Жеке лексикология білгілі бір тілдің сөздік ќұрамын шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан немесе тілдің сөздік ќұрамын сол тілдің белгілі бір дәуірдегі мысалы, ќазіргі дәуірдегі ќалпы тұрғысынан ќарауы мүмкін. Осыған орай, лексикология тарихи (диахрониялыќ) лексикология және сипаттама (синхрониялыќ) лексикология болып бөлінеді. Тарихи лексикологияда тілдің сөздік ќұрамы шығуы замандар бойында ќалыптасуы
және дамуы, лексиканы ќұрастырушы арналар және олардың тарихы тұрғысынан зерттеледі. Ал сипаттама немесе синхрониялыќ лексикологияда, мысалы "Ќазіргі орыс тілі, "Ќазіргі ағылшын тілі", "Ќазіргі ќазаќ тілі" атты пәндердің лексикология бөлімдерінде аталған тілдердің лексикасының осы заманғы ќалпы, сөздің мағыналыќ ќұрылымы, лексиканы ќұрастырушы арналар мен ќат-абаттар, сөздердің активті және пассивті топтары, сөздік ќұрамның даму жолдары, лексиканың стилистикалыќ жаќтан дифференциялануы сөздердің ќолданылу аясы, мағыналардың ќарым-ќатынасына ќарай сөздердің топтасуы және тағы басќа мәселелер ќарастырылады.