Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған тапсырмалар:
Сөйлеу және қарым-қатынас ерекшеліктері (реферат)
11 - тақырып: Қиял процесі
Сабақтың жоспары: 1.Қиялдың анықтамасы, жалпы сипаттама. Қиялдың физиологиялық негіздері;
2. Актив және пассив қиял
Қиял туралы жалпы ұғым
Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа обыраздар, соны елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды. Қиял - адамға меншікті психикалық процесс, жануарларда бұл функция болмайды, өйткені бұл - адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық функция.
И.М.Сеченов: «Барлық өмір бойы адамның басынан оның есінде орын тепкен элементтерден құралмаған бірде-бір ойдың өтуі мүмкін емес. Тіпті ғылыми табыстарға негіз болатын жаңа ойлардың өзі бұл ережеден шығарып тастауға болмайды» деді.
Достарыңызбен бөлісу: |