Лекциялық сабақтар 1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары


Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет67/121
Дата23.03.2022
өлшемі0,73 Mb.
#136536
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   121
Байланысты:
Лекциялы саба тар 1-та ырып. Адам организміні суі мен дамуыны

Бұлшық еттердің құрылысы мен қызметі. 
Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық 
қалыптаспағанымен, дене салмағының 20-22%-ндай ғана (ересек адамда 40-45%) болады. Адам 
денесінде 600-ден астам бұлшық еттер бар. Бұлшық еттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және 
бірыңғай салалы бұлшық ет. Қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшық еттердің 
сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады. Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын 
қызметіне байланысты қалыптасады. Бұлшық еттің екі басы болса қарапайым, үш немесе одан да көп 
болса күрделі бұлшық ет деп атайды. Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос 
буынды, көп буынды деп бөлуге болады. Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ 
еттеріне жіктеледі. Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. 
Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар бұлшық ет бар. 
Бұлшық еттердің қызметі – жиырылу. Бұлшық еттерде көптеген нерв ұштары – рецепторлар 
орналасқан Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу дәрежелерін сезеді. 
Бұлшық еттердің өсіп жетілуі әртүрлі. Ең алдымен құрсақ еттері дамиды, кейіннен тістерінің 
шығуына байланысты шайнау еттері жетіледі. Еңбектеу мен жүруге байланысты аяқ-қол, арқа еттері 
дамиды. Бұлшық еттердің дамуы 25-30жасқа дейін байқалады. 
Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның шаршаған етінің қаб ілетіндей ғана болады.


23 
 
8-тақырып. Қан және қан айналысы. Қанның қызметі. Қан топтары. Жүрек және қан тамыр 
системасының реттелуі. Спорт және дене еңбегінің жүрекке әсері. Бала еңбегін мөлшерлеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   121




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет