Лекцияның мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата08.02.2022
өлшемі308,63 Kb.
#119743
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
5 апта адам Office Word

қабілеттіктерді 
қамтиды. Қабілеттіліктер 
өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің 
бірі үстемдік етеді, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде 
ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол
 
өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де 
таныта білді. Сол сияқты М.Ю. Лермонтов туралы да айтуға болады.
Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді.
Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының 
таңдамалығына әсер етеді, 
Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі 
мінез 
болып табылады немесе 
әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, 
адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны 
тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, 
интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын 
типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді. 
Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Оларға 
ең алдымен — моралдік, екіншіден — ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-
құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан 
да моралдік — ерік-жігер сапаларын мінездің негізін құрайды деп айта аламыз. 
Төртінші бөлігі 
басқару жүйесі
болып табылады, көп жағдайда "мен" деген 
ұғымды білдіреді. "Мен" — жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп 
отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-
әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке 
тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның 
құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар 
еді. 
Психикалық үрдістер — психикалық кұбылыстардың әртүрлі түрлерінде 
шындықты динамикалық тұрғыда бейнелеу. Психикалық үрдістер жеке тұлғаның 
шындықпен байланысын қамтамасыз етеді. Олар арқылы жеке тұлғаның қасиеттері 
қалыптасады. Ұйымдасқан қасиеттер өз кезегімен үрдістің жүруіне әсер етеді. Мәселен, 
түйсіктер үрдісінде нақтылы сенсорлық қасиеттер және одан әрі түйсіктердің сандық, 
сапалық сипатын анықтайтын жеке тұлғаның тұтас сенсорлық құрылымы қалыптасады. 
Теориялық және практикалық міндеттерді шешу үрдісінде жеке тұлғаның ерік-жігер 
құрылымы қалыптасады. 
Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты 
эмоциялық реакцияның таңдауына әкеледі. 
Психикалық үрдістердің негізінде психикалық қасиеттер ұйымдасады. Жеке 
тұлғаның психикалық қасиеттері бұл индивидке тән психикалық іс-әрекет пен мінез-
құлықтың белгілі сандық-сапалық деңгейін қамтамасыз ететін тұрақты құрылым. 


Психикалық үрдістердің жүру сипаты, қасиеттердің көрінуі жеке тұлғаның 
психикалық белсенділігінің жағдайына байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет