Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері, қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне қарама-қарсы келетін мақсаттарды орындау барысында іс-әрекеттетуындайтын конфликтілермен сипатталады.
Топ аралық конфликт – бұл әлеуметтік топтар арасында мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінентуындайтын конфликтілер.
Тұлғалық-топтық конфликт - тұлғаның мінез-құлқы мен тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде туындайды.
Конфликтініңтуындаусебептері(М. М. Рыбакова бойынша) :
іс-әрекет конфликтілері;
қарым-қатынас конфликтілері;
әрекет конфликтілері.
Іс-әрекетконфликтілері мұғалім мен оқушы арасында туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады.
Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда туындайды.
Қарым-қатынасконфликтілері – педагогтың проблемалы ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе ұзақ мерзімге созылады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқаие болады, оқушының мұғалімге деген жек көрушілік сезімін туындатады.