Лексика-грамматикалық бөлімдері Грамматикалық



Дата13.10.2023
өлшемі57,33 Kb.
#185312
Байланысты:
5-9 с оқу бағ 7-с


  1. 7-сынып:




Лексика-грамматикалық бөлімдері

Грамматикалық
материал

Тақырыптар/
жоспардың мазмұны

Оқыту мақсаттары. Білім алушылар білуге тиісті

1-тоқсан

1. Ауа райы және климаттық өзгерістер.
Фонетика

Интонация.
Кідіріс.
Логикалық екпін

Тыңдалым және айтылым

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;
7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

Оқылым

7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;
7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

Жазылым

7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу;
7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

Әдеби тіл нормалары



7.4.2.1 сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолдану

2. Көшпенділер мәдениеті.
Орфография



Шылаудың емлесі.
Орфография
лық норма



Тыңдалым және айтылым

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;
7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

Оқылым

7.2.3.1 хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

Жазылым

7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу

Әдеби тіл нормалары

7.4.1.1 жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу

3. Денсаулық – зор байлық.
Лексика

Қанатты сөздер.
Фразеологизм. Мақал-мәтелдер



Тыңдалым және айтылым

7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;
7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

Оқылым

7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;
7.2.2.1 публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
7.2.3.1 кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

Жазылым

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, нұсқаулық құрастырып жазу;
7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Әдеби тіл нормалары



7.4.3.1 фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолдану

2-тоқсан

4. Сүйіспеншілік пен достық.
Морфология



Етістіктің есімше, көсемше түрлері.
Тұйық етістік

Тыңдалым және айтылым

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;
7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Оқылым

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.2.6.1 оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, зерттеп оқу

Жазылым

7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;
7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Әдеби тіл нормалары



7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану

5. Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы.
Морфология

Етістіктің шақ түрлері.
Рай түрлері

Тыңдалым және айтылым

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (ән, интервью) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;
7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

Оқылым

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;
7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау

Жазылым

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу;
7.3.6.1 мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау

Әдеби тіл нормалары

7.4.4.1 етістіктің шақ, рай түрлерін тілдесім барысында қолдану

3-тоқсан

6. Ғаламтор ғаламаты.
Морфология



Шылау түрлері.
Шылау емлесі

Тыңдалым және айтылым

7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу;
7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Оқылым

7.2.1.1 мәтіндік және графиктік (кесте, диаграмма, сурет, шартты белгілер) ақпаратты интерпретациялау;
7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру

Жазылым

7.3.3.1 мәтін құрылымын (кіріспе бөлім, жалпы мәлімет беру, детальді мәлімет беру) сақтай отырып, графиктік мәтін (шартты белгі, сурет, сызба) түрінде берілген процесті сипаттап жазу;
7.3.5.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу

Әдеби тіл нормалары

7.4.4.3 шылау түрлерін ажырата білу, орынды қолдану

7. Қазақстандағы ұлттар достастығы.
Морфология

Еліктеуіш сөз.
Бейнелеуіш сөз

Тыңдалым және айтылым

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;
7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

Оқылым

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.2.3.1 хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

Жазылым

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе);
7.3.6.1 мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру, синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау

Әдеби тіл нормалары

7.4.4.2 еліктеуіш сөздердің мәнмәтіндегі қолданысын түсіну

8. Дұрыс тамақтану. Морфология

Одағай.
Одағай түрлері

Тыңдалым және айтылым

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (пікірталас, жаңалық) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;
7.1.3.1 тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу

Оқылым

7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;
7.2.7.1 ғаламтор, энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау

Жазылым

7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын әңгіме құрастырып жазу

Әдеби тіл нормалары



7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану

4-тоқсан

9. Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым.
Морфология

Оқшау сөздің түрлері.
Оқшау сөздердің қызметі

Тыңдалым және айтылым

7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;
7.1.4.1 мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау

Оқылым

7.2.2.1 публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;
7.2.3.1 хроника, хабар, очерктердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату

Жазылым

7.3.1.1 әртүрлі жанрдағы мәтіндерді жазу үшін құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құру;
7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу

Әдеби тіл нормалары

7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу

10. Ғылыми фантастика.
Пунктуация

Сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер.
Сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілер

Тыңдалым және айтылым

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау;
7.1.5.1 проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып, дәлелді жауап беру, өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау

Оқылым

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
7.2.5.1 мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру;
7.2.7.1 энциклопедия, газет-журналдар, оқулықтардан алынған деректерді қолдану, авторына сілтеме жасау

Жазылым

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

Әдеби тіл нормасы

7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет