларының айырмасы. Қосарланудың үлкен энергиясы ароматты қосылыстардың термодинамикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Осының нәтижесінде ароматты қосылыстар өздерінің жоғары қанықпағандағына қарамастан қосып алу емес, орынбасу реакцияларына дейін, тотықтырғыш әсеріне, сондай-ақ қыздыруға төзімді келеді.
Мезомерлік эффект М әрпімен белгіленеді, олда индуктивті эффект сияқты оң және теріс мәнді болады.
Қосарланған жүйелер ашық тізбекті (бутадиен 1,3) және тұйық тізбекті (бензол) болады.
π, π- Қосарлануға тек π- электрондар қатысады, мысалы:
π π
СН2 =СН - СН=СН2

р, π- Қосарлануға қос байланыстың π-электрондарымен бірге гетероатомдардың р-электрондары немесе π- байланыс жанындағы көміртек атомының гибридтелмеген р- орбиталі қатысуы мүмкін.


СН2 =СН - СI CН3 - С =О СН3 –С=O


| |
H OH
Винил хлориді Сірке альдегиді Сірке қышқылы
Аниондар сияқты катиондардың тұрақтылығы сол факторға байланысты. Молекуладағы атомдардың өзара әсеріне тәуелді, ол орынбасарлардың электрондық (I, М) эффектілерінен, негіздік орталықтағы атомдардың электртерістілігі мен полярланғыштығынан керінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет