1. Мұғалімдер тобы /кем дегенде 4 мұғалімнен/ қатысады;
2. Сабақ жоспарларын бірлесе құрады;
3. Үш деңгейдегі оқушыларды анықтайды;
4. Зерттеуді, бағалауды, бақылауды, талдауды бірлесе жүргізеді.
5. Оқушылармен сұхбат жүргізеді;
6. Әріптестерімен бөліседі.
Мұғалімдер АВС деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытындыға келу:
С деңгейіндегі оқушы:
- Берілген мәтінмен жұмыс жасай алды;
- Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, қатесін тауып, өз бетімен жұмыс жасауға ынталанды.
В деңгейіндегі оқушы:
- Алған білімдерін қолданып, тірек-сызбалармен жұмыс жасай алды;
- Қосымша материалдармен жұмыс жасап, өз бетімен білім алуы үшін жоспар құра алды.
А деңгейіндегі оқушы:
- Проблемалық сұрақтарды анықтап, жауап табуда ізденді. Өз білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындауда, логикалық сызбаларды құрастыруда қолдана алды.
Мұғалімдердің сабақ жоспарын құрғанда қойылатын ұсыныстар:
- Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы қажет;
- Деңгейлік тапсырмаларды дайындау барысында оқушылардың жеке ерекшеліктері ескерілуі керек.
Жалпы Lesson Study-дің мұғалімдер үшін тиімділігі:
- Әдеттегіге қарағанда білім алғандығының анағұрлым анық, әр түрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;
- Мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс , ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;
- Оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;
- Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.
Оқыту үшін бағалау АКТ- мен жұмыс Постер қорғау Сыни ойлау Кері байланыс Зерттеу сабағы біздің тәжірибемізде Топтық жұмыс Зерттеу нысаны өте қабілетті, сабақтарда белсенді, жауапкершілігі мол қазақ тілі пәніне қызығушылығы, белсенділігі төмен, мінезі ашушаң сабаққа өз араласа коймайтын, сұрақ қойғанда ғана жауап беретін салмақты оқушы А С В 1
2
3
2
4
4
1.Оқушылардың жұптық жұмыс орындау дағдысының қалыптаспауы;
2.Кейбір оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауға дағдыланбауы.
3.Уақыттың жетіспеуі;
1.Оқушылардың топтық жұмысты қызыға орындауы;
2.Сабақтың басында сурет арқылы топқа бөлініп, суретті тақырыппен байланыстыруы;
3.Оқушылардың жазбаларында кері байланыс кезінде, келесі сабақта қолданатын әдісті анықтай алдық;
4.«Бағдаршам»әдісі арқылы өз ойларын еркін білдірген оқушылар сабақтың жүйелілігін, жалпы өтілуін бағалады.
Зерттеу сабағының тиімділігін ескере отырып, болашақта зерттеу тек бір ғана сыныпта жүргізілмей, қатар бірнеше сыныптарда жүргізілу жалғасын табады.
Кедергілер Сәтті тұстары Келешекке жоспар Сабақтан кейінгі ізгі ой