Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:. Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы
2. Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар3.Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: 1.алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;
2. анық, айқындылығы;
3. бағаның әділдігі;
4. өзін-өзі бағалауға мүмкіндіктің берілуі.
Сабақта критерий арқылы бағалауды қолдану:
-сабақтың мақсаты критерий құрудың негізі болып табылады.
-сабақтың/бөлімнің басында оқу мақсатын түсіндіру.
-алдын-ала критерийлердің үлгісін дайындау, оқу мақсаттарына сай келуін қарау. -критерийлерді оқушылар тіліне аудару, оларға түсінікті болу үшін өздеріне құрғызу (немесе) бірге құру.
-критерийлерді тақтаға немесе оқушының дәптерлеріне жаздырту.
-белгіленген критерийлерді оқушылардың барлығы бірдей түсінгеніне көз жеткізу.
-оқушыларға өз жұмысын құрылымдауға көмек беру үшін жоспарлауға/жазуға арналған ережелер.
Критериалды бағалаудың функциялары: Ынталандыру
Белсенділік
Түзету
Дамытушы
Критериалдық бағалау жүйесінің қызметі:
балаға оқытудың әр сатысындағы дайындық (меңгеру) деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
көп балды шкаланы пайдалануда үлкен саралау мүмкіндігімен ерекшеленеді және мұғалімге бағаның кейбір айырмашылығын көрсетуге мүмкіндік береді;
оқушының тек оқу жылындағы ғана емес сонымен қатар оқу барысы кезіндегі білімді қабылдауының объективті динамикасын алуға мүмкіндік береді;