Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет106/121
Дата23.03.2022
өлшемі0,73 Mb.
#136536
түріЛекция
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   121
Байланысты:
Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны
Шомшек Даулет АНАТОМИЯ.docx, 1
Тер және терлеу тетігі, оның жас ерекшеліктері
. Тер бездері арқылы денеден 500-900 мл су 
шығады. Термен бірге мочевина, несеп қышқылы, креатинин, хлорлы Na, К және фосфаттар мен 
сульфаттар шығарылады. Терлеу тәулік бойы үнемі жүріп отырады, бірақ сыртқы ортаның 
температурасы жоғарылағанда, ауыр еңбекпен шұғылданғанда, шынықтыру жаттығуларында көп 
шығады. Бұл кезде дененің жылуды өндіруі тежеледі, бүйрек капиллярындағы қысым төмендейді де, 
несеп өндіру азаяды. 
Тер бездерінің реттелуі симпатикалық жүйке жүйесімен қамтамасыз етіледі. Симпатикалық жүйке 
талшықтарының теріге келетін холинергиялық ұштарынан екі түрлі медиатор бөлінеді: ацетилхолин 
және адреналин. Егер ацетилхолин бөлінсе жылы тер, ал адреналин бөлінсе салқын тер шығады. Салқын 
тер жағымсыз эмоция кезінде, адам қиналып-қобалжығанда шығады. 
Ересек адамның терісінен бала терісінің айырмашылығы бар. Бала терісінің сыртқы эпидермис 
қабаты өте жұқа, қантамырлары көрініп тұрады. Терісі тегіс, қыртыссыз болады. Жаңа туған сәбидің 
терісінің қалыңдығы 1,1 мм, 1 жасқа дейін тер бездері жылдам дамиды. 
Бала терісінде май көбірек болады. 
Терінің температурасы нәрестеде жоғары және тұрақсыз. Ыстық пен суықтың әсеріне сәйкес тері 
температурасының бейімделу өзгерісі 3-5 жастан бастап қалыптаса бастайды. Бала 4 жасқа дейін аз 
терлейді. Себебі тер бездерінің қызметін реттеуші жүйке орталығы әлі жетілмеген, 5-6 жаста толық 
жетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет