Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет15/121
Дата23.03.2022
өлшемі0,73 Mb.
#136536
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   121
Байланысты:
Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны
Шомшек Даулет АНАТОМИЯ.docx, 1
Шеткі жүйке жүйесі
. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан шығып бүкіл мүшелерге, олардың 
ұлпаларына, жасушаларына тараған нейрондар мен жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі 
соматикалық және вегетативтік жүйке жүйелеріне бөлінеді. 
Соматикалық жүйке жүйесі
организмнің сыртқы мүшелерін және қаңқа бұлшық еттерін 
жүйкелендіреді. Соматикалық жүйке жүйесінің орталықтары жұлынның барлық сегменттерінде, мидың 
барлық бөлімдерінде (аралық мидан басқасында) орналасқан.
Вегетативтік жүйке жүйесі
барлық ішкі мүшелерді, қантамырларды, жүректі жүйкелендіреді. 
Вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ми бағанасында, жұлынның көкірек, бел және сегізкөз 
бөлімдерінде орналасқан. Вегетативтік жүйке жүйесі 
симпатикалық 
және парасимпатикалық жүйке 
жүйелерінен тұрады. 
Симпатикалық және парасимпатикалық жүйке жүйелері орталық және шеткі (перифериялық) 
бөлімдерден тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет