«Lesson study» бізге берері бар Приреченск орта мектебінде «Мектептердің өзін-өзі аттестаттау кезінде білім беру сапасын критерий мен дескрипторлары арқылы бағалау және талдау» атты аудандық семинар өтті



Дата08.09.2017
өлшемі28,67 Kb.
#31080
«Сабақ беру-жай ғана үйреншікті шеберлік емес,

ол-жаңадан жаңаны табатын өнер»

Ж.Аймауытов
«Lesson study» бізге берері бар...

Приреченск орта мектебінде «Мектептердің өзін-өзі аттестаттау кезінде білім беру сапасын критерий мен дескрипторлары арқылы бағалау және талдау» атты аудандық семинар өтті
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

«Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген аталы сөзді алға ұстаған еліміздің Президенті  Н.Ә. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деп, мұғалімдер алдына үлкен жауапкершілік жүктеді. Осындай мақсат – міндетті түсінгендіктен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп басшылығы аудан бойынша ауқымды семинар өткізді. Аталмыш семинарға аудан көлемінен отыздан аса оқу ісінің меңгерушілері мен тәжірибелі мұғалімдер жиналды. Бұндағы басты мақсат Мектептердің өзін-өзі аттестаттау кезінде білім беру сапасынкритерий мен дескрипторлары арқылы бағалау және талдауды үйрену, тәжірбиеден өткізу. Сондықтан Приреченск орта мектебінің санатсыз әрі жас мамандары Аубакирова З.С., Жантемиров А.Қ., Султаналинов Т.Т. түрлі әдіс-тәсілдерді қамтыған сабақ жоспарын құрып, ашық сабақ өткізуге бел буды. Оларға Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасын тәмәмдаған Адылханов Д.Ж., Нуркин Р.А., Шамилов А.С. бар оқыған, білгендерін айтып, тәжірбие алмасып, жетекшілік етті. Жалпы семинар соңында сөз алған әдіскерлер Қожахметова Б.А., Сыздықова С.А. мен тәжірибелі мұғалімдердің айтуынша сабақтар жоғары деңгейде өткізілді. Сабақ барысында жеті модульді кіріктіріп, Блум токсономиясына негізделгендігін, оқушылар бір-бірін, критерий арқылы бағалап, топтағы жұмыстың жүйелі жүргендігі үлкен жетістік екендігін ерекше атап көрсетті. Мектептегі білім беру сапасын 77 пайыз деп көрсетті. Әрине бұл үлкен жетістік.

Бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Барлығы да өзімізге байланысты». Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Жұмыстың жемісті, сабақтың оң нәтижеге жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары дәрежеде болу керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» (бас, қол, жүрек) деп атаған қасиеттер міндетті түрде болу керек. Шульман көздеген кәсіби түсінік пен оқытудың тәжірибелік дағдылары мұғалімнің басты құралы болып келгені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби деңгейлік тұтастық. Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанып, балаға мейірім және құрмет көрсете білетін әділ жан бола білгенде ғана, шәкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алады. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынайы қарым-қатынас орын алғандықтан біз сабағымызда жоғары нәтижеге жетіп, балалардың көтеріңкі көңіл күйінің куәсі болып жүрміз.

Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы шарт. Себебі, елімізге заман талабына сай құзырлы, қалыптан тыс ойлай алатын, нақты шешімдер қабылдай білетін, белсенді, креативті тұлғалар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қана қоймай, балаларға тәрбие беру, жеке қасиеттерін, қабілеттерін дамыту әр ұстаздың басты мақсаты болғай.

Ақтоғай ауданы, Приреченск орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



Нуркин Ринат Амантайұлы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет