Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары



Pdf көрінісі
бет63/121
Дата23.03.2022
өлшемі0,73 Mb.
#136536
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   121
Байланысты:
Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны

ІІ. Тұлға сүйектері - 
омыртқа жотасы, көкірек қуысы сүйектерінен (12 жұп қабырға, төс сүйегі) 
тұрады. 
Омыртқа жотасы
33-34 омыртқадан тұрады: 7 мойын омыртқасы, 12 арқа омыртқасы, 5 бел 
омыртқасы, 5 сегізкөз омыртқасы, 4-5 құймышақ омыртқасы. Сегізкөз және құймышақ омыртқалары 
бір-бірімен бірігіп кеткен. 
Омыртқа жотасының өсуі алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Омыртқа арасындағы буындардың 
шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан балалардың омыртқа жотасы ересектерге 
қарағанда жеңіл қимылдайды. Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдер 
болмайды. 2-3 айда мойны бекігеннен кейін мойын лордозы (лат. алға иілу), 6 айдан кейін отыра 
бастағанда арқа және сегізкөз кифозы (лат. артқа иілу), 1 жасқа жақындап, жүре бастағанда бел лордозы 
пайда болады. 2-3 жаста омыртқа сүйектене бастайды. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты 
иілімдері күшейе түскенімен, әлі де тұрақсыз болады. Баланың бойын таңертең өлшегенде 5-6 см 
(ересектер 2-3 см) ұзын болса, кешке соншалықты қысқа болады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, 
иілімдері толық қалыптасады. Осы жастан бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында 2 
лордозы (мойын, бел) және 2 кифозы (арқа, сегізкөз) түзіледі. 
5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқа аралық шеміршектегі заттардың 
алмасуы күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқа жотасында патологиялық 
лордоз, кифоз, сколиоз (омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі) және т.б. өзгерістер пайда болады. 
Жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160
0
-қа дейін еңкейіп, 145
0
-қа дейін 
шалқаяды, оңға-солға 165
0
-қа, ал, өз осінде 120
0
-қа дейін қозғалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет