Сабақтың тақырыбы: Жүрек және қантамырлары қызметінің гуморальдық реттелуі



Дата21.04.2017
өлшемі103,25 Kb.
#14239
түріСабақ
Сынып:8

Сабақтың тақырыбы: Жүрек және қантамырлары қызметінің гуморальдық реттелуі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жүректің және қантамырлары қызметінің жүйкелік және гуморальдық реттелуі жөнінде оқулықты пайдалана отырып, слайд арқылы толық түсіндіру.

а) білімділік: оқушылардың биология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру;

ә) дамытушылық: оқушыларды оқулықпен сәйкестендіру тестпен, сызба нұсқалармен өз беттерімен жұмыстануға адғдыландыру;

б) тәрбиелік: адамгершілікке, байсалдылыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: муляж жүрек, сызба – нұсқалар, слайд.

Пәнаралық байланыс: оқушы анықтамалығы биология, математика, әдебиет.

Сабақ түрі: жарыс сабақ

Әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, тест.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
«Қызығушылықты ояту». (Үй тапсырмасын пысықтау).

Кардиологтар тобына:

  1. Қан тамырлары нешеге бөлінеді?

  2. Қан тамырлары нешеге бөлінеді?

  3. Жүректің салмағы қанша?

  4. Жүрек неше қабаттан тұрады?

  5. Адам жүрегі неше бөлікті?


Гематологтар тобына:

  1. Жүрек автомотизмі дегеніміз не?

  2. Қан топтарын ата.

  3. Жүректі емдейтін маман дәрігер кім?

  4. Қанды түзуші ұлпа.

  5. Қанды ұйытатын қан жасушалары.



Сөзжұмбақ шешу «Биология»

















Б

























И




















































О
















Л





































О

























Г































И











































Я















  1. Қанның ұюына қатысатын жасуша (Тромбоцит)

  2. Қанның қызыл түйіршігі (Эритроцит)

  3. Оттекпен қосылған гемоглабин (Оксигемоглобин)

  4. Қанның түссіз жасушасы (Лейкоцит)

  5. Қанның қызыл түсті пигменті (Гемоглобин)

  6. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығы (Гомеостаз)

  7. Ағзаның қорғаныштық қабілеті (Лимфа)

  8. Эритроциттерде қандай органоид болмайды? (Ядро).


Жұмбақтар шешу.

Кардиологтар тобына:

  1. Тарам – тарам бір ғалам,

Айқыш – ұйқыш шырғалаң.

Толған ағыс тоқтаса,

Жоғалады бар адам.

(Қантамыр)



  1. Таппайтын тағат,

Тығулы сағат.

(Жүрек)


Гематологтар тобына:

  1. Жанды мотор сынбайды,

Күні – түні тынбайды

Кейде оның жүрісін

Дәрігерлер тыңдайды.

(Жүрек)




  1. Сыртқа шығар жол тұйық,

Түсі шымқай қызыл сұйық.

(Қан)


Тірек – сызба.

Орталық жүйке жүйесі



Симпатикалық, жүректің жиырылу жиілігі жылдамдайды.

Парасимпатикалық, жүректің жиырылу жиілігі баяулайды.






Гуморальдық реттелу

Гипофиз Қалқанша без Бүйрек үсті безі


Вазопрессин Тироксин Адреналин




Қан қысымының өзгеруінен болатын аурулар






Гипертония

(арттерия, вена тамырларында қан қысымының көтерілуі)




Инфаркт – миокард (Жүрек бұлшық еттерінің өлі еттенуі)
Гипотония (қан қысымының төмендеуі)

Инсульт (миға қан құйылу)




Ғылыми зерттеулер
И.И.Мечников – орыс ғалымы К.Ландштейнер – австриялық ғалым

1883ж. лейкоциттердің 1901ж. қан плазмасының

микроорганизмдер эритроциттермен араласқанда

мен бөгде денелерді бірігіп қалатынын байқады.

белсенді қоршап алу, Макака – резус маймылының

сіңіру үрдісін «Фагоцитоз» қанынан анықтады.

деп атады.

У.Гарвей ағылшын ғалымы 1628 жылы қан айналымды ашты.

М.Мальпиги Итальян дәрігері өте ұсақ қантамырлары, қылтамырлар (капиллярларды ) ашты.



Сандар сыры неде?
Кардиологтар тобына:
5 120 4,5-5млн.

Гематологтар тобына:

250-300 3 23секунд


Жауабы:

  1. Ересек адамда шамамен 5 литр қан болады.

  2. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы 120 күн.

  3. 1 мм3 қанда 4,5-5 млн эритроцит болады.

  4. Ересек адамның жүрегінің салмағы – 250 – 300г.

  5. Жүрек қабырғасы – 3 қабаттан тұрады.

  6. Қан айналым ұзақтығы – 23 секунд.


Сәйкестендіру тесті.


  1. Қан 1. Оттекті тасымалдайды

  2. Эритроциттер 2. Қанның ұйымайтын ауруы

  3. Лейкоциттер 3. Қанның қызыл түсті жасушалары

  4. Тромбоциттер 4. Ақ түсті ядролы жасушалар

  5. Гематолог 5. Ағзалардың айнасы

  6. Гемофилия 6. Қан ауруын емдейтін дәрігер

  7. Гемоглобин 7. Плазмадағы нәруыз

  8. Фагоциттер 8. Қан ұйытқыш жасушалар

  9. Глобулин 9. Ең үлкен артерия қантамыры

  10. Қолқа 10. Обыр жасушалар

Жауаптары: 1-5, 2-3, 3-4, 4-8, 5-6, 6-2, 7-1, 8-10, 9-7, 10-9.


Топтастыру әдісі.

Тіршілік көзі мүшелерді дене

байланыстырушы қызуының

бірқалыптылығын

сақтаушы
Гуморальдық реттеуші

Қан

қызыл түсті сұйық дене қорғанышы жарақаттан сақтаушы



Графикалық диктант. Дұрыс жауапқа «+», қате жауапқа «-» таңбасы қойылады.

  1. Қан ағзаның ішкі ортасы

  2. Ағзада қалыпты жағдайда 5 л. қан болады

  3. Қан эпителий ұлпасына жатады

  4. Гемоглабиннің негізгі қызметі оттекті және көмірқішқіл газын тасымалдау

  5. Эритроциттер қанның түссіз жасушасы

  6. Эритроциттердің тіршілік ұзақтығы 120 күн

  7. Лейкоциттер ядросы бр жасуша

  8. Гемофилия тұқым қуаламайтын ауру

  9. Лимфа айналымы тамырлар арқылы жүзеге асады

  10. Гемоглабин қанның түссіз пигменті

  11. Эритроциттер қанды ұйытатын жасуша

  12. Лимфа түйіндерінде ұлпа сұйықтығы залаласызданады

  13. Қан 23 секунд ішінде бір рет қантамырды айналып шығады.


Дұрыс жауаптары: 1,2,4,6,7,9,12,13.
Тест.

  1. Қан ұйымайтын ауру:

А) гастрит

Ә) дальтонизм



Б)гемофилия

  1. Қанайналымды алғаш зерттеген қай елдің ғалымы?

А) Италия

Ә) Ағылшын

Б) Франция



  1. Үлкен қанайналым шеңбері жүректің қай бөлігінен басталады?

А) оң жақ қарынша

Ә) сол жақ қарынша

Б) сол жақ жүрекше



  1. Кіші қанайналым шеңбері жүректің қай бөлігінен басталады?

А) оң жақ жүрекше

Ә) оң жақ қарынша

Б) сол жақ жүрекше



  1. Қан қысымын өлшейтін құрал:

А) барометр

Ә) тонометр

Б) динамометр



  1. Эритроцит құрамына кіретін химиялық элемент:

А) оттек

Ә) азот


Б) темір

  1. Қанның қызыл түсті болуы неге байланысты?

А) фибринге

Ә) қан плазмасына



Б) эритроциттерге

  1. Жүрек және қантамырлар жұмысы:

А) адам еркімен реттеледі

Ә) жүйке арқылы реттеледі

Б) ауа райына байланысты



  1. Ересек адам жүрегі 1 минутта қанша рет соғады?

А) 50-55

Ә) 60-65


Б) 70-75

  1. Эритроцит құрамындағы органикалық зат:

А) гемоглабин

Ә) вазопрессин



Б) окситоцин

Қорытынды: Жүректің қантамырларының қызметімен бүкіл ағза қызметі байланыста болады. Ал жүрек пен қантамырларының қызметі ағзаның ішкі мүшелерінің қалыпты жұмысына тікелей байланысты. Адам еңбексіз өмір сүре алмайды. Ой және дене еңбегінің қалпы қанайналым мүшелеріне әсерін тигізеді. Қанайналым мүшелерінің қызметі қаңқа бұлшық еттерінің механикалық әсерінен жақсарып отырады. Бұл белсенді дене қимылы кезінде байқалады. Адам неғұрлым көбірек қимылдаса, ой еңбегінің өнімділігі соғұрлым артып отырады.
Бекіту сұрақтары:

  1. Қан қысымының артуы не деп аталады?

  2. Қан қысымын өлшейтін құрал аты.

  3. Қандай қысым ең көп, қайсысы ең аз деп аталады?

  4. Тамыр соғуы дегенді қалай түсіндіресің?


Үйге тапсырма: 39-тақырып, термин сөздермен жұмыс.

Эпикард, жүрек автоматизмі, донор, реципинт, гемоглобин, резус – фактор, агглютинация, иммунитет, миокард, эндокард.
Каталог: uploads -> doc -> 0ed0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ed0 -> Тақырыбы Етістіктің райлары. Ашық рай
0ed0 -> Ақпарат құралдарынан материалдар жинақтау. Интернет материалдарымен танысу. Түрлі кітапшалар, брошюралар, т б. қарап шығу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет