6
Ми сыңарларының дамуы
. 1 жастағы баланың маңдай бөлімі нашар дамыған, оның сайлары мен
қатпарлары ұсақ, таяз. Ми қыртысының қызметі нашар, қыртыс асты бөлімін бақылауы төмен дәрежеде,
жұлынға ықпалы аз болғандықтан баланың ретсіз қимылдары көп болады.
4-6 жас аралығында баланың сезім және қозғалыс аймақтары қалыптасады.
Функциялық жетілуі
төмендеу болғандықтан жүйке орталықтарының тежелуі – нашар, қозуы – тез жайылады, бала тез
қозады, әсіресе ойнағанда жаман ұйықтайды, ұйықтап жатқанда мазасызданады.
7-13 жаста ми қыртысының үшінші қабатындағы пирамида тәрізді
клеткалары қалыптаспаған,
байланыс бөлімдерінің нейрондары миелинденіп болмағандықтан ойлау қабілеті, санасы әлі толық
жетілмеген. Қозуы тежелуден басымырақ. Сондықтан баланың зейіні 7-8 жаста 15-20 мин, 8-10
жаста
20-25 минуттай ғана. Бастауыш сынып оқушылары тез қозады, үзіліс кезінде түрлі ойындардан кейін
ұзаққа дейін тыныштала алмайды.
13-18 жас арасында ми қыртысының үшінші қабаты толық қалыптасып үлгереді. Баланың белсенді
зейіні 30-40 минөттей болады. 17-18 жаста баланың ми қыртысының
құрылымдық дамуы аяқталады,
бірақ қызметінің дамуы одан әрі қарай жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: