Сонымен қатар бір уақытта қыз балалардың бойларында анасына тән көптеген мінез
белгілері қалыптасады.
Әлеуметтенудің басқа да факторлары - еліктеу, сендіру, әлеуметтік фацилитация,
басқаның айтқанына көнгіштік (конформизм).
Еліктеу -
бұл басқа адамдардың тәжірибесін жеке тұлғаның саналы немесе
санасыз қайта жаңғыртуы, оның ішінде мұның қозғалысы, қылығы, сырт пішіні және іс-
әрекеті.
Еліктеу тетігі туа біткен болып табылады. Еліктеу қозғалысының әртүрлі түрлерін
жоғары сатыдағы жануарларда, алдымен адам тәріздес маймылдарда аңғаруға болады.
Адамдарда бөбектік және мектепке дейін жас кезеңдерінде ерекше анық байқалады.
Ересек адамдарда басқалармен салыстырғанда дамуда қосымша рөл атқарады.
Сендіруді
үрдіс ретінде қарастыра отырып, оның нәтижесінде адамның қатынас
жасайтын басқа жолдардың ішкі тәжірибесін, ойларын, сезімдерін, психикалық
жағдайларын санасыз қайта жаңғырту іске асады. Сендіру тетігі арқылы басқа
адамдардың көңіл-күйін білеміз, дұрыс түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: