Лекцияныңоқытунәтижелері: Педагогтың оқушыларға, олардың ата-аналарына, әріптестеріне сөз арқылы көмек көрсетуді үйренеді.
Педагогикалық өзара іс-әрекет, коммуникативтік қабілеті. Сенім түрлері және оның жіктелуін түсіндіреді.
Сенімнің сөздік формаларын біледі.
Лекциямазмұны: Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бұл мәселелермен тек психологтар, педагогтар ғана айналысып қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде. Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара)қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты дейміз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп-тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес. Тәжірибеге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым- қатынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерін екі топқа (балаларменқарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) бөлуге болады. Бірінші топтағы мұғалімдер қайжастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі.
Оныңсебептері:
өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
баланың ішкі жан-дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалып- тасуында;
мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелілігінде, анықтығында, нақтылығында;
оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынас түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:
авторитарлық стильді пайдалануында;
балаларға салқындық танытуы;
балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім-оқушы», «Оқушы- мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым- қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық бағытта жиі кездеседі. Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндіксебептері бар:
Қазіргі балалардың көпшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп, қарым-қатынасқа тез түскісі келіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «тыныш отыр», «немене, бәрін білесің бе?», «сен қашаннан бері білетін болдың?», «әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтасың» және т.с.с. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес. Өйткені уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне
кедергі келтіріп, оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни оқу үрдісінде кейде диалогтың жоқ екені де жасырын емес.
Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады.
Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге қиындықтарды жоюдың бірден- бір жолы:
әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;
мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынасорнатып, олармен тіл табысу;
Кәсіби педагогикалық қызмет үнемі жетілдіріп отыруды, мұғалімнен өз білімін дамытуды әрі шеберлігін шыңдауды, білімнін жаңалықтарын тез меңгеріп, оны өз қызметінде іске асыруды қажет етеді. Кәсіби шеберлігін дамыту ақпараттық қамтамасыз етілумен байланысты, яғни, жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеттілігімен анықталады. Яғни, мұғалім сөзі – ақпарат таратушы құралы ретінде жүзеге асады. Бір сөзбен айтқанда, оқушыға да, ата-анаға да мұғалім сөзі – екі жақты ортақ тәрбие мәселесінде негізгі әсер етуші құрал. Мұғалімнің сөзі өткір, жалынды, бейнелі, жарқын интонациялы, көркем, эмоциялы, дауыс (дикция) ырғағы жағымды,стилистикалық, грамматикалық, фонетикалық ақаулардан таза болуы шарт. Мұғалімнің өз ойын, оқыған, материалын дауыс ырғағы анық, дәл сөзбен айта алу, жарқын мимика мен пантомимикамен, ұнамды эмоциямен бере білу қабілеті – сөйлеу қабілеті. Мұғалімдік шеберліктің маңызды элементі – сөйлеу қабілеті. Өйткені мұғалім мағлұматтардың барлығын оқушыларға жеткізу, жүйелі білім беруүшін негізінен екінші сигнальды (сөйлеу сипатында) қолданады. Мұғалімнің сөзі өзінің нанымдылығымен, әсерлігімен ерекше мәнді болуға тиіс. Мұғалім өз шешендігімен оқушыларды баурап алуы керек. Ол, сөйлемді қиындатпай, өз ойын оқушыларға, ұзын фразалардан гөрі қарапайым тілмен түсінікті бере білуі керек. Юмор, әзіл, көңілге тимейтін ирония (сықақ) болса, сөйлеу ажарын кіргізіді, мақал-мәтелдерді қолдану ойды ажарлайды. «Мақал- сөздің мәйегі» -деген қазақ данылығы.
В. А. Сухомлинский: ‘’Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...”- деп оның маңызына ерекше назар аударады
Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: ‘’Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек’’.
2. Педагогикалық өзара іс-әрекет – тәрбиеші мен тәрбиеленушініңолардың мінезін, іс- әрекетін, қатынасын өзара өзгерте алатын кездейсоқ немесе ойластырылған, жеке немесе жалпы, ұзақ немесеқысқа мерзімдік, сөздік немесе сөздік емес жеке байланысы.
Екі жақтан да бірлескен іс-әрекеттің мақсаттарын және оған жетудің жолын түсінген, өзара келісім мен ынтымақтастыққа қол жеткізілген кезде ынтымақтастық түрінде және де бірлескен іс- әрекетке қатысушылардың бірінің жетістігі басқа қатысушылардың аса өнімді және мақсатты іс-әрекетін ынталандыратын немесе тежейтін
бәсекелестік түрінде көрінуі мүмкін. Гуманистік- бағытталған педагогикалық үдеріс тәрбиеші мен тәрбиеленушінің, екі қатысушы да өз білімдері мен мүмкіндіктеріне сай бірдейлік, тең құқылы серіктес ретінде көрінетін өзара іс-әрекетінде ғана үдеріс бола алады.
Педагогикалық өзара іс-әрекет стратегиясы – мұғалім іс- әрекетіндегі жалпы басшылық жолы, тұлға қалыптастыру үдерісіне перспективалық мақсаттарға жетуге арналып, бағытталған нұсқаулар;
Педагог стратегияны жеке тұлғамен және тұтастай білім беру ұжымымен де дайындау қажет. Бұл бәрінен бұрын педагог дайындайтын әр түрлі жоспарлар: күнтізбелік-тақырыптық, тәрбиежұмысы жоспары және т.б. жүйесінде іске асырылады.
Әрбір оқушының бір-бірімен әңгімелесіп, сөйлеу үшін, өздері бір-біріне немесе мұғалімге және т.б. сұрақ қоя білу әдісін меңгеруі аса қажет. Осы орайда ойын жағдайларын пайдаланудың маңызы зор. Сабақты ойын түлерін пайдалана отырып жүргізу – оқыту әдістемесінің белсенділігін арттырып, қосымша мүмкіндік тудыратын тәсіл деуге болады. Рөлдік ойын барысында оқушылар әлеуметтік тұлғаларды әлеуметтік қарым-қатынас көлемінде меңгеріп ойнайды. Білік негіздерін қалыптастырып дамытуда рөлдік ойындардың берер көмегі өте көп. Жұппен жұмыс істеу, пікір алысу, логика- синтаксистік схемаларды пайдалану және т.б. әдістерді арқылы оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту үшін сабақ барысында көп пайдаланамын. Мысалы, оқушылардыңкоммуникативтік қабілетін дамытумақсатында берілген тақырыптарбойынша сыныптан тыс жоба жұмысын жүргізу арқылы олардың біліктілігін арттыруға болады. Жоба жұмысын қорғау барысында оқушылардың қарым-қатынас мүмкіндіктерін арттыруға мынадай жұмыс шаралар мысал бола алады:
Белгілі тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алысу.
Қосалқы әдеби материалдарға сүйене отырып, сөздік қорынбайыту.
Жаңа сөздерді қолдана отырып, оқушының жеке сөйлеу тіліндамыту.
Топ ішіндегі қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.
Коммуникативтік оқытуда білім беру – оқушы өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым- қатынасын қалыптастыру деген сөз.
Қарым-қатынас әлеуметтік – психологиялық құбылыс ол адамдардың өзара әрекетінің үрдісі, оған қатысатын адамдар бір- бірінің ұмтылысына, ойларына, күйлеріне әр түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Коммуникативті құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым- қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларды шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынас шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.