Инсулин+++ 683.Бұл организмде белок синтезін күшейтеді, азоттың алмасуына оң әсер етеді, тәбеттің жоғарылауымен, дене салмағының көбеюімен, науқастың жалпы жағдайының жақсаруымен, сүйектердің кальцификациясының (остеопорозда) жылдамдауымен көрінетін сүйекте кальцийдің бекуін қамтамасыз етеді. Спорттық медицинада спортсмендердің күшін жоғарылатуға және олардың бұлшықет массасын өсіруге қолданады. Препараттар тобын анықтаңыз...анаболикалық стероидтар, ретоболил, феноболин+++ 684.Синтетикалық антитиреоидты препарат. Диффузды токсикалық зобтың әртүрлі ауырлық дәрежелерінде қолданылады. Пероксидазаны тежеу арқылы тирозиннің йодталуын тежейді. Әдетте науқас препаратты жақсы көтереді, бірақ та лейкопения пайда болуына байланысты қан анализін қарау керек. Жүрек айну, құсу, терідегі бөртпелер мен буындағы ауырсынулар сияқты жағымсыз әсерлері бар. Препаратты анқтаңыз…мерказозил+++ 685.Препарат анаболикалық стероидтар тобына жатады. Кахексияда, астенияда, сәулелік емнен кейін, остеопорозда, сүйек сынғанда регенеративті процесстерді күшейтуге қолданады. Әсері баяу 1-2 күннен соң дамиды, әсер ету ұзақтығы 7-15 күн. Препаратты майлы ертінді түрінде бұлшықетке енгізеді. Препаратты анықтаңыз...феноболин+++ 686.Эстрогенді әсері бар табиғи фолликулярлы гормон. Эстроннан белсенді және ұзақ әсер етеді. Майлы ертінді түрінде 2-4 күнде 1 рет бұлшықетке енгізеді. Ішуге қолданғанда бауырда жылдам ыдырайды. Біріншілік және екіншілік аменореяда, бедеулікте, климакстық бұзылыстарда қолданылады. Препаратты анықтаңыз...Эстрадиол дипропионаты+++ 687.Құрамында фторы бар глюкокортикостероид. Көмірсу, белок және майлардың метаболзиміне айқын мөлшерге тәуелді әсер етеді. Қабынуға қарсы әсері гидрокортизоннан 5 есе белсенді. Натрий, хлор, калий иондары мен судың шығуына әсер етпейді. Препаратты анықтаңыз...триамцинолон+++ 688.Ерлер жыныстық гормонының препараты, тестостеронның эфирі, синтетикалық жолмен алынады. Жыныстық жетілмеуде, жыныс жүйесінің қызметтік бұзылыстарында, ер адамның климактериясында, сондай-ақ әйелдердегі сүт безінің қатерлі ісіктерінде қолданады. Тестостероннан айырмашылығы әсері баяу дамиды, бірақ та әсері ұзақ.Майлы ертінді түрінде шығарылады, бұлшықетке енгізіледі. Препаратты анықтаңыз...тестэнат+++ 689.Синтетикалық препарат, сары дене гормонының аналогы, фолликулярлы гормон туғызатын пролиферация кезеңінен секреторлық кезеңге ауысуын, одан жұмыртқа клеткасының ұрықтануына –оның дамуына қажетті жатырдың кілегей қабатын қамтамасыз етеді. Оны аменореяда, бедеулікте, әдеттегі және қауіпті түсік тастауда, эндометриозда, жатырдан қан кетулерде қолданады. Майлы ертінді түрінде тері астына немесе бұлшықетке енгізіледі. Препаратты анықтаңыз...прогестерон+++ 700.Науқасты қарау кезінде бетінің әлсіз қызғылт бозарғаны, шөлдеу; ауыздың құрғауы, терісінің құрғауы мен тургорының төмендеуі; тынысы сирек, терең, шулы, тыныс алу кезеңі ұзарғаны, демалғанда аузынан ацетон иісі шығатыны; аяқ-қолдары бұлшықеттерінің тонусы төмендегені, бозарғаны және салқындағаны анықталды. Несепте көп мөлшерде қант бар. Диагноз қойып, осы жағдайды жоюға препарат тағайындаңыз…гипергликемиялық кома, инсулин 701.Ұзақ уақыт Преднизолон препаратын қабылдаған науқаста препаратты тоқтатқанда аурудың асқынуы, қан қысымының төмендеуі, әлсіздік байқалды. Бұл көріністі немен байланыстыруға болады...бүйрек үсті безі жетіспеушілігі+++ 702.Аллергиялық конъюнктивитпен ауыратын науқас дәрігерге қаралды. Дәрігер ОЖЖ тежейтін әсері жоқ, антигистаминдік әсері ұзақ препарат тағайындады. Препаратты таңдаңыз… диазолин+++ 703.Көлік жүргізушісі дәрігерге амброзияның гүлдеуімен байланысты мұрыннан су ағуға, жөтелге, көзден жас ағуға шағымданды. Осы науқасқа аллергияға қарсы препарат тағайындаңыз...диазолин (лоратадин)+++ 704.Киікоты шөбінің гүлденуі кезінде пайда болатын аллергиялық ринитті емдеуге қолданылатын препаратты тағайындауды сұрап дәрігерге студент келді. Қандай препарат қолданған тиімді… лоратадин+++ 705.Көктемгі кезеңде аллергиялық ринитпен ауыратын 30 жастағы ер адам, мамандығы көлік жүргізушісі дәрігерге қаралуға келді. Дәрігер науқасқа шамалы седативті әсері бар және әсер ету ұзақтығы 24 сағат антигистаминдік препарат тағайындады. Науқасқа қандай препарат тағайындалды… лоратадин+++ 706.Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйел апта бойы аллергияға қарсы препарат қабылдады. Осыдан кейін науқаста ұйқышылдық дамыды. Препаратты көрсетіңіз...димедрол+++ 707.Аллергиялық дерматитпен ауыратын әйелге ОЖЖ-не тежегіш әсері жоқ антигистаминдік препараттардың ІІ-ші ұрпағынан препарат тағайындалды. Препаратты көрсетіңіз...диазолин+++ 708.Ұйқысыздықпен ауыратын 35 жастағы науқастағы аллергиялық сипаттағы бөртпелер мен қышыманы емдеуге антигистаминдік және ұйықтататын әсерлері бар препарат тағайындалды. Препаратты анықтаңыз… димедрол+++ 709.І-ші ұрпақтағы Н1-гистамин рецепторының тежегіші. Есекжем, шөптік қызба, вазомоторлық мұрыннан су ағу, қышымалы дерматит, аллергиялық конъюктивитте қолданылады. Тыныс демікпесінде тиімсіз. Седативті және ұйықтататын әсерлеріне қарай көлік жүргізушілерге, жылдам психикалық және қозғалыс реакцияларын қажет ететін мамандық иелеріне тағайындауға болмайды. Ганглиоблокаторлық әсер етеді, осыған орай артериялық қысымды төмендетеді. Препаратты анықтаңыз… димедрол+++ 710.Мес клеткаларының тұрақтандыратын дәрі. Тыныс демікпесінің алдын алуға және кешенді емдеуге қолданылатын арнайы препарат. Қалта ингаляторы спинхайлер көмегімен ингаляция жасауға капсуладағы ұнтақ түрінде тағайындайды. Препаратты анықтаңыз… кромалин-натрий+++ 711.Адреномиметик. Анафилактикалық шокта, тыныс демікпесінің ұстамасын жоюға, дәрілерді қолданғанда болатын аллергиялық реакцияларда қолданылады. Гипертензияда, қант диабетінде, айқын атеросклерозда қолдануға болмайды. Препаратты анықтаңыз… адреналин гидрохлориді +++ 712.Инфекциялық полиартритпен ауыратын науқас ұзақ уақыт қабынуға қарсы дәрі қабылдады. Біршама уақыттан кейін науқаста бетінің ісінуі байқалып, дәрігерге қаралды. Несепте белок пен эритроциттер анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады... бутадион+++ 713.Науқас дәрігерге асқазанның жара ауруының асқынуына шағымданып келді. Эпигастрий аймағындағы ауырсыну, жүрек айну, қара нәжіс (мелена), әлсіздік пайда болды. Анамнезінен науқас екі апта бойына қызу және бас ауырумен жүретін салқын тиіп ауруына байланысты препарат қабылдағаны анықталды. Науқас қандай препарат қабылдады… ацетилсалицил қышқылы (аспирин)+++ 714.Индолсірке қышқылының туындысы, күшті стероидты емес қабынуға қарсы препарат. Ревмакардитті, арнайы емес инфекциялық полиартритті, тромбофлебитті және де басқа қабынумен бірге жүретін ауруларды емдеуге қолданылады. Асқазанның және он екі елі ішектің жара ауруларында, жүктілікте, бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды. Оны қолданғанда бас айналуы мүмкін, осыны науқасқа ескерту керек. Кейде галлюцинация, депрессия сияқты психикалық бұзылыстар байқалады. Бұл жағдайды көлік жүргізушілеріне және станокта жұмыс істейтін адамдарда препаратты қолдану кезінде ескеру керек. Препаратты анықтаңыз… индометацин+++ 715.Фенилпропион қышқылының туындысы. Қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсері бойынша бутадионға жақын. Ревматоидты артриттің буындық және буыннан тыс түрлерін емдеуге қолданады. Препаратты анықтаңыз… ибупрофен+++ 716.ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші. Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсерлері бар. Қабынуға қарсы әсерінің механизмі гемостазға әсер етпей бос оттектік радикалдардың түзілуін тежеумен байланысты. Остеоартритте, буыннан тыс ревматикалық ауруларда, ауырсыну мен қабыну процесстерінде қолданылады. Препараттың аз мөлшерінде де асқазан-ішек жолдарына айқын теріс әсер етеді. Препаратты анықтаңыз...нимесулид+++ 717.Бұл топтың препараттары ревматизмді, ревматоидты артритті, коллагеноздарды, тыныс демікпесін, нейродерматиттерді, экземаны емдеуге қолданылады, себебі олардың қабынуға, аллергияға және шокқа қарсы әсерлері бар. Оларды ұзақ қолданғанда гормондар биосинтезін тежеу арқылы бүйрек үсті безі қызметінің тежелуін ескеру керек. Препаратты анықтаңыз… преднизолон+++ 718.Ревматизмде қолданылатын ұзақ иммуносупрессивті әсері бар препарат. Клетканың өліміне әкелетін, қабыну ошағын биоэнергетикалық қамтамасыз ететін, АТФ синтезін азайту арқылы қабыну процессіне әсер етеді. Препараттың аритмияға қарсы әсері бар, сондай-ақ безгекке қарсы дәрі ретінде әйгілі. Қарсы көрсеткіштеріне көздің торлы қабығының аурулары, бауыр паренхимасының зақымдануы, цитопения жатады. Препаратты анықтаңыз… хингамин+++ 719.Фенилсірке қышқылының туындысы. Айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар, тромбоциттердің агрегациясын тежейді. Препарат ревматоидты артритте, остеоартрозда тиімді. Басқа стероидты емес қабынуға қарсы дәрілермен салыстырғанда науқас жақсы көтереді. Дәрінің көп мөлшерін қабылдағанда бас ауруы, мұрыннан қан кету, микрогематурия, аллергиялық бөртпелер байқалады. Препаратты анықтаңыз…диклофенак-натрий+++ 720.Оксикамдар тобынан стероидты емес қабынуға қарсы дәрі. Бензотиазин туындысына жатады, айқын қабынуға қарсы, анальгетикалық және қызу түсіретін әсерлері бар. Ұзақ әсер етеді. Жедел ауыр жағдайларда көп мөлшерде тағайындайды. Анальгетикалық әсері ішкеннен соң 30 минуттан кейін, ал қабынуға қарсы әсері емдеу басталғаннан бірінші апта соңында басталады. Буын ауруларында, жұмсақ тіндер мен тірек-қимыл аппаратының жарақаттық қабынуларында қолданылады. Препаратты анықтаңыз… пироксикам 721.Энолий қышқылының туындысы, ЦОГ-2 таңдамалы тежегіші (ЦОГ-2 тежеуі басқа препараттармен салыстырғанда өте жоғары). Қабынуға қарсы және анальгетикалық әсер көрсетеді. Ревматоидты артритте, остеоартритте, артрозда, буындардың дегенеративті ауруларындағы ауырсыну синдромында симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады. Асқазан-ішек жолдарының жоғары бөлімдерінің ауруларында, сондай-ақ антикоагулянттармен емдеу барысында мұқият қолдану қажет. Препаратты анықтаңыз… мелоксикам+++ 722.Айқын құрттарға қарсы және иммнитетті күшейтетін әсерлері бар, клеткалық иммунитетті (макрофагтарды, Т-лимфоциттер-супрессорларды, аз дәрежеде Т-хелперлерді белсендіреді) күшейтеді, антидене өімін өзгертпейді, фагоциттердің (миграция, хемотаксис) белсенділігін жоғарылатады. Иммунитет жетіспеушілік жағдайларында (мысалы, гаммаглобулинемия), созылмалы инфекциялық ауруларда, қайталанатын инфекцияларда қолданылады. Препаратты анықтаңыз… левамизол+++ 723.Іш жүргізетін әсері бар антацидті дәріні белгілеңіз… магний тотығы+++ 724.Ащы заттардың әсер ету механизмін көрсетіңіз… ауыз қуысының шырышты қабатының рецепторларын қоздырады және рефлекторлы түрде аштық орталығының қозғыштығын жоғарылатады+++ 725.Асқазанның кілегей қабатының зақымдаушы факторларға төзімділігін арттыратын дәріні белгілеңіз… мизопростол, карбеноксолин+++ 726.Сульфенамидтің белсенді метаболиті болып саналатын дәрі алды секрецияға қарсы дәріні белгілеңіз… омепразол+++ 727.Жедел және созылмалы диареяда қолданылатын фенилпиперидиннің туындысын таңдаңыз...лоперамид+++ 728.Майда еритін заттармен уланғанда іш жүргізетін дәрі ретінде қандай препарат қолданылады… магний сульфаты+++ 729.Өттің түзілуін күшейтетін өсімдік текті дәріні белгілеңіз… холосас+++ 730.Препаратты анықтаңыз: М-холинорецепторларды тежейді асқорыту бездерінің сөлінісін төмендетеді түйілулерде қолданылады, глаукомада қолдануға болмайды... атропин сульфаты+++ 731.Препаратты анықтаңыз: асқазан мен он екі елі ішектін жара ауруларында қолданылады асқазан сөліндегі хлорлы сутекті қышқылды бейтараптайды адсорбциялаушы қасиеті бар іш қатуды туғызуы мүмкін… аллюминий гидрототығы+++ 732.Препаратты анықтаңыз: ОЖЖ-не жақсы өтеді орталық және шеткі дофамин рецепторларын тежейді кең спектрлі гастрокинетикалық және құсыққа қарсы дәрі ретінде қолданылады гиперпролактинамия мен паркинсонизм белгілерін туғызуы мүмкін… метоклопрамид+++ 733.Сана препараттарының іш жүргізетін әсерінің механизмін көрсетіңіз… тоқ ішектің рецепторлық құрылымдарын тітіркендіріп, су мен электролиттер сіңірілуін кідірте тұрып, оның перистальтикасын күшейтеді+++ 734.Асқазан безінің жетіспеушілігінде қолданылатын орын басушы терапияның дәрісін көрсетіңіз..табиғи(жасанды) қарын сөлі, пепсин, сұйытылған хлорлы сутек қышқылы(тұз қышқылы)+++ 735.Жүйелік алкалоз туғызатын антацидтік препаратты белгілеңіз...натрий гидрокарбонаты+++ 736.Сибутраминнің қандай фармакологиялық топқа жататынын көрсетіңіз… анороксигенді, тәбетті төмендететін+++ 737.Сана, рауғаш, сынғақ итшомырт препараттарының әсері неше сағаттан кейін дамиды… 8-12 сағат+++ 738.Антацидті дәрілердің әсер ету принципі қандай...асқазан сөлінің хлорлы сутек қышқылды бейтараптайды+++ 739.Құсыққа қарсы қолданылатын серотониндік 5-НТ3-тежегіштерінің қолданылуын белгілеңіз...құсу, ойық жара, метеоризм, ас қорыту жолдары дискинезиясы, гастрит, колит, рефлюкс-эзофагит, обыр+++ 740.Өсімдік текті гепатопротекторлық дәрілерді көрсетіңіз...легалон+++ 741.Лейкопоэзді тежейтін дәріні белгілеңіз… новэмбихин+++ 742.Гирудиннің рекомбинантты препаратын таңдаңыз… лепирудин+++ 743.Алтеплазаның әсер ету механизмін көрсетіңіз...профибринолизиннің(плазминоген) фибринолизинге(плазмин) айналуын белсендіреді, әсері тромбпен шектеледі ?????????????? 744.Варфариннің әсер ету механизмін көрсетіңіз...бауырда протромбиннің өндірілуін тежейді6 әсері тікелей емес+++ 745.Тромбоциттердің пурин рецепторын тежейтін антиагреганттық дәріні таңдаңыз… клопидогрел, тиклопидин+++ 746.Жануар текті антифибринолитикалық дәріні белгілеңіз… контрикал+++ 747.Мерказолилдің антитиреоидтық әсерінің механизмі қандай... қалқанша безінде тиреоидты гормондардың синтезін тежейді+++ 748.Метаболизмді күшейтетін әсері бар, тіндермен оттегінің жұмсалуын және негізгі алмасуды жоғарылатады; май, белок, көмірсулардың ыдырауын күшейтеді гипотиреоидизмде қолданылады. Препаратты анықтаңыз… L-тироксин, трийодтирозин, тиреодин+++ 749.Микседемамен ауыратын науқастардағы комада қолданылатын тиреоидты дәріні таңдаңыз… трийодтирозин+++ 750.Дийодтирозиннің антитиреоидты әсерінің механизмін көрсетіңіз… гипофизде тиреотропты гормонның өндірілуін тежейді+++ 751.Қалқанша безімен йодтың жұтылуын бұзатын препаратты белгілеңіз… калий перхлораты+++ 752.Қалқанша бездің фолликула клеткасын бұзатын препаратты белгілеңіз… радиоактивті йод+++ 753.Радиоактивты йодтың антитиероидты әсерінің механизмін көрсетіңіз...қалқанша безінің фолликула клеткасын бұзады+++ 754.Розиглитазонның әсер ету механизмін көрсетіңіз…ядродағы PPARy рецепторларды активтендіріп, инсулинге сезімтал гендердің транскрипциясын арттырады тіндердің инсулинге сезімталдығын арттырады+++ 755.Н1- гистаминоблокаторлардың аллергияға қарсы әсерінің негізгі механизмін белгілеңіз... H1-гистамин рецепторларымен әрекеттесіп, гистаминнің осы рецепторлармен байланысуына кедергі жасайды+++ 756.Димедролға тән әсерлерді белгілеңіз...тыныштандырғыш, ұйықтатқыш, ганглиоблокаторлық әсер бар, қан қысымын түсіреді+++ 757.Орталық жүйке жүйесіне әсер етпейтін антигистаминдік препаратты белгілеңіз... диазолин+++ 758.Неліктен кромолинді жедел аллергиялық реакцияларда қолданылатынын белгілеңіз...тыныс алу жолдарының шырышты қабығындағы лаброциттердің дегрануляциясын тежеу