Лексикология Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам) · белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы · белгілі бір тілдегі сөз байлығы Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі



бет7/14
Дата15.12.2023
өлшемі117,59 Kb.
#197238
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
Қазақ тілі - Лексикология

Жауабықақ, жаз, жүз, кеш, қыс, түс, қою, мін, қой, жақ, сыр, шық, күй, жар, сау, нан, кір, бақ, айт.
· Төрт әріптен тұратын 10 омоним сөз жазыңыз.
Жауабы: атыс, илеу, сана, қара, қала, қазы, арық, өкпе, кілт, алыс, буын, алма, баян, асық, бөле.
Синоним сөздер – дыбысталуы, айтылуы әр түрлі мағыналары бір-біріне жақын өзара мәндес сөздер.
Мысалы: 
Зат есімнен болған синонимдер: маңай, төңірек, айнала; өң, түр, түс, келбет, көрік, пішін, ажар, әлпет, кескін, рең, дидар, пошым, шырай; ас, тамақ, дәм, тағам, ауқат; уақыт, мезгіл; әдет, дағды; шыдам, сабыр, тағат, төзім; борыш, қарыз.
Сын есімнен болған синонимдер: әдемі, сұлу, келбетті, шырайлы;салмақты, сабырлы, байыпты, ұстамды, байсалды; керемет, ғажап; қарулы, қажырлы; аңқау, аңғал; сыпайы, әдепті, биязы;
Етістіктен болған синонимдер: амандасу, сәлемдесу, есендесу; ерінбейді, жалықпайды; шелдену, қоңдану;
Үстеуден болған синонимдер: тез, жылдам, шапшаң, лезде; қасақана, әдейі, жорта.
Тапсырма №7 Синонимдік қатарды толықтырыңыз.

қ/с

Мысалдар

Синонимдік қатар

1

қала


2

жер жүзі


3

егде


4

қаяу


5

қорқу


6

долы


7

көрші


8

қоңды


9

бақыраш


10

тыныштық


11

қаныпезер


12

түйреу


13

ныспы


14

күшті


15

ақсаңдау


16

некен-саяқ


17

қоқан-лоқы көрсету


18

ат төбеліндей


19

алыс-беріс


20

озат


21

мәре-сәре болу


22

ымырт жабылды



қ/с

Мысалдар

Синонимдік қатар

1

қала

кент, шаһар

2

жер жүзі

дүние жүзі, әлем

3

егде

қарт, қария, жасамыс

4

қаяу

дық, мұң

5

қорқу

үрку

6

долы

ашулы, адуын

7

көрші

қоңсы

8

қоңды

семіз, толық

9

бақыраш

ожау, шөміш

10

тыныштық

бейбітшілік

11

қаныпезер

қанқұйлы, қанішер.

12

түйреу

шаншу, қадау

13

ныспы

ат, есім

14

күшті

мықты, әлді, қарулы

15

ақсаңдау

сылту, шойнаңдау

16

некен-саяқ

сирек

17

қоқан-лоқы көрсету

қорқыту, үркіту

18

ат төбеліндей

азын-аулақ

19

алыс-беріс

ауыс-түйіс

20

озат

озық, үздік

21

мәре-сәре болу

қуану

22

ымырт жабылды

кеш түсті, көз байланды

Тапсырма №8 (Көп нүктенің орнына синоним сөздерді койыңыз.)
1. Бекет от басында қалғып, ... отыр. (мүлгіп)
2. Қазыбек қарттың көзі қарауытып, ... , қараң қалған үйге түсті (иесіз)
3. Есен өздері өтуге ыңғайлы, ... жер іздеді. (қолайлы)
4. Біреуді мұқату, ... дұрыс емес. (кекету) 
5. Надан, ... адамдардан аулақ болу керек. (топас)
6. Жаратушы сана, ... , ес берсін десейші. (ой)
7. Олжа, пайда, ... құйылып жатыр. (кіріс)
8. Жап-жас жігітті танып-біліп болмай, ұрда-жық, ... деп қалай айтарсың?(сотқар)
Эвфемизм
· Бір нәрсенің, құбылыстың атын тікелей айту дөрекілеу естілсе, орнына қолданылатын сыпайы, жағымды сөздер. 
· Кейбір заттың, не құбылыстың атын айту қолайсыздау болған жағдайда орнына қолданылатын сыпайы сөздер. Мысалы:
Мылжың – сөзуарлау, өтірік айту-қосып айту, ұрлық жасама- ала жібін аттамау.
Дисфемизм
· Ауызекі сөйлеу тілінде әдепті сөздерді алмастырып, орнына дөрекі сөздерді қолдану
· Әдеби тілге жат, тек ауызекі сөйлеу тілінде жақсы ұғымды сөздерді нашар ұғымды сөздерге алмастыру Мысалы: боқмұрын, қырт, айуан 
Тапсырма №9
«Сыпайы сөйлеп үйренейік!»

қ/с

Дисфемизм (дөрекі сөйлеу)

Эвфемизм (сыпайы сөйлеу)

1

Ұрланды


2

Өсекші


3

Боқмұрын


4

Керең, саңырау


5

Соқыр


6

Ақсақ


 7

Мылқау


8

Мылжың


9

Пара


10

Өлді


11

Өтірік айтты


12

Ақ саусақ


13

Қортық


14

Ұзынтұра


15

Ақи


Дұрыс жауаптары:

қ/с

Дисфемизм (дөрекі сөйлеу)

Эвфемизм (сыпайы сөйлеу)

1

Ұрланды

Қолды болды

2

Өсекші

Ұзынқұлақ, аузы жеңіл

3

Боқмұрын

Жас бала

4

Керең, саңырау

Құлағы ауыр

5

Соқыр

Зағип

6

Ақсақ

Аяғын сылтып басады

 7

Мылқау

Тілі жоқ

8

Мылжың

Сөзшең, сөзуар.

9

Пара

Ауызбастырық

10

Өлді

Көз жұмды

11

Өтірік айтты

Қосып айтты

12

Ақ саусақ

Жалқау

13

Қортық 

Қысқа бойлы

14

Ұзынтұра

Ұзын бойлы

15

Ақи

Көзінің кемістігі бар

Тұрақты тіркес:
· Екі немесе біреше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына беретін сөз тіркесі.
·  Құрамын өзгертіп айтуға болмайтын сөздер тіркесі. 
·  Құрамындағы сөздердің жеке дара лексикалық мағыналары емес, тек тұтас күйіндегі мағыналары түсінілетін сөздер тіркесі.
· Бір сөз табы, бір сөйлем мүшесі болады.
Мысалы: төбе шашы тік тұру, үмітін үзу, жүрек жұту.
Идиомалық тіркес – сөздердің байланысы берік болып, олардың тұтас топ болып тұрғандағы мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына қатысты болмай, мүлде бөтен мағынаны білдіреді. (Қой аузынан шөп алмайтын, салы суға кетіп отыр, тісін қайрап жүр)
Фразалық тіркес – тұрақты тіркестерінің бірқатарының мағынасы оларға қатысып тұрған сөздердің бірі болмаса, бірінің лексикалық мағынасымен байланысты болады.(Таяқ жеу, жаны ашу, үрейін ұшыру) 
Тапсырма №10 «Бір сөзбен атаңдар» ойыны
· Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табыңыз.

1

Ат төбеліндей


2

Айызы қану


3

Місе тұтпау


4

Бәйек болу


5

Көзге түртсе көргісіз


6

Бармағынан бал тамған


7

Қара қылды қақ жарған


8

Бөркін аспанға лақтыру


9

Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру


10

Жұмырына жұқ болмау


11

Кіруге тесік таппау


12

Тонның ішкі бауындай


13

Тырнақ астынан кір іздеу


14

Өгіз аяң


15

Аяғына бас ұрды


16

Үріп ауызға салғандай


17

Ит терісін басына қаптады


18

Жүрегі тас төбесіне шықты


19

Аузына құм құйылды


20

Екі аяғын бір етікке тығу


21

Қыздың жиған жүгіндей


22

Сағы сынды


23

Сау басына сақина тілеу


24

Маңдайы тасқа тию


25

Түлен түрту


26

Көз шырымын алды


27

Сөзі түйеден түскендей


28

Бетінен оты шығу


29

Тасы өрге домалау


30

Тауы шағылу


31

Көз жазып қалу


32

Тілі мірдің оғындай














·  
·  
· Берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табыңыз.

1

Ат төбеліндей

азғантай

2

Айызы қану

рақаттану

3

Місе тұтпау

қанағаттанбау

4

Бәйек болу

құрақ ұшу

5

Көзге түртсе көргісіз

қараңғы

6

Бармағынан бал тамған

шебер

7

Қара қылды қақ жарған

әділ

8

Бөркін аспанға лақтыру

қуану

9

Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру

алдап кету

10

Жұмырына жұқ болмау

татымау

11

Кіруге тесік таппау

ұялу

12

Тонның ішкі бауындай

тату-тәтті

13

Тырнақ астынан кір іздеу

бәле іздеу

14

Өгіз аяң

өте жай, баяу

15

Аяғына бас ұрды

 аяғына жығылды

16

Үріп ауызға салғандай

әдемі

17

Ит терісін басына қаптады

балағаттады

18

Жүрегі тас төбесіне шықты

қорықты

19

Аузына құм құйылды

аузы жабылды

20

Екі аяғын бір етікке тығу

тығырыққа тіреу

21

Қыздың жиған жүгіндей

жинақы, ретті

22

Сағы сынды

беті қайту

23

Сау басына сақина тілеу

өзіне ауру тілеу

24

Маңдайы тасқа тию

беті қайтты

25

Түлен түрту

бір пәлеге ұрыну

26

Көз шырымын алды

аздап ұйықтау

27

Сөзі түйеден түскендей

дөрекі сөз

28

Бетінен оты шығу

ұялды

29

Тасы өрге домалау

жолы болды, ісі алға басты

30

Тауы шағылу

сағы сыну, жолы болмау

31

Көз жазып қалу

қапелімде айырылып қалу

32

Тілі мірдің оғындай

сөзі өткір



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет