Вибрациялық түйсіктер
Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің барлық жерлерімен түйсіну сезімдерін айтады. Сау адамдарда бұл түйсік жоқтың қасы. Ауаның толқын тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде құлақ арқылы түйсіне алады. Ал адам құлағынан айрылса, вибрациялық түйсіктер адамның өмірінен үлкен орын ала бастайды. Кейбір саңырау адамдар музыканы, әнді күшті ынтамен “тыңдап” отырады, өйткені олар дыбысты вибрациялық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда тартқан күйлерді оның үстіне қолын қойып “тыңдайды”. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концертке барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады, себебі нәзік дыбыстар толқынын олар арқасымен түйсінетін көрінеді. Музыканы түйсініп дағдыланған саңыраулар оны жақсы ұғынып, аңғаруға әдеттенеді, бұрын “тыңдаған” музыкалық шығармаларды үнінен таниды.
Вибрациялық түйсінулер барлық адамдарда болады, бірақ оларда бұл түйсіктер пайдаланылмайды, сондықтан дамымай қалады. Біз одан гөрі жетілген анализаторларымызды пайдаланамыз да, вибрациялық түйінуді керек етпейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |