14
-үстелде, партада бала дұрыс отыру керек;
-жүріп келе жатқан көлікте
кітап оқуға болмайды;
- теледидар көргенде 2,5-3 м қашықтықта отырған дұрыс;
-баланың жасына лайық кітап оқу ұзақтығын сақтау жөн:
6-7 жаста – 10 мин,
7-10 жаста – 15 мин,
10-12 жаста – 20 мин,
12-15 жаста – 25 мин,
15-18 жаста 30 мин.
-көздің тазалығын сақтау керек.
Дыбыс талдағышы
Есту анализаторы - үш бөлімнен (сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақтан) тұрады.
Сыртқы құлаққа–
эластикалық
шеміршектен тұратын
құлақ қалқаны
мен
сыртқы дыбыс
жолы
жатады. Сыртқы дыбыс жолының ұзындығы 2,5 см-ге жуық. Ол самай сүйегінің пирамида
бөлігінде орналасады. Сыртқы дыбыс жолының ішкі жағында түрі өзгерген тер бездерінен сарғыш түсті
құлық бөлінеді. Олар дабыл жарғағын сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларынан қорғап тұрады.
Ортаңғы құлақ
–
дабыл қуысынан, есту сүйекшелерінен (балғашық, төс, үзеңгі) және есту
түтікшесінен (евстахиев түтігі) тұрады. Ортаңғы құлақтың артқы жағында 2 тесік (кіреберіс және ұлулы
дене) бар. Бұл тесіктер ортаңғы құлақ пен ішкі құлақты бір-бірімен байланыстырып тұрады.
Ортаңғы
құлақтағы үш сүйек (төс, балғашық, үзеңгі) бір-бірімен буын арқылы
байланысқан және олар дабыл
жарғағын ішкі құлақпен байланыстырып тұрады. Ортаңғы құлақтағы дыбыс түтігінің ұзындығы 3,5 см
және ол жұтқыншақпен байланысып жатады. Сондықтан да, ортаңғы құлақ қуысында үнемі
атмосфералық ауа болады.
Ішкі құлақтың
немесе шытырманның (лабиринт) құрылысы күрделі болып келеді. Оның ішкі
жағында орналасқан жарғақты түтікшелердің
ішінде
Достарыңызбен бөлісу: