Лекциялық материалдың мазмұны



бет3/7
Дата22.08.2017
өлшемі1,36 Mb.
#23769
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Жоспар:

1.Саяси-экономикалық жағдайы. Жеңіс күнінің 30 жылдығы. КСРО-ның және Қазақ КСР-ның жаңа Конституциясының қабылдануы.

2.Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының дамуы. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

3.Халықтың тұрмыс жағдайы және медициналық қызмет. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі.



Әдебиет: Н-4,5,8,10.

Қ-5,12,13


№14-15. Тақырыбы:1990 -2008 жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.

Мақсаты: Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіске сипаттама беру.

Жоспар:

1.Қайта құру және егемендік.Волюнтаризм. Ірі облыстық кәсіпорындар.

2.Саяси-әлеуметтік дамуы. Экономикасы.

3. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау.



Әдебиет:Н-8, Қ-5.

Семинар сабақтарының мазмұны және әдістемелік кеңестер

1. Тақырыбы: Өлкенің ежелгі тарихы.



Мақсаты: Өлкенің ежелгі тарихын сипаттау, археологиялық зерттеулерлерді талдау.

Жоспар:

1.Тас дәуірі. Археологиялық зерттеулер.

2.Қола дәуірі.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Палеолит, мезолит, неолит кезеңдерін қарастыру, осы кезеңге жататын ескертіштерге сипаттама беру.

2-ші сұрақта.Қола дәуірінің кезеңдерін анықтау, ескерткіштерін және олардың ерекшелігін атау.

Әдебиеттер Н-1,8,10
2. Тақырыбы: Ортағасырдағы Қостанай жері.

Мақсаты: Ортағасырдағы Қостанай жерінің саяси өмірін талдау, көшпенділердің шаруашылығы мен тұрмысын көрсету.

Жоспар:

1.ҮІ-ХІІ ғғ Тобыл аймағы

2.ХІІІ-ХҮІІ ғғ өлкенің саяси өмірі.

3.Көшпенділердің шаруашылығы және тұрмысы



Әдістемелік нұсқаулар: Бірінші сұрақта ортағасырдағы Қостанай жерінің саяси өмірін талдау, археологиялық ескерткіштерге талдау жасау қажет.

2-ші сұрақта: Монғол империясының құрылуына тоқталу,Торғай жерінде шапқыншылық әрекеттері болды ма, анықтау қажет.Археологиялық ескерткіштерге сипаттама беру.

3-ші сұрақта көшпенділердің шаруашылығы мен тұрмысын көрсету қажет.Негізгі айналысқан кәсіп түрі мен шаруашылығын талдау.Мал өсірушаруашылығы мен жылқы шаруашылығына сипаттама беру. Қой және ешкі өсіру.Әсіресе, Қаражар ауылындағы шаруашылыққа тоқталу.Көшпенділердің аңшылықпен де айналысқанын көрсету.Мал шаруашылығы мен аңшылық өнімдерін өңдеу.Металл өңдеу.

Әдебиеттер Н-1,3,4,6,8.

3. Тақырыбы: ХІХ ғ-ХХғ өлкенің саяси-экономикалық дамуы.



Мақсаты: ХІХ ғ аяғы-ХХғ басындағы өлкенің саяси-экономикалық дамуына сипаттама беру.

Жоспар:

1.Өлкенің әкімшілік-территориялық өзгерісі

2.Патшалық Ресейдің отарлық саясаты.

3.Қоныстандыру саясаты



Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта: Өлкенің әкімшілік-территориялық өзгерісіне сипаттама беру, реформалардың мәнін ашып көрсету. 1868 жылы 21 қазанда Орынбор және Батыс Сібір генерал – губернаторлығының Дала облыстарын басқаратын «Уақытша ережені» талдау. Торғай облысының құрылу тарихын айту.Ол үшін облыстық тарихи мұражайдың мұрағат бөліміндегі құжаттармен танысып, талдау.Облыстардың қандай уездерге бөлінгенін анықтау.

2-ші сұрақта патшалық Ресейдің отарлық саясатының облыста қалай жүргізілгенін көрсету,Аманқарағай ішкі округінің құрылуы.Пресногорьковск бекінісінің салынуын анықтау.

3-ші сұрақта қоныстандыру саясатын анықтау, арендаға берілген жерлердің мөлшерін анықтау, жаңа құрылған аудандардың тарихына тоқталу. А.Кауфман және Щербинаның экспедициялары жазылған еңбектерімен танысу.Қазақ ауылының өмірін көрсету.



Әдебиеттер Н-2,3,4

Қ-2,5.
4. Тақырыбы: Жергілікті халықтың рухани өмірі. (ХІХ ғ аяғы –ХХ ғ.басы)



Мақсаты: Жергілікті халықтың рухани өмірін көрсету.

Жоспар:

1.Облыстағы оқу –ағарту ісінің ұйымдастырылуы.

2.Рухани отарлау жолы-миссионерлік

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта Облыстағы оқу –ағарту ісінің ұйымдастырылуын сипаттау. А.Алекторов және А.В.Васильевтің еңбектерін пайдалана отырып, Торғай облысындағы білім беру қалай дамыды, қанша мектептер, сыныптар болды осы мәселелерді ашу қажет.Ы.Алтынсариннің қызметін көрсету.

2-ші сұрақта. Рухани отарлау жолы-миссионерлік дегенді қалай түсінесіңдер. Олардың негізгі қызметі, бағыты қандай болды.Қандай миссионерлік қостар ашылды.

Әдебиеттер Н-7,8,10, Қ-5.
5. Тақырыбы: ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстар.

Мақсаты: ХХ ғ бас Қостанай уезіндегі қоғамдық-демократиялық қозғалыстардың себебін көрсету. Ұлт-азаттық қозғалыстың барысы мен нәтижесін талдау.

Жоспар:

1.Қазақ интеллегенциясының қызметі.

2.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

3.Азамат соғысы жылдарындағыҚостанай

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта Қазақ интеллегенциясының қызметін ашып көрсету, жұмысшы қозғалысының себептерін қарастыру.Қостанай уездерінің әкімшілік орталығы болды.Торғай облысынан 1-2 ші Думаға қатысқан А.Қ.Бірімжановтың қызметіне тоқталу. «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналының рөлін көрсету.

2-ші сұрақта Торғайдағы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың алғышарты, себебі, барысы мен нәтижесін талдау.Торғай облысынан қара жұмысқа 19 - жастан 31 жасқа дейін жіберілген қазақтарды анықтау, кесте жасау қажет.1917 жылы болған Орынбордағы Торғай облыстық қазақ съезінің мақсаты мен нәтижесін көрсету.

3-ші сұрақта: Азамат соғысы жылдарындағы Қостанайдың батырларын анықтау. Соғыстың себептері мен барысын талдау.Ақ гвардияшылар мен шетел интервенттерінен қаланы қалай азат етілгені жөнінде мәлімет жасау.



Әдебиеттер Н-7,10, Қ-4,5
6. Тақырыбы: Губерниялардың пайда болуы және оның географиялық жағдайы. (1920-30 жж.).

Мақсаты:

Жоспар:

1.Қоғамдық-саяси өмірі.

2.Халықтық білім беру және мәдени дамуы.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Қоғамдық-саяси өмірін сипаттау. Жергілікті депутатар кеңесінің қалай өтілгені жөнінде мәлімет жасау. КСРО-дағы социализмнің жеңісі, оны қалай түсінесіңдер.

2-ші сұрақта. Халықтық білім беру және мәдени дамуын талдау. Сауасыздықпен күрес қалай жүргізілді?. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесін сипаттау.

Әдебиеттер Н-7,10, Қ-4,5

7. Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысы



Мақсаты: Ұлы Отан соғысы майдандағы қостанайлық батырларды мазмұндау. Ауылшаруашылығын қалпына келтіру мәселесін ашу.

Жоспар:

1.Майдандағы қостанайлықтар.

2.Соғыс кезіндегі ауылшаруашылық..

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Майдандағы қостанайлықтарды атау (С.Баймағанбетов,Л.Беда, И.Павлов, И.Сьянов, С.Темірбаев,Г.Болтаев т.б.), олардың ерліктерін көрсету, деректерді пайдалану. Халықтың патриоттық сезімдері.Соғыс кезіндегі ауылшаруашылықтың дамуын талдау.

2-ші сұрақта. Колхоз және совхоз техникаларын дамыту. Еңбекшілердің еңбегін көрсету.Соғыс жағдайынан бейбіт өмірге көшу.Өнеркәсіптердің дамуы.Облыстағы құрылған совхоздарды сипаттау.МТС-дің құрылуы.

Әдебиеттер: Н-10, Қ-1,3,5,9
8-9. Тақырыбы: 1950-60жж Қостанай облысы.

Мақсаты: 1950-60жж Қостанай облысының саяси-экономикалық жағдайына сипаттама беру. Халықтың тұрмыс жағдайын көрсету.

Жоспар:

1.Саяси-экономикалық жағдайы.

2.Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының дамуы.

3.Халықтың тұрмыс жағдайы және медициналық қызмет.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қостанай облысы. (2 сағ)

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Саяси-экономикалық жағдайына сипаттама беру. Жеңіс күнінің 30 жылдығы. КСРО-ның және Қазақ КСР-ның жаңа Конституциясының қабылдануы.

Өнеркәсіп және ауылшаруашылығының дамуын талдау.

2-ші сұрақта. Тың және тыңайған жерлерді игеру, оның барысы.Қалай жүргізілді, қандай аудандар пайда болды, осы мәселелерді қосымша деректерді пайдалана отырып, талдау.

Халықтың тұрмыс жағдайы және медициналық қызмет түрлерін көрсету. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі қалай дамыды.

Әдебиеттер Н-4,5,8,10.

Қ-5,12,13


10-11. Тақырыбы: 1970-80 жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.

Мақсаты: Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдісті сипаттау.

Жоспар:

1.Басқаруды дамыту жағдайындағы өнеркәсіп.

2.Ауылшаруашылықтан индустриялық негізге көшу.

3.Білім, мәдениет және денсаулық сақтау.



Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта.Басқаруды дамыту жағдайындағы өнеркәсіптер қалай дамыды. Өнеркәсіп түрлерін атау, шығарған өнімдері қандай болды.

Ауылшаруашылықтан индустриялық негізге көшу себептері мен барысын талдау.Оның ерекшелігі мен маңызын көрсете алу.

2-ші сұрақта. Ауыл шаруашылығының материалдық және техникалық базаларын анықтау, оның жағдайын ашып көрстеу. Совхоз еңбекшілерінің еңбегін көрсету. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуы қандай жағдайда болды. Халықты сауаттандыру қалай жүргізілді.Осы мәселелерге байланысты мәліметтер жинау.



Әдебиеттер Н-8, Қ-5.

12-13. Тақырыбы: 1990 -2000жж Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдіс.



Мақсаты: Облыстағы әлеуметтік-саяси үрдісті сипаттау.Шаруашылықтың дамуын талдау және мәдени өмірді сипаттау.

Жоспар:

1.Қайта құру және егемендік.

2.Шаруашылықтың дамуы

3.Тұрғындардың саяси белсенділігі.

4.Мәдени өмірі.

Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта. Қайта құру және егемендік жылдарын а сипаттама беру.Волюнтаризм ұғымына анықтама беру. Ірі облыстық кәсіпорындардың дамуын көрсету.

Шаруашылықтың дамуын талдау. Нарықтық экономиканың қалыптасу сызбасын көрсету.

Тұрғындардың саяси белсенділігі неден көрінді, мәліметтерді баяндау.

2-3-ші сұрақта. Тіл туралы заң қашан шықты және оның маңызы қандай. Репрессияға ұшырағандарды реабилитациялау қалай жүргізілді. «Азат», «Парасат», «Әділет» қозғалыстарының пайда болу тарихы, олардың қызметін талдау. Мақсаты мен міндеттерін көрсету.

4 сұрақта халықтың мәдени өмірін көрсет, естелік кітаптарын талдау, конспект жасау қажет. Қазақстан халықтарының ассамблеясы қалай өткені жөнінде қосымша мәліметтерді пайдалана отырып түсіндіру.



Әдебиеттер Н-4,5,8,10.

Қ-5,12,13


14-15. Тақырыбы: ХХ ғ аяғы мен ХХІ ғ облыстың саяси-әлеуметтік, экономикалық жағдайы.

Мақсаты: Саяси-әлеуметтік дамуын сипаттау, экономиканың дамуын көрсету, білім, мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуын анықтау.

Жоспар:

1.Саяси-әлеуметтік дамуы.

2.Экономикасы.

3. Білім, мәдениет және денсаулық сақтау.



Әдістемелік нұсқаулар:

1-ші сұрақта саяси-әлеуметтік дамуын сипаттау, қосымша баянадамалар жасау.

2-ші сұрақта облыстың экономикасының дамуын талдау. Өнеркәсіптердің түрлері, сауда түрін анықтау. Нарықтық экономикаға талдау жасау.Қостанай облысының сыртқы экономикалық байланысын көрсету.

3-ші сұрақта білімнің дамуы, қанша мектептер, жоғары оқу орындарын атау. Мәдениет және денсаулық сақтау ісінің дамуын көрсету.



Әдебиеттер: Н-10

Қ-1,3,5,9


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы



Лекция материалдары

Қостанай , 2009 .


№ 1. Лекция тақырыбы: Кіріспе.

Мақсаты: Курстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.

Жоспары:

1.Курстың мақсаты мен міндеттері.

2.Деректерге сипаттама.Қостанай облысының тарихының тарихнамасы.

ХХІ ғасыр жаңарған, дамыған реформалар ғасыры болып тарих сахнасына енуде. Сондықтан оқу-ағарту, ғылым саласында жаңа реформалар жасалуда. Әр елдің ұлттық салт-дәстүрі терең зерттеліп, соны игеруге мол мүмкіндік туды.Қазақстан Республикасы соңғы 15 жыл ішінде әлем таныған ел болды. Қазіргі жастарға зор міндеттер жүктелді, білімді ұрпақ қажеттілігі туындадаы. Қазақ халқының көне тарихын, мол мұрасын оқып үйрену жаңа буын оқулықтарында көрсетілген. Соған қарамастан, қазіргі тарих оқулықтарында жергілікті өлкеміздің тарихы аз жазылған, толық зерттелмеген мәліметтер көп.Сондықтан студенттерге болашақта мектепте сабақтан тыс уақытта өлке тарихын оқуға мән берулері қажет.

Жалпы орта мектептердің алдына қойған мақсаттарының бірі мектеп ішіндегі өлкетану сабақтарын жүргізу болып табылады.Өлкетану дегеніміз бұл белгілі бір территорияны зерттеу.Зерттеу обьектісіне ауыл, қала, облыстардың әлеуметтік-экономикалық,саяси және мәдени дамуын жатқызамыз.Сондықтан мектептерде облысымыздың тарихын білу

-бұл білім берудің және тәрбиенің негізгі бір әдісі. Ол оқушыларды эстетикалық,жан-жақты дамуына әсерін тигізеді.Тарихты оқыту үрдісінде облысымыздың тарихын білудің маңызы зор.

Бұл пән оқушыларды жоғарғы оқу орындарына,өзіндік ізденіс талпындырады. Қостанай облысы тарихы сабақтары ізденіс сипатында жүргізілсе сонда нәтижелі болады.

Пәнің мақсаты мен міндеттері:

1. Студенттерді облыс тарихының теориялық негіздерімен таныстыру.

2. Адамның туған өлкесінің,оның тарихының маңызы, туған өлкенің Отанымыздың бір бөлшегі екенін ,ал Отан қасиетті ұғым екенін ашып көрсету.

3. Өлкетану материалдарын оқыту құрылымын, оның әдістерін анықтау.

4. Студенттердің алған білімдерін мектептердегі «тарихи өлкетану» сабақтарында пайдалана білуге бағыттау.

5. Студенттерді өз туған жерін, елін, ата-баба мұрасын құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу.

Ежелгі тарихи кезеңді әртүрлі ғылымдар зерттейді,(археология, антропология, этнографиямен), бірақ ақпараттың көп бөлігі археологтардың көмегімен табылып жатады.Әсіресе археологиялық зерттеу революциясы кезеңінен Орынбордағы мұрағат комиссия ұжымын атап кетуге болады.

А.Аниховский Қостанай уезінде бірнеше қорғанды қазып , бұл жұмыстың нәтижелерін Орынбордағы комиссиялық мұрағаттық еңбектерін жариялады. Кеңестік уақытта ежелгі ескерткіштерінің тарихын зерттеу жалпы кең көлемді болған жоқ.. 1921 жылы С.И. Руденко өзінің ғылыми зерттеулерінің кезінде Қайранкөл өзенінің жағалауынан неолиттік тұрақты тапты. 1923 П.П. Ефименко өзінің еңбектерінде Руденконың Қайранкөл өзенінен тапқан материалдар туралы мағлұматтар берді. 1921-37 жылы тас дәуіріндегі ескерткіштерді ешкім зерттеген жоқ. Бірақ 1937-40 жылы өте өнімді болды. Бұл жыл аралығында оннан астам ескерткіштер табылды. Олар: Оңтүстік және Солтүстік Затобол тұрақтары Токужиновка поселкесіндегі екі тұрақ Констонтиновка, Сергеевка поселкесінде бір-бір тұрақтан Көл және Үлкен Ақсуат өзендерінен тұрақтар табылды.

Сонымен қатар 1937-39 жылы мемлекеттік тарихи мұражайдың қызметкері О.А. Кривцов-Граков, Алексеевка қазба кезеңіндегі қола дәуіріне жататын ескерткіштер жиынтығын тапты. 1938-39 жылы геолог Быков пен Обаған көлінен бірнеше тұрақтар табылды. 1970 жылға дейін тас дәуіріндегі ескерткіштерді зерттеумен аз айналысты. 1945 жылы Мәскеу Гуманитарлық университетінің зоологиялық экспедициясының қызметкерлерімен, яғни А.М. Чельцов және Қ.С. Ходащев пен Терсек – Қарағай тұрағы ашылды.

Тың игеру жылдары Қазақстандық археологтар Қ.А. Акишев пен Г.И. Пацевич пен және басқалармен бірнеше ескерткіштер табылды. Ертедегі адамның қоныстанған жерлері аз табылса да , солардың ішінде Г.И. Пацевич пен зерттелген екі неолиттік тұрақ бар. Солардың бірі Кеңарал поселкесіндегі Уй өзенінен табылса, ал келесі «Приречный» совхозынан алты километр жерінен табылды. Соғыс жылдары тұрақтар жинағын А.Я. Брюсов кең зерттеді. Сол жылдары ол мемлекеттік сақтау қорының директорының төрағасы бола отырып жергілікті мұражайдағы археологиялық жинақтарға аз назарын аударды. Мұражай қорында оның екі қолжазба жұмыстары сақталған. Кейінірек 1963 жылы А.Я. Брюсов Мехико қаласында өзінің Қостанай материалдары бойынша еңбектерін жариялады.

Қазақстанда ең ежелгі халықтар ежелгі тас дәуірінде шамамен жарты миллион дәуірде өмір сүрген сол кездегі табиғат қазіргі кездегі табиғаттан қатты ерекшеленеді. Барлық республика территорияда және сонымен қатар бізде ауа райы жылы және құрғақ болды. Тіпті солтүстік аймақтарда жылу сүйгіш ағаштарды кездестіруге болады. Қазақстанда территориясын игеруден бастап және қазіргі кезеңге дейін жерді игеру қиын болды.Бірақ осы өзгерістерге қарамастан тас дәуіріндегі Қазақстандағы жанарлар құрамында өте үлкен және жылу сүйгіш жануарлар болды. Мысалы: страустар, носорогтар , пілдер, сонымен қатар тұрақтарда табылған сүйектерге байланысты мұнда лосьтар, бизондар, түйелер, маралдар, жылқылар кабандар, сайгактар жне тағы басқа жануарлар болды. Барлық тас дәуіріндегі кезеңде қару-жарақ таулы минералдарынан жасалды. Ерте кездегі адамдар өте мықты болған, олар жабайы аңдарға жалғыз адамдар қарсы тұра алмаған ,сондықтан олар 20-30 адамдай топпен өмір сүрген,олардың ішіндегілері ең жақын туыстарымен тұрған. Солардың ішіндегі ең мықты және белсенді дегені топты басқарған. Одан адамдарға аңщылықтың нәтижесінен өнімнің негізгі бөлігі қажет етіледі. Аңшылық кезінде оттың да көмегі көп тиген. Жануарлар оттан қорқады, сондықтан да оны аңға шыққанда қолданған. Отты жағу ол өмірдегі ортада ең қажетті,мысалы: аңшылықта, үй жылтқанда, тамақ пісірер кезінде.

Энеолит дәуірінің соңында қар мен жаңбыр сирек жауып, күннен-күнге құрғақ жылдар қайталанып отырды. Бүкіл тірі жан сонымен қатар адамдар, өлкелерін тастап кетуге , көлдің жағалауына баруға мәжбүр болды.

Осы оқиғалардың нәтижесі Қазастанда қола дәуірінің пайда болуына әсер етті. Мысқа болат қосып, одан қалайы алуға үйренді, ол мысқа қарағанда қаттырақ болды. Осыдан жасалған қарулар ұзаққа қызмет жасады.

Қола дәуірін үш кезеңге бөледі: бастапқы, ортаңғы және соңғы. Ерте қола дәуірінің ескерткіштері біздің облысымыздың және де Қазақстанның көп жерлерінде терең зерттелмеген. Оған қарағанда азия өңірінің көп бөлігін алып жатқан андроновтардың мәдени-тарихи ескерткіштері жақсы зерттелген. Андронов мәдениетінің негізінде облысымыздың территориясында б.з.д. ХVIII-XVI ғасырларда табылған синташтинско-петровский ескерткіші болды. Бұл ескерткіштер, кейбір зерттеушілердің ойынша, олар өз алдына мәдениет болып табылады, ал басқа зерттеушілердің ойынша, петровский кезеңі алакөлдік мәдениетке жатады.

Аулиекөл ауданында Бұрықтал өзенінің жоғарысында синташтинский-петровский уақытында жасалған ірі табыт қазып алынды. Алакөлдік табыттар Наурызым қорығында, Ақсуат көлінің, Тобол өзнінің жағалауларында, Молодежное, Заречное ауылдарында және де Лисаковск, Рудный қалаларын,да қазыып алынды. Біздің территориямызда федоровск мәдениетінің ескерткіштері қалай пайда болғаны әлі де белгісіз.

Сонымен бірге энеолит дәуірінде халықтың негізгі айналысқан шаруасы –мал шаруашылығы болды, бірақ бұл кезде бәрі де өзгерді. Егер энеолитте тек қана сиыр мен жылқыны ғана өсірсе, андроновтар тек ірі қара жылқыны өсірумен болды.

Сонымен қатар тағы да бір негізгі айналысқан шаруашылықтың бірі-жер шаруашылығы болды. Андроновтықтар өзен жағалауларына бау-бақша салып, одан үлкен өнім алып отырды. Археологтар бір емес бірнеше рет бидай дәнін тауып алған болатын. Мысалға, Рудный қаласының Тобыл маныңдағы Алексеевка өңірінен.

Андроновтар, соның ішінде, жас келіншектер әшекей-бұйымдарды жақсы көрді. Олардың тұрғын үйлкрі энеолитке қарағанда 10-20 есеге үлкенірек болды.


Бақылау сұрағы:

1.Курстың мақсаты мен міндеттері қандай?

2.Қандай пәндермен байланысты?

Әдебиет:

1.Костанай. вчера, сегодня, завтра.Алматы. 1979.


№ 2-3. тақырыбы: Ортағасырдағы Қостанай жері .

Мақсаты: Ортағасырдағы Қостанай жеріне сипаттама беру, көшпенділердің шаруашылығы және тұрмысы жайлы түсінік беру.

Жоспар:

1.ҮІ-ХІІ ғғ Тобыл аймағы

2.ХІІІ-ХҮІІ ғғ өлкенің саяси өмірі.

3.Көшпенділердің шаруашылығы және тұрмысы.

Торғайдың тарихы да небір уақиғаларға толы болды.Біздің дәуіріміздің 9-10 ғасырларында, алдымен Қимақ мемлекетінің құрамында,одан кейін қыпшақтар атақты Тұтықтың басшылығымен Қимақтардан бөлініп, бүгінгі Орал тауының шығыс жағына келіп,туларын тігіп,ел болып,бара-бара бүкіл далада,Алтай мне Қара теңіз аралығында Дешті-Қыпшақ мемлекетін құрғанын қалай айтпасқа.Бұл іске өзіндік үлес қосып,қыпшақ елінің жерін кеңейтіп, қуатын арттыруға, басқаларды бас игізуге басшылық жасап жүргендер сол замандағы қыпшақтардың көсемі Алып-Қара Ұран мен оның ұрпақтары болатын.

Тіпті, маңайындағыларды: Үнді мен Қытайды,Парсы мен Кавказды бас-аяғы екі жылда жаулап, табандарының астына басқан монғолдар 1216 жылы Осы Торғай төсінде бірінші рет қарсы келген жауын – қыпшақтар жеңе алмай, кейінге қайтқаны да бізге тарихтан жақсы белгілі.Сол жолы беттері қайтқан монғолдар араға оншақты жыл салып, қалың күш жинап, Торғай төсіне қайтып келсе де, олар Басаман бастаған қыпшақтар қолын жеңе алмай, осы жерде табаны күректей он жылдай отырып қалады.Тек 1237 жылы Басаманды өлтіргеннен кейін ғана оларға Ресей жеріне тікелей жол ашылып,алып елді олар бас-аяғы бір-екі жылда толық жаулап,1242 жылы Батый бастаған монғолдар бүкіл славяндардың мәдени,саяси, діни орталығына айналған Киевке жетіп,Еуропаға қарай бет алды.Осынша сұрапыл күшті он жыл бойы тырп еткізбей,осы маңда ұстап отырған бабаларымыздың ерлігі мен жауларынан жасқанбай қарсы тұра білген ұлдар өсірген еліміз бен жеріміздің қасиетіне қалайша мақтанбассың?

552 жыл- (мемлекеті) құрылып, Бұмын өзін қаған (билеуші) деп жариялады.Жетісу,Амудария мен Сырдария аралығы.Астанасы-Суяб.

«Түрік» атауы алғаш рет 542 жылғы қытай деректерінде кездеседі. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпағы деп санаған.Алғашында «түрік» этнонимі әскери шонжарлар деген мағынаны білдірсе,кейін үстемдік етуші тайпа осылай аталды.

Жоңғар-қазақ соғыстарына біздің Торғай, Қостанай өңірлеріндегі бабаларымыз азаттық үшін белсене қатысып, ел қорғаны болды.Тобыл,Торғай; Ұлы Жыланшық өзендері бойларындағы ұзын қыпшақтың Алтыбас,Алтыс рулары «Ақтабан шұбырынды» кезеңдерінде азаттық үшін зор үлес қосқан.Алтыстың Кеделден тараған ұрпақтары: Сығай (Қаражігіт), Келімбет, Кұттық, Бердікей, Жарбасты, Тілеулі батырлар «Ақтабан шұбырынды» тұстарында өмір сүріп, ел қорғаны атанды.

Тілеулі батыр кезінде Есет, Жәнібек, Бөгенбей, Деріпсалды сияқты батырлармен бірге қалмақ басқыншыларын Торғай даласына жібермей, 1728 жылы Бұланты өзенінің бойында қазақ еліне үлкен жеңісті алып келді.Бұл шайқас болған жер кейіннен «Қалмақ қырылған» атанып, тарихта қалды.

Алыстың алты арысының ішінде кең бұтақ жайғаны – Тілеулі батыр ұрпақтары.Оның немерелері Нияз, Кенжетай – орта жүздің белгілі билері. Нияз (1745-1790 жж) бидің бір буыны – Жанбосынұлы Әбдіғапар (1870-1919 жж) Торғай бойындағы 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалыстың көсемі, оны Торғай бойының 13 болысы хан көтерген.

Алыстың алты арысының бірі – Қомымбетұлы Құттық өмірі «Ақтабан шұбырынды» тұстарында өткен , белгілі ел қорғана – батыр болған.Оның бесінші буыны – Нұжан Наушабайұлы (1859-1919ж) – белгілі ақын әнші, жыршы, палуан.

«Ақтабан шұбырындының» екінші кезеңінде 1739-1742 жылдары Тобыл өзенінің бойында отырған ұзын қыпшақтың Алтыбас рулары ел қорғаны болып, жоңғарлармен соғысты.Бұл жолы жоңғарлар жорықтарын қазіргі Павлодар қаласының тұсынан бастап, Ресейдің моншақтай тізіліп тұрған бекіністерінен тоқтаусыз өтіп, Сарыарқада отырған Абылай, Бөгенбай қолдарын, Тобыл бойындағы қазақ елдерін шауып, Еділ бойындағы қалмақтарға қосылмақшы еді.

Тобыл бойында тосқауылды ұйымдастырушысы алтыбас руынан шыққан Жаңбыршы, Жиенбай батырлар болды.Олар жедел Тобыл жағасына қарауылтөбе тұрғызды, бұл төбе «Кенесары көкиығы» атанып, тарыхта қалды. Бұл төбе бүгіндері Талапкер ауылының жанында.

Жоңғарлармен соғыс Тобылдың сол жағында болып, алтыбас қолын басқарушысы Жаңбыршы, Жиенбай, Тышқанбай, қарт Дүзей қолдары жеңіске жетіп, қалмақтарды қуып, Ор өзенінен асырып салды.Ұлттық тәуелсіздік күресінің ауыртпалығы Сарыарқадағы Орта жүз жұртшылығына да түсті. Қазақтың елдігін, тәуелсіздігін сақтап қалушы Абылай хан болды. Абылайдың 280 жылдық мүшел тойына байланысты (1991 жыл 16 шілде) Президент Нұрсұлтан Әбішұлы : «Абылай хан едің ауызбірлігін сақтап, халқымыздың басын қосуда, қазақ жерін шапқыншылардан қорғап қалуда, Ресей мен Қытай мемлекеттерімен достық қарым-қатынас орнату арқылы қазақ хандығының тәуелсіздігі мен елдігін сақтауда аса зор қызмет атқарды» деді. Абылай жүргізген білікті саясаты, оны қазақ еліне атақты хан етті.

Қазақ халқының «Ақтабан шұбырындыға» ұшырауы екі себепке байланысты болды. Ол қазақ елінің сыртқы және ішкі жағдайлары еді. «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраудың бірінші себебі – шет елдерге байланысты болса, екінші себебі - қазақ елінің алауыздылығы, билік үшін өзара қырқысуы еді.

Ол ол ма, бүкіл қазақ үшін қаралы болған Ақтабан шұбырындыдан кейін бар қазақтың жиылып,ес жиып,қол біріктіріп, ойраттарға ең алғаш соққы берген жері де осы біздің Торғай төсі болатын.Сондағы,Тайлақ батыр мен Саңырық батырдардың атойлап шыққан жері,қазіргі Қамысты ауданындағы «Қарасиыр» жазығы болса, сол жолы қазақтардың ойрат-қалмақтарды қырғынға ұшыратқан жері Үлкіаяқ өзенінің жағасы еді.Ол жер осы күнге дейін ел есінде «Қалмақ қырған» болып қалады.Қазақ қолдарының Торғай төсінде басталған жеңісті қимылдары Бұланты-Бөленті,аяғы Аңырақай жеңісімен аяқталғаны бәрімізге белгілі.

1734 ж.Орынбор экспедициясын құрды.Ол экспедицияның негізгі де басты мақсаты-қазақ жерін тездетіп отарлап, ең шұрайлы жерлерге орталық Ресейге сыймай жатқан орыс мұжықтарын алып келіп,орналастыру болатын.Осы жоспарға сай орыстар ең алдымен,екі мұсылман елінің арасындағы дау-жан-жалды,қан төгісті тоқтатамыз деп,башқұрттар мен қазақтардың арасында жатқан Жайық өзенінің екі жағына сыналап кіріп,Ресейдің қазақ даласы жағындағы жаңа шекарасын Жайық өзенінің сол жағалауымен тартты.Сөйтіп,Жайық өзенінің екі жағалауындағы ең шұрайлы жерлер орыстарға өтіп кетті.

Қазақ жерін түбегейлі отарлау саясатына сай 1735 жылы орыстар Орынбор (қазіргі Орск бекінісі) әскери бекінісін,1743 жылы,қазақтармен сауда-саттықты «дамыту» үшін Троицк бекінісін салды.Енді, қазақтар мен орыстар арасындағы шекара Орск-Верхнеуральск-Троицк (бұл үш бекіністі де салып жүрген,кейін Орынбордың генерал-губернаторы болған И.И.Неплюев болатын.Ол,орыс-қазақ шекарасында 70 әскери бекіністің негізін қалаған адам.Сондықтан да И.И.Неплюев орыс тарихында,нағыз отарлаушы,орыстың өрісін кеңейтуші,орыс байлығын арттырушы деген атпен танылды) үш бұрышымен өтетін болды.Араға біраз жыл салып, И.И.Неплюевтың орнына келген Орынбордың жаңа генерал-губернаторы,граф Т.П.Сухтелен патша ағзамға:

Орск-Верхнеуральск-Троицк үш бұрышындағы шекара тым ұзын, ұзын,осынша ұзын шекараны ұстап тұру үшін қыруар қаржы қажет, сондықтан Ресейдің жаңа шекарасын қазақтардың есебінен Орскіден Троицкіге тура тарту керек,-деп ұсыныс жасайды.Ресейдің сол кездегі императоры Николай -1 бұл ұсынысты қолдап,жаңа шекараны тартуға қыруар қаржы бөлді.Солайша, қазақтардың осы үшбұрыштың ортасында жатқан талай жері Ресейдің түпкілікті жері болып кете барады.

XVIII ғасырдың алғашқы жартысы Қазақстан тарихындағы, сонымен қатар Тобыл-Торғай аймағының қазақтары үшін қиын кезең болды. Бұл жоңғар шапқыншылығымен байланысты болды. XVIII ғасырдың 20-жылдары жоңғарларға қарсы күреске Орта жүздің 37 руы қатысты. Әр жүздің өз туы болды, бейбітшілік кезінде ол құнтталып сақталды. Жауынгерлердің айрықша белгілері болды, оның түсі тудың түсімен сәйкес келетін, олар орамал, лента, қолға байлайтын мата кесіндісі болуы мүмкін. Рудың туымен бірге ұраны да болды, өз ұранымен әр ру шайқасты бастайтын. Ә.Бөкейханов айтуынша, ұран айтылып жатқан кезде шайқасқа қатыспай, үйде қалу үлкен абыройсыздық болып саналады, ондай адамға ешқандай қазақ өз қызын да бермейді. Шайқас ұранын естігеннен кейін әрбір ру жасақ дайындаған. Хан немесе батыр бастаған әскер ру жасағы болып табылды, ол соғысқа жарамды жауынгерлерден тұрды. Дала шайқасы кезінде атты әскердің рөлі маңызды болды. Шайқасқа аттанарда әр жауынгер өзімен бірге 3-4 ат алуға тиіс болды, ол аттарды шаршатып алмауға тырысты. Аттардың біреуіне жауынгер мінсе, қалғандарына азық-түліктер мен әскери жабдықтары тиеледі. Әскерді ханның өзі немесе оның батыр-cұлтандарының бірі басқарды. Ханның өз белгісі болды. Шайқас кезінде қарсылыс жақ ханды тұтқындаса, олар жеіске жетті деп саналады. Осындай қол басшылардың бірі 1690 жылы Жәңгір хан, содан кейін Тәуке хан әскери күштің қолбасшысы болған Ақша батырдың жанұясында дүниеге келген еліміздің батыры Бөгенбай батыр болды. 23 жасында Ташкенттік сарбаздар мектебін бітірді. Өзінің табиғи күшіне ол іскери тәжірибе, барлық қару түрлерін қолдану білімін қосты. Замандастарының алдына сол жақ қолында күмыс сапты қылыш, оң жақ иығында жебелі садағы бар сымбатты, кең иықты, жіңішке ұқыпты мұрты бар жас сарбаз шықты. 30-шы жылдары батыр өзінің қарамағында руда мен металлды өңдеу туралы білетін адамдарды жинады. Ол қару-жарақ шығарудың қажеттелеге жөнінде айта бастады. Бөгенбай батыр жас жігіттерді жекелеген күреске және әкер қатарында шайқасуға үйрететін мектеп ашқызды. Батыр бастаған қазақ жасақтары Есіл, Ертіс, Сарысу, Нұр өзендері жағасында қалмақтарды оран ойрат қырды. Абылай хан Бөгенбайға басқа батырларға қарағанда көп ықылас бөлді. Қазақ қоғамындағы батырлардың рөлін атап кеткен жөн. «Батыр» деген міртебелі атаққа тек жекелеген қасиеттер мен елді қорғау үшін жасаған ерен ерліктерінің арқасында ғана қол жеткізу мүмкін еді.

Қазақ батырларының бірі Қошқарұлы Шақшақ Жәнібек 17-жасында 1710жыл Қабанбай батырдың басшылығымен жоңғарларға қарсы шайқасқа қатысқан. 1726 жылғы шайқаста Жәнібек Орта жүздің әскеріне қол басшылық етті, ал үш жүздің барлығының әскерін Әбілқайыр басқарғаны мәлім. Жәнібек өзін ер жүрек жауынгер және шебер басшы ретінде көрсетті. 1727 жылы Бұланты өзенінің жағасында жоңғарларға үлкен соққы тигізілді. Осы шайқас болған жер «Қалмақ қырылған» деген атқа ие болды. Одан кейін Балқаш көлінің жағасында тағы да бір ерлік шайқас өтті. Осы жеңістердің нәтижесінде Орта Орданың тәуелсіздігі сақталды, бірақ жоңғар әскерінің жаңадан шабуыл жасау қаупі жойылған жоқ. Осы жағдайда 1731 жылдың 10 қазанында Кіші жүздің сұлтандары мен аға жауынгерлері патша үкіметіне бағынуға мойын ұсына бастады. 1740 жылы Кәшә жүздің бір бөлігі Ресей құрамына енді. Ал Ресей өз позициясын нығайту үшін Қазақстан территориясында қалалар мен бекіністер сала бастағанда, батыр дипломат ретінде 1740 жылы Орск қаласында өзінің кері көзқарасын жария етті. Бұл кезде Орынборлық комиссияның басшысы болып белгілі тарихшы В.Н.Татищев тағайындалды, оған қазақтардың жинақталып, қарсы әрекеттерге баруына жол бермеу бұйырылды. Олар қазақ даласындағы батырдың рөлін жақсы түсінді. Оны қымбат сыйлықтармен де сатып алу мүмкін емес екендігін де білді. Шенеуліктері Жәнібек сияқты батырларға қатысты басқа жолдар іздей бастады. Фельдмаршал орыс шені батырға лайық емес еді, сондықтан тарихқа бет бұрылды. XIV-XVI ғғ. Басында Ресейде батыс халықтары үшін «тархан» деген шен болатын, енді сол шенді қайтадан жандандыру туралы шешім қабылданды. 1743 жылдың маусымында императрица Елизаветта Петровна Жәнібек батырға тархан (князь) шенін берді. Замандастары Жәнібек батырдың өз халқының болашағы жөнінде көп ойлағанын еске алатын, және ол халықты, сақтау үшін тіл мен дінді сақтап қалу керек деп санаған. М.Вяткин жазғандай, қазақтар Жәнібек батырды «ханнан да кем санамаған». Жас ұрпаққа оның жанұясы жөнінже білген жөн. Орта Орданың ірі иелерінің бірі бола отырып, Жәнбек 4 әйел алған. Үлкен әйелі (бәйбіше) -Үлкен жүздің басшысының қызы, екінші әйелі – Орта жүздегі Әйтеке бидің қызы, үшінші әйелі – қалмақ ханының қызы, төртінші әйелі – Кіші жүз батырының қызы болған. Оның үлкен ұлы Дәуітбай жоңғарларға қарсы күресте ерекше ерлік көрсете отырып, Абылай ханның жақын майдандас серігіне айналды. Ол да тархан шенін алды. Халық айтуы бойынша Жәнібек 1752 жылы Торғай даласында қайтыс болған. Билер мен батырлардың шешімі бойынша оны Түркістанда Яссауи қажының мазарында жерледі. Соңғы ақтық жолына оны ұлы Ақпамбет атты ұлы шығарып салды. Қазір Жәнібек батырдың ұрпағы Қостанай облысының Жангелді ауданында тұрады. 1993 жылы Жәнібек батырдың ұрпағы оның туғанына 300-жыл толғанын туған жерінде тойлатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет