37
Адам терісі 3 қабаттан тұрады: сыртқы- эпидермис, ортаңғы – дерма, ішкі – гиподерма. Ең қалың
қабаты
сыртқы қабаты, қалыңдығы 1-2,5 мм. Бұл қабатта меланин пигменті өндіріледі.
Сондықтан
терінің түсі
пигментке байланысты,
егер аз өндірілсе тері ақшыл, көбірек болса –
қоңырлау,
тым көп
болса – қара қоңыр болады.
Дерма қабатының клеткалары тығыз дәнекер ұлпадан тұрады.
Онда қантамырларының
капиллярлары және нерв ұштары бар. Дерманың бүршікті қабатында тер өндіріледі. Терінің гиподерма
қабаты қорғаныс қызметін атқарады.
Тері асты клетчаткада тер бездері орналасқан. Олардың өзегі терінің
сыртына жіңішке саңлау
түрінде ашылады.
Тер бездері алақан, маңдай, қолтық, мойын, арқа және шап арасында көбірек болады.
Теріде май өндіретін май бездері бар. Олар алақан, табан терісінен басқа жердің бәрінде бар. Май
бездерінің өзектері тері түгінің қапшығына ашылады. Олардың өнімдері терінің түгін және эпидермис
қабатын майлап, құрғап қалудан сақтайды. Май бездері тәулігіне 20 г тері майын шығарады. Майланған
теріден су, микроорганизмдер өтпейді және микробтарды өлтіретін заттары теріні тазартып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: