Lesson Study тәсілінің тиімділігі



бет3/3
Дата02.07.2018
өлшемі114,03 Kb.
#45918
1   2   3

3. Топтық жұмыс:

1 топ: Сатылай кешенді талдау

2 топ: Сәйкестендіру

3 топ: Қажетті қима суреттерді таңдап жапсыру.

4 топ: Қысқы ойындар.

«А»-оқушы Алмас топтық жұмыста көбірек өзінің пікірін қолдап басқалардың пікірін тыңдамады. Мінезі тұйық болғандықтан, постергеде өз пікірін жазып отырғанын бақыладық. «В» оқушы Фариза пікірталасқа белсенді қатысып, өзінің пікірін ашық айтып отырды. «С» оқушы Томирис болса пікірталасқа да қатыспады, бірде бір тапсырманы орындамады. Сабақтан соң осы үш оқушыдан сұхбат алған кезде Алмас басқалардың пікірін тыңдамағаны себебі – басқа оқушылардың жауабы дұрыс болмай қалуы мүмкін деді , Томирис берілген тапсырмаларды білдім , бірақ қате айтып қоямын деп айтпадым деді. 


Екінші сабақты әдебиеттік оқу пәнінен Ө Ақыпбекұлының " Мен таңдаған мамандық" тақырыбын жоспарлаған кезде алдыңғы сабақта жіберілген кемшіліктерді болдырмауға тырыстық. Сонымен қатар мұғалімнен оқушыларға өзіндік әрекет етуге мүмкіндік беруін сұрадық.

1. Жұптасып өлеңді айтты, критерия бойынша бағалады.

2. Өлеңді өздері оқып, топтп талдады.

3. 1 - топ. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасату.
Авторы:
Тақырыбы:
Жанр түрі:
Идеясы:
Шумақ:
Тармақ:
2 - топ. Осы мамандықтарға тағы қандай мамандық түрін қосасыңдар?
3 - топ. Мамандық иелеріне байланысты өлең құрастыру


4 - топ. Берілген  мамандық аттарына байланысты сурет салу

Зерттеуші топ мүшелері келісілген «зерттелетін оқушыны» қадағалап, қажет деген жерлерін белгілеп, түртіп алып отырды. Зерттеу барысында «С» оқушы Томиристің қызу пікірталасқа қатысып, топпен тапсырманы орындауға ұмтылғанын бақыладық. Ал «А» оқушы мен «В» оқушы бір топта болғандықтан Фариза белсенділік танытпады. Сонымен қатар сыныпта бірнеше көшбасшы оқушылар бар екенін байқадық. Соның бірі Бағлан есімді ұлдың басшылығы арқасында Томирис және осы топтағы оқушылар пікірталасқа нәтижелі қатысқанын көрдік. Сабақтан соң сұхбат алу барысында «В» оқушы Фариза сұхбаттасқанды ұнататынын, жауап беру

барысында өзін жақсы сезінетінін айтты.
Үшінші зерттеу сабағын әдебиет оқу пәнінен пәнінен С. Сарғасқаев. "Сынған аквариум"тақырыбын жоспарлауда сыни тұрғыдан ойлау( ашық тесттер, деңгейлік тапсырмалар), шығармашылық тапсырмаларды орындауға мән берілді. Сонымен қатар «зерттелуші оқушылар» әр топқа түсуіне және «А» оқушының спикер қызметін, ал «В» оқушының топ басшысы болуына ықпал жасалды. «С» оқушысы тобының топ басшысы болуын қадағаладық. Сабақ барысында Фариза топ мүшелерін алға жетелей алатынын, ал Томирис пікірталасқа қатысқысы келетінін анықтадық. Сынып оқушылары сабаққа белсенді қатысып, постер жасауда, шығармашылық тапсырмаларды орындауда қызығушылық танытты. 

1. "Ұшақ" стратегиясы

Ұшақ қанатына 5 сұрақ жазады, ұшырып, келесі топ сұрақтарға жауап жазады.

2. Мәтінмен жұмыс ДЖИГСО әдісі арқылы

1) Жанұя тобында өз бөлігін оқып, жұппен, топпен талдап алады.

2) Жұмыс тобына барып, өз бөлігін айтады.

3) Топтарына орындалады.

4) "Аквариум" әдісі арқылы мәтінді толық сұрау

3. топтық тапсырма

1 - топ. Өтірік, жалқаулық туралы мақал-мәтел жинақтау

2 - топ. Күлзағира мен Шоқайға Венн диаграммасын толтыру.

3 - топ. Күлзағираға хат жазу.

4 - топ. Әңгімені аяқта

(В) оқушының бұл сабақта өз тобының жетекшісі болып, көшбасшылық қабілетін анық көрсетті, оған әсіресе, өзге топтарды бағалау қатты ұнады. 


С) оқушыда оң өзгерістер байқалды. Бұл оқушымен ауызша сұхбаттасқан кезде: «Маған  топтық және жұптық жұмыстар күшті ұнайды деді. Әр сабақтық соңында талдау жасап, сабақ барысында қолданылған 
әдіс-тәсілдердің тиімді-тиімсіздігін анықтап, келесі сабақты құру барысында 
ескеріп отырдық . 

Соның нәтижесінде зерттеудегі оқушылар төмендегідей нәтижеге қолжеткізді: 


(А) оқушы Ермек Алмас өзінің мықты, әлсіз жақтарын анықтап, өзіндік жеке пікірлері мен идеяларын ұсына алды. Өзін өзі және басқаларды бағалады. 
(В) оқушы Каримжанова Фариза басқа біреудің тұжырымдамаларына сыни пікір білдіріп, ұсыныс жасай алды. 
(С) оқушы Улугбекова Томирис өздері құрған топ ережесін ұстану арқылы топ  мүшелерінің пікірлерін құрметтеді .
Зерттеу сабақтары аяқталғасын зерттеуші топ мүшелерімен өткізген Lesson Study топтамасын қорытындылап, қорытынды шешім шығардық. 
Қорытынды: 4«В» сынып оқушыларын еркін пікірлеуге, бірін-бірі тыңдауға және бір-біріне көмектесуге үйретуге болады. Ол үшін келесі қадамдар жасалу керек: 

  1. Әдебиеттік оқу пәнінен  оқушылардың дарындылығын дамыту үшін топтық жұмыстармен қатар, шағын топпен жұмыс ұйымдастыру. 

  2. Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерінің дамуына назар аудару. 

  3. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың зерігуінің алдын алу. 

  4. Нашар оқитын оқушыларға жақсы оқитын оқушылардың көмек көрсетуіне бастамашы болу. 

  5. Тапсырманы алған білімді жаңғыртатын, эвристикалық ізденіс тәсілдерін 
    қажет ететін, зерттеу элементтерін пайдаланатындай етіп құру. 

  6. Ата-аналармен бірлікте дарындылықты дамыту жоспарын құрып, іске асыру. 

Lesson Study барысында бірнеше қиындықтарды кездестірдік. 


1. Оқушылардың өз ойын ашық айтпауы, бірін-бірі тыңдауға үйренбегендігі 
2. Дарынды оқушыларды басқа оқушыларға көмектеспеуі 
Lesson Study жүргізудің сәтті тұстары да болды. 
1.Зерттеуші топ ынтымақтаса жұмыс атқарды, пікірлесе отырып бір шешімге келді. 

2.4 «В» сынып оқушылары сабақта белсенді қатысып, өз пікірлерін ашық айтуға үйренді
Каталог: uploads -> 2017 -> post12
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні
post12 -> Сабақ тақырыбы: Екінші сыныпта оқимын. Білімділік
post12 -> Эссе тақырыбы: «Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер»
post12 -> Сабақтың мақсаттары: Ы. Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқандығы туралы айту
post12 -> Сабақтың тақырыбы: Б. Бұлқышев «Ана» Сабақтың мақсаты: Білімділік
post12 -> Сабақтың тақырыбы: Фантазия Осы сабақта қол жеткізетілетін оқу мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет