Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет12/17
Дата08.02.2022
өлшемі308,63 Kb.
#119743
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
5 апта адам Office Word

Жеке тұлғаның қалыптасуы
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы 
жағдайында, оны оқыту және тәрбелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуының, 
сонымен қатар барлық психикалық сапалар
 
мен үрдістердің қозғаушы күштері не? 
Психология тарихында бұл мәселені шешуде екі бағыт қалыптасты: 
биогенетикалық және социогенетикалық.
Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, 
тұқым қуалау факторымен анықталады. Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз 
еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық 
реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып ғана қоймайды, сонымен 
қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімдік береді. (біреулер қылмыс істеуге бейім келеді, 
кейбіреулер ұйымдастырушылық қабілетке бейімділік аңғартады және т.б.). Адамдарда 
табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен 
қатар оның мазмұны, психикалық даму кезендері және оның пайда болу тәртібі 
алдын ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны өзінің 
белсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың әрекет етуінің жемісі ретінде 
қарастырады. 


Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік 
ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Социогенетиктер 
биогенетиктер сияқты даму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, 
оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімделушілік қызметін ескереді. Егер де 
социогенетикалық тұжырымдаманың айтқанына жүгінсек, онда мынадай мәселе түсініксіз 
болып қалады, неге бір әлеуметтік ортада әртүрлі адамдар қалыптасады, оның себебі 
неде? Сонымен, биогенетикалық та, социогенетикалық тұжырымдама да жеке тұлғаның 
дамуы заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық та, 
социогенетикалық та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес. 
Жеке тұлғаның дамуы туралы шет елде қабылданған белгілі теориялардың қателігі 
жеке тұлғаның дамуында тұқым қуалау мен ортаның мәнін түсіндіруде емес, онда жеке 
тұлғаға әртүрлі ықпалдарды механикалық түрде тұжырымдайды, ол "ойыншық" ретінде 
қарастырылады. Соған сәйкес жеке тұлғаның белсенділігі жоққа шығарылады. Жеке 
тұлғаның белсенділігі түрткілер жүйесі арқылы адамдарды іс әрекетке итермелейтін 
қажеттіліктер жиынтығымен байланысты. Қажеттіліктер тәртіп бойынша, пайда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет