Жоғары жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы . Баланың мінез
құлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі, жоғары жүйке әрекетінің топтары
әсер етеді.
Баланың темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі әсерге байланысты:
1. Ата-анасынан тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми қыртысындағы
генотиптік қасиеті.
2. Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі, дос-жолдастарының ықпалы, әлеуметтік
қоғам орындарының ықпалы) болатын
фентоиптік қасиеттер.
Н.Н.Красногорский балалардың ми қыртысындағы қозуы мен тежелуін зерттей келе,
олардың жоғары жүйке әрекетін 4 топқа бөлді:
1. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы жылдам топтың шартты рефлекстері тез пайда
болып оңай тежеледі, пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл топтағы
балалардың тілі жатық, сөз қоры мол, мінезі ұстамды.
2. Қозуы мен тежелуі күшті, тең, алмасуы баяу топтың шартты рефлекстері бірнеше рет
қайталағанда пайда болады, бірақ пайда болған рефлекстері ұзақ, жақсы сақталады. Бұл
топтағы балалар ерте бірақ баяу сөйлейді. Мінезі - өте шыдамды.
3. Күшті қозғыш ұстамсыз топтағы балалардың шартты рефлекстері өте жылдам пайда
болғанымен тез жойылып отырады. Мінезі - ұстамсыз, шыдамсыз.
4. Әлсіз топтағы балалардың шартты рефлекстері ұзақ көп қайталағаннан кейін өте баяу
туады. Ондай балалар жаңа жағдайға ұзақ бейімделеді. Мінезі жасқаншақтау, тез шаршағыш
келеді.