29
Бұлардан басқа рефлекторлы түрде болатын тыныс алу мүшелерінің
қызметінің реттелуінің де
маңызы үлкен. Айталық, дем алғанда өкпе керіледі де, оның қабырғасындағы
және қабырға аралық
бұлшық еттер мен диафрагмада орналасқан барорецепторлар тітіркенеді.
Оларда пайда болған
импульстар орталыққа тепкіш жол арқылы сопақша миға барып, оның нейрондарының қызметін тежейді
де, дем алу тоқтап, дем шығару басталады. Өкпенің керіліп созылуы тоқтасымен тыныс алу орталығына
баратын импульстер тоқтап, нейрондардың қозғыштығы артады да қайтадан дем алу басталады.
Достарыңызбен бөлісу: