Лекцияның оқыту нәтижелері



бет2/3
Дата10.10.2023
өлшемі33,78 Kb.
#184451
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
5... лекция
Some popular smartphones, 05-Headway-Upper-Intermediate-5th-Editionl-Wordlist, Парктикаа
Сана-сезім.
Адам өзін ойлай алатын, сезе білетін, өзіне-өзі баға бере алатын дәрежеге жеткенде сана-сезім немесе өзіндік сана пайда болады.
Адам өзін істеген істері арқылы да біле алады, өйткені еңбек ету дегеніміз- адамның затқа айналдырған санасы. Сана-сезім танымдық және әлеуметтік-рухани құбылыс. Сонымен, адам алдымен өзін сезінеді, одан соң өзінің өмірдегі орнын, атқарған қызметі арқылы қабілетін біледі.
Сана-сезім өзін-өзі реттеу, жөнге салу ретінде және өзін түсіну ретінде қаралады. Өзін түсіну арқылы адам мінез-құлқын, жүріс-тұрысын жөнге салып тәрбиелейді. Сана-сезімнің тағы бір түрі - бұл ұлттық сана-сезім. Ол - әр ұлттың «өзін-өзі түсінуі, тіліне, әдет-ғұрпына, өткені меп болашағына талдау жасап, ойлануы (Абайдың өлеңдері, қара сөздері. Оның халықтың сана-сезімін оятудағы маңызы).
Сана адам миын қызметі арқылы пайда болды. Ол әрине, бірден пайда болған жоқ. Бірнеше дәуірлерден өтті. Сананың пайда болуы негізінен екі факторға тікелей байланысты. Оның бірі - еңбек, екіншісі - тіл. Қатынас және пікір алысу кұралы ретінде тілдің ролі өте маңызды. Еңбек лроцесінде адамдар заттың маңызын, оның касиеттерін ашып, оны бір-біріне тілдің көмегі арқылы жеткізеді. Тіл - коммуникативтік құрал ретінде бірте-бірте қалыптасты. Алғашқы адамдар бірімен бірі түрлі дыбыстар, қимылдар арқылы ұгысқан. Оз ойын ымдап түсіндіру әлі күнге дейін кездеседі. Осындай түрлі әрекеттер мен дыбыстардан тіл қалыптаса бастады. Тілдін, арқасында сана қоғамдық құбылысқа айналады.
Қоғамдық сана - саналы тіршілік иелері - адамдардың іс-әрекетінің нәтижесі. Көпшіліктің қолдауына ие болып, рухани құралына айналған сана - коғамдық сана деп аталады. Адамзат өмірде, еңбек ету ироцесінде сыртқы дүниені белгілі бір дәрежеде танып біледі. Соған сәйкес ой тұжырымын жасайды. Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, басқа адамдардың ойын, мақсаты мен парызын бейнелейді. Сондықтан, әлгі аталған дүниелер көптің көңілінен шығып, қолдау табады. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан пайда болады. Қоғамдық саналы коғамдық болмыстың бейнесі дейтініміз сондықтан. Қоғамдық болмыс алғашқы болып табылады. Себебі, ол коғамдық санадан тәуелсіз өмір сүреді. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар ол бейнеленген объектіні дамытып, өзгертеді. Шыгу тегі жағынан қоғамдық сана екінші болғанымен, қоғамдық болмысқа дәрменді әсер етеді.
Қоғамдық сана бір жағынан болмысты бейнелесе, екіншіден рухани кұбылыстарды жасаушы. Оның адам санасына әсер етуі де екі түрлі. Ол жеке адамдар санасы арқылы және қоғамдық естелік (баспасөз өнімдері арқылы) арқылы өмір сүреді. Қоғамдық сананың құрылымын гносео-логиялық, социологиялық және нақты-тарихи тұрғыдан алып қарастыруга болады. Гносеологиялық тұрғыдағы сана қарапайым (білім, әсерленушілік, ерік, ес) және теориялық болып бөлінеді.
Социологиялық тұрғыдағы сана ықпал ету өрісі, мазмұны, түрі деп бөлінеді. Ықпал ету өрісіне - психология, идеология, ғылым жатады. Мазмұны жағынан - халыктық, ұлттық, таптық, кәсіптік болып бөлінеді. Нақтылы - тарихи тұрғыдан типтік және жай-күйі болып екіге бөлінеді. Типтік жағынан алғашқы қауымдық, таптық - антогонистік т.б. салаларга бөлінеді. Ал, жай-күйі жағынан: оптимистік, пессимистік және шектен тыс өзімшілдік болып бөлінеді. Сондай-ақ қоғамдық сана төменгі және жоғарғы сатылардан тұрады. Төменгі сатыға қоғамдық психология жатады. Ол сезімге негізделеді (сезім, елес, әдет-ғұрып) стихиялы, жүйеленбеген түрде қалыптасады. Қоғамдық психология таптық, ұлттық, жыныстық, кәсіптік болып келеді. Ол адамдардың ойлау, жүріс-тұрыс, көңіл-күйінен байқалады.
Идеология қоғамдық сананың жоғарғы сатысы болып табылады. Идеологияның басты ерекшелігі оның жүйелілігінде. Ол өзінің мәні мен мазмұны жағынан белгілі бір топтың ой-пікірлерінің, көз-қарастарының, теорияларының жиынтығы болып табылады. Түрі мен құрылымы жағынан идеология барынша үйлестірілген, теориялық жағынан жеткілікті дәрежеде негізделген пікірлер мен көзқарастар жиынтығы. Идеология қоғамдық лсихология сияқты өздігінен стихиялы түрде пайда болмайды.
Қоғамдық санамен қатар, әр адамның жеке санасы болады. Жеке сана адамның біліміне, өмір жағдайына, мінезіне, тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Әрине жеке сананың қоғамдық санадан өрісі тар. Ал қогамдық сананы жасаушы да, оны іске асырушы да жеке адам. Сонымен жеке сананың қоғамдық санадан айырмашылығы неде? Күнделікті өмірдегі екі адамның өзара әңгімесі, тұрмысы, күнкөрісі, жұмысы т.б. жеке сана болып табылады. Ал, өзара әңгімеде теориялық мәселелер, қоғамның беталысы, дамуы туралы сөз болса, ол қоғамдық сана болады.
Қоғамдық сананың формалары дегеніміз не? Олардың қоғам өміріндегі атқаратын рөлі қандай? Айырмашылықтары неде?
Қоғамдық сана формаларының әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болғанымен, олар бір-бірін үнемі әсер етіп отырады.
Саяси сана - қоғамдық сананың бір формасы. Саяси сана ұлттардың, мем-лекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Ол саяси партиялар мсн мемлекеттердің мүддесін қорғау үшін пайда болған және соны іске асырады. Оның нақты белгілеріне саяси идеологиядан, саяси партиялар бағдарламаларынан, мемлекеттерінің Ата заңынан, үкімет пен мемлекет басшыларынан сөйлеген сөзінен айқын байқауға болады. Саяси сана қоғамдық сананың барлық түрлеріне ықпал етеді.
Кұқылық сананың, оның басты мақсаты демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың бостандығы мен құқығын қорғау. Құқылық мемлекеттер "Заң алдында ешкімге де артықшылық берілмейді" деген принципті басшылықка алады. Қабылданған занды ешкім де бұза алмайды.
Моральдық сана. Мораль құқықтан бұрын пайда болған және қоғамдық сананың ең көне түрінің бірі болып табылады. Мораль адамның адамға, басқа халықтарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын бейнелсйді. Адам қоғамда өмір сүргендіктен, сол қоғамның ерекшеліктеріне сай белгілі бір моральдық қатынас нормаларын сактауға тиіс. Мораль қоғамдық өмірдің барлық салаларында адамдардың мінез-құлқын реттеу функциясын атқа-рады. Мораль талаптары жеке біреудің бұйрығымен тағайындалмайды, ол адамдардың барлығын орындауға тиіс мінез-құлық формасы болып табылады.
Эстетикалық сана. Өнер қоғамдық өмірдің қай саласына болсын ықпал етеді. Ең алдымен ол адамды мәдениеттілікке баулиды. Көркем бейне өмір кұбылыстарын ойлану арқылы, кейіпкердің ішкі дүниесіне үңілу арқылы жасалады.
Діни жөне атеистік сана. Діннің мақсаты адамды құдіреттің күшіне иландыру. Әрине, діни уағыздардың баршасын жоққа шығаруға болмайды. Қазіргі кезеңде біздің коғамда дінге жаппай бет бұру үрдісі байқалады. Себебі, ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан әдет-ғұрпымыз, салтымыз исламға тікелей байланысты. Тарихи түрлі себептердің әсерінен діннен қол үзуге, оны түбірімен теріске шығаруға бет алған кезеңдердің де болғаны ақиқат. Дегенмен, дәл осы тұста дінге деген көзкарастардың түзеле бастағанын айтпай кетуге болмайды. Дінді мойындамайтын, оны бекерге шығаратын көзқарасты атеизм деп атайды.
Қоғамның рухани саласы – ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ, ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ, оның бар екеніне ешкім күмәндәнбайды. Егер “рух” деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек тілінде ол “пневма”- яғни, ауа, тыныс, үрлеу,- деген сөздерге жақын, латын тіліндегі “спиритус” – көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағна береді, ал орыстың “дух” деген сөзінің төркіні “дуновение”, “дыхание”,- деген сөздерге жақын. Алғашқы қауымдық қоғамның ұлы зерттеушісі Э.Тэйлор “Флоридадағы семинолар (тайпаның аты, Г.О.) өлейін деп жатқан босанған әйелдің аузына жаңа туған нәрестені жақындатады. Ол сәбиге әйелдің денесінен шығып бара жатқан жанын өз бойына сіңіріп болашақ өмірінде күш-қуат пен парасаттылықты көрсету үшін керек”,- деген дерек айтады. Тропикалық Африкада өмір сүретін халықтардың зерттеушілері олардың “көсемдер рухы”, “бабалар рухы”, “зұлым рухтар”, “күнбе-күнгі өмірде көмектесетін рухтар” т.с.с.,- деп сала-салаға оларды бөлетіні жөнінде айтады. Егер де Шығыс мифологиясын алсақ, көне Үндіде “Сансара” ұғымы пайда болды. Ол дүниежүзілік аспанда орналасқан зардап шегудегі рухтар мұхиты. Дүниеге философиялық көзқарас келген кезде , Платон “Эйдостар (идеялар) әлемі” жөніндегі ілімін ұсынады. Бұл әлем материалды емес, мәңгілік, жетілген, өзгермейді. Ал бізді қоршаған материалдық дүние – аспандағы идеялардың көлеңкесі ғана, ол өтпелі, кемеліне толығынан келмейді, дүниеге келіп, біршама уақыт өткенде – кетеді. Осыған сәйкес, адамның материалдық денесі үне бойы өзгерісте болып, ақырында өледі, бірақ оның жан-дүниесі идеялар әлемінен шыққаннан кейін, сол адамның денесінің ұғымы, мән-мағнасы ретінде өлместікке ие болады.
Еуропа топырағына христиан діні тарауымен-ақ, бұл мәселе жаңа шешімдерге ие болады. “Христиан дінінің атасы” аталған Филон Александрийский Платонның “дене –жан” ұғымдарына үшінші – Құдайдан шығатын “рухты” қосады. Енді адамның үш өлшемі болып шықты. Дене ретінде адам өмірге уақытша келіп кетсе, рух ретінде Құдайға қосылуға құмартады, ал екі ортада абыржыған жан бар. Егер ол рухпен бірге болса, өлместік дәрежесіне көтеріледі, ал денеге жабысса, сонымен бірге құриды. Олай болса, адам өз-өзіне терең үңіліп, рухтың талаптарына сәйкес өмір сүруі керек.
Ұлы А. Августин адамның рух екенін мойындап, онда өмірде зұлымдық неге бар, оның себебі неде?,- деген сұрақ қояды. Егер Құдай еш мінсіз, құдіретті болған болса, оның жаратқан Дүниесі де еш мінсіз, керемет, ғажап. Олай болса, кінә - адамның өзінде. Ол аспан құндылықтарының орнына жердегі өтпеліні таңдады. Сондықтан, өмірге зұлымдық келді.
Егер көне заманның ойшылы Сократ зұлымдық - адамның надандығында, білетін адам зұлымдық жасамайды,- деген пікірде болса, Августин “ақыл – біледі, ырық - таңдайды”, соңғы шешім адам ырқында, “мен оның жаман екенін білемін, бірақ, мен соған қарай ынталанамын, ақырында оны жасаймын, күнәға батамын”, - деген пікір ұстайды. Олай болса, зұлымдықтың түп-тамыры – адамның өзімшілдігі, тәкәппарлығы мен өр-көкіректігінде. Тек қана Құдайды, оның жаратқан Дүниесін барлық жан-тәніңмен сүйген кезде ғана жан-дүниеңді құтқарып, мәңгілікке ие боласың,- дейді ұлы ойшыл.
Орта ғасырларда өмір сүрген біздің бабамыз Ж.Баласағұн да рухты биік ұстау керектігін, бұл фәнидің өтпелігін басып айтады. Құдайға жан-тәніңмен сену, ізгілік, ар-ұжданның талабынан шықпау, әділеттілік – адам рухын мәңгілікке әкеледі,- дейді ұлы ойшыл.
Қайта Өрлеу заманынан бастап рух жөніндегі діни көзқарастан ауытқу басталады. Оған ерекше үлес қосқан Л.Валла болды. Ол кісі адамның рухы ғана емес, денесі де әсем. Құдайдың жаратқан бәрі де бір-біріне үндесіп жатқан ғажап Дүниесінде бірде-бір нәрсе өзінің құндылығын жоймайды, соның ішінде адамның денесі де, - деген ой тастайды. Құдайды сүю - рухтың ең биік таңдауы болғанымен, сезімдік дене ләззатынан да адам қашпауы керек. Міне, бұл бүгінгі таңдағы Еуропа елдеріндегі материалдық тәндік-сезімдік өмір бағытының жасалған бастамасы еді.
Жаңа Дәуірде бұл көзқарас әрі қарай дамып, рухты ең алдымен ақыл-парасат ретінде қарастыруға жол ашылады. Оған өз үлестерін қосқан Р.Декарт, Б.Спиноза, неміс классикалық философиясы, француз ағартушыларының өкілдерін жатқызуға болады.
Л.Фейербахтың рух жөніндегі материалистік көзқарастарын жалғастыра келе, К.Маркс пен Ф.Энгельс рухтың қайнар көзін материяның өзіндік ішкі дамуға деген қабілетімен байланыстырады. Бірақ, олар дүниеге келген рухтың сол өзін туғызған материяға керісінше ықпал тигізу мүмкіндігін теріске шығармайды. Өйткені, болашақта дүниеге келетін коммунизмнің өзі – ақыл-ой, парасаттық, рухтың ең биік шыңы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет