Дәріс тақырыбы: Біртұтас педагогикалық үдеріс - педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі
п.ғ.к., доцент Р.Қ.Керимбаева
лекцияның мазмұны 2.Педагогикалық үдерістің белгілері, сапалары
және өзіндік сипаттары
1.Педагогикалық үдеріс мұғалім іс-әрекетінің
объектісі
3.Қарама-қайшылық педагогикалық үдерістің
қозғаушы күші
Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетітің объектісі. Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек. (Н.И.Непомняшая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.
Педагогикалық процесті біртұтас объект ретінде қайда жасауға бастапты абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама-қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек.
Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс - әрекеттегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту (распредмечивание) мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының (опредмечивание) бірлігі (Ж.М.Абдильдин). Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды. Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көп жақты болды, нақтылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қалыптасушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, «қалыптасуды» қас қағым сәттің арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады. Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуге жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған (опредмеченных) іс - әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс - әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді. Белгілі бір уақытқа дейін оқушы өз бетімен әлеуметтік тәжірибиені іс-әрекетке ауыстыра (распредмечивание) алмайды, яғни мазмұннан іс-әрекет тәсілдерін ала алмайды («бұны қалай істеуге болады»). Сондықтан, ол басқа «ұстаз-оқушы» дүйесінің бөлігі болады. Оқушы өз бетімен өзін-өзі бағалауды қалыптастыра алмайды.Өзін бағалау басында оның әрекет нәтижесін басқалардың бағалауы керек. Сондықтан, оған басқа адамдармен қарым-қатынаста болу қажет. Осыдан барып басқа «оқушы-оқушылар» жүйесі пайда болады. Ол бұл алғашқы коллектив сатысы, олда оқушы білімдерді және жаңа әлеуметтік ролдерді меңгеріп дайындалады, бұл алға қойған өміріне белсене қатысуын қамтамасыз етеді (И.Кон).
Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан («қалыптасу қас қағым сәті») бірінші деңгейдегі жүйеге «адам» көтерілу арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе ретіндегі бірқатар белгілерін көрсетеді:
-бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері есебінен өмір сүреді;
-мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және поли құрылымдық құбылыс, себебі ол өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді жинайды;
-жүйе тек іс-әрекетпен алмасуда ғана өмір сүреді: егер ұстаздар әр түрлі іс-әрекеттер, тәсілдеріне оқытса, онда оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болады;
-педагогикалық процесте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың іс-әрекеті болады;
-педагогикалық процестегі мұғалімнің басқару заты іс-әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлары қамтамасыз етіледі .
Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші.
Мұғалім мақсатты педагогикалық процестің дамуына ықпал еткісі келсе «ұстаздар – оқушылар» жүйесіне тән бірнеше қайшылықтар тобының болатындығын қайшылықтар топтары өзара байланысты болатындығын, ал оларды шешу педагогикалық процесс субъектілерінің іс-әрекеттерін қайта құру арқылы болатындығын ескеру керек. Мұғалім процесс барысында ауытқудан пайда болып келе жатқан қайшылықтарды білуді, олардың ерекшелерін анықтау үшін және осыған байланысты өз әрекетінің ұзақ мерзімдік жоспарын ал қажет болса тез шешім қабылдау үшін керекті оған сай теориялық және әдістемелік дайындық керек.
Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікке белсенді түрде іс-әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, бұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес.
Назарларыңызға рахмет!