шаруалар меншігіне қанша жерді өңдеуге шамасы болса, сонша жер беріледі;
мемлекет шаруаларға су, дән, тыңайтқыш пен техника жағынан көмектеседі;
шаруа мемлекет қазынасына өнімінен тапқан пайдасының 20% салық ретінде төлеуі тиіс;
ал шаруаның жалдамалы жұмысшылары айлық табысының 10% мемлекетке салық ретінде төлейді;
мемлекет өнеркәсіп өндірісінде шағын және орта бизнеске қолдау көрсетеді;
көсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет кәсіпкерлер банкін құрады;
icпен айналысам деушілерге жеңілдікпен несие береді, әрине беру кезінде біліктілік деңгейі мен мүліктік жағдайы ескертіледі;
Өз-өзін бақылау сұрақтары 1. Өзбекстанның қаржы жүйесінің құрамы мен ерекшеліктері.
2. Орта Азиялық Республикалардың қаржы жүйесінің құрамдарын салыстыру.
3. Өзбекстанның және Қырғыстанның салық жүйелеріне сипаттама беріңдер.
4.Түркіменстанның мемлекеттік бюджет шығыстарына және кірістерінің құрамдарына анализ жүргізу.
5. Қырғызстанның бюджет жүйесін ұйымдастыру арналымы неден тұрады?