Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік



бет15/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Органикалық түйсіктер

Органикалық түйсіктер адамның органикалық қажеттерімен тығыз байланысты. Органикалық түйсіктерге қарын ашу, тою, сусау, шаршау, жүрек айну, тұншығу, дененің қызуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметіне байланысты туатын сезімдер мен осы секілді ішкі органдарда туатын түйсіктер жатады. Микроскоптық зерттеулерге қарағанда, интерорцепторлар ас қорыту органдарында, өкпеде, бауырда, қуықта ғана емес, вегетативтік нерв системасының түйнектерінен де табылған. Ми бағанасындағы гипоталамус бөлімі және органикалық сезімдерді өз ықпалында ұстайтын ми қабығындағы тиісті орталықтар органикалық түйсіктері басқарып отырады.


И.М.Сеченов органикалық түйсіктерді қараңғы түйсіктер деп атаған болатын. Тегі, ішкі органдардың жұмысы қалыпты түрде өтіп жатса, адам оны сезбейді де. Олардың жұмысы нормадан бұрыла бастаса ғана адам оны түйсінеді. Бұл арада біз адамға сезілетін түйсінуді айтып отырмыз. Органикалық түйсіктердің күші белгілі сатыға жетсе ғана, адамның зейінін өзіне аударып, санамызда белсенді күшке айналды. Өзінің ішінде болып жатқан процестерді түйсінгенін сөзбен айтып жеткізу адамның қолынан келеді. Сыртқы дүниенің де, организмдегі ішкі өмірдің де тоқтаусыз анализаторы ми сыңарлары деп болжаған болатын И.П.Павлов. Оның осы пікірінің дұрыс екендігін қазіргі ғылыми зерттеулер дәлелдеп отыр. Бұл идея И.П.Павловтың талантты шәкірті К.М.Быковтың еңбектерінде кеңінен зерттелді.
Органикалық рецепторларға тітіркендіргіш болатындар: қанның химиялық құрылысы, оның қысымы, тамақ құрылысы, оның физикалық құрылымы, еттің коллоидтық қалпы, атмосфералық қысымының өзгеруіне байланысты жалпы организмнің физикалық қалпы т.б.
Органикалық анализатор адамның көңіл күйіне ылғи әсер етіп отырады, онымен тығыз байланысты болады, басқаша айтқанда, бұл түйсіктердің әртүрлі дәрежеде байқалатын эмоциялық тоны болады. “Тойған жылтырайды, тоңған қалтырайды” деген мәтел организмде органикалық түйсіктің пайда болатындығын айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет