Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары


Сәрсенбі Сағат: 15.00 Түсінік хат



бет5/6
Дата07.11.2023
өлшемі30,59 Kb.
#190028
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
user file 58b01072ea7cd
45.04.02 lingvistika. perevod i perevodovedenie, Жалбыз - емдік өсімдік, 1513435150, Силлабус ЭП Менеджмент, Жүрек ырғағының бұзылысы 603-604, user file 58b01072ea7cd, Центрлік бұрыш
7

Сәрсенбі
Сағат: 15.00


Түсінік хат

Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар.Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты.Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.Осыдан кейін ол материалды толық игереді.Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді.Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады.Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл- ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған ,білім қоры аз.Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:


1) есеп шартын оқығанда әріп ,буын немесе сөз қалдырып оқу,
2)кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді:
1.педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар;
2.нашар оқитын оқушылар.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу- тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Осы қиыншылықтардың себебі –баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері:
1- топ. Нашар оқитын балалар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.
2-топ
Бұл топтың оқушыларына материалды естеріне сақтау үшін көп рет қайталау қажет. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындығынан, жоғары эмоционалдығынан,зейінінің төмендегінен және жинақы еместігінен байқалады.Олар үшін жинақтауға берілген тапсырмалар қиын. Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін.Мұндай оқушыларға әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.
3-топ
Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе -тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар.
Сараланған тапсырмалар -бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, кәртішкеде, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет