«Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуде деңгейлік курстың тиімділігі»



Дата25.08.2017
өлшемі105,26 Kb.
#26053
«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп» КММ

«Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізуде деңгейлік курстың тиімділігі»

Дайындаған: физика және информатика пәні мұғалімі

Ерсаинова Баян Токановна
2015 – 2016 оқу жылы

Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі.


Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет, өркениетке жету үшін жан – жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Қазіргі кездегі оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс - тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.

Ұстаз бола отырып, мен де өз тәжірибемде жетістіктерге жету жолдарын іздестірудемін. Оқушылар өз пікір - көзқарастарын еркін түрде білдірсе, тек білдіріп қана қоймай, сонымен қатар өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзінде іске асыра алатын жеке тұлға болып қалыптаса алса, сонда мұғалім мақсатының жүзеге асқаны.


Қазақ халқында жеті санын қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болып табылады. «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульді іс - тәжірибемде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізіп отырмын. Бірақта, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр әдіс - тәсілдің өзіндік артықшылықтары бар.
Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл жеті модульдің барлығы да барлық пән сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Физика сабағында бұл бағдарламаның негізгі идеяларын пайдалана отырып көптеген тиімді жақтарын көруге болады. Сондай жұмыстардың бірі үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар.

Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл-ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей:



  • есеп шартын оқығанда әріп, буын немесе сөз қалдырып оқу;

  • кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.

Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің нәтижелілігі - ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.

Нашар оқитын оқушылар оқу-тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.

Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.

Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі – баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.

Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан, назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл-ой әрекетін белсендіруге, сөйлеу қабілетін дамытуға, практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, сөйлеу, оқыту, талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Оқу еңбегінің қаруы – ой. Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.

Сіздермен өз тәжірибеммен бөлісетін болсам, үлгерімі төмен оқушыларды оқу жылының басында анықтап алдым. Ол үшін үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспарын жасадым. Оқу жетістігін салыстыру үшін алғашқы төрт сабақты дәстүрлі түрде жүргіздім. Бақылау тест жұмыстарын алдым. Білім сапасы көңілімнен шықпады. Онан кейінгі сабақтарды деңгейлік курста оқып, үйренген жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып өткізе бастадым. Бірінші сабақтан бастап оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары көріне бастады. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін өз бетінше жұмыс істеп, қалыптасуы үшін алған білімдерін жүйелеу, сыни тұрғыдан ойлануға жетелеу, дұрыс сөйлеуді меңгерту және жаттықтыру, сөздік қорын байыту, дұрыс оқуға дағдыландыру қажет. Тапсырмалар үлгерімі төмен оқушылардың деңгейіне сай іріктеліп алынады. Әрбір сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастырып отырдым. Оқушылар жеке, жұптық, топтық жұмыс жасағанда диалогқа түскені жөн. Себебі қабілеті әртүрлі оқушылар, бір- бірімен жұмыс жасағанда, әрқайсысы өз пікірлерін айтады, яғни жауапкершілікті сезінеді. Топтық жұмыста оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі бағалау немесе топаралық бағалау жүзеге асады. Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы үлгерімі төмен оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы артады.Топтық жұмысты жүзеге асыру, оқушылардың сыни ойлауын дамытуға, мүмкіндік беретініне сенімдімін. Себебі оқушыға сыни ойлауын жүзеге асыратындай тапсырма бергенде ғана, оқушы ойланады. Топтық жұмысты ұйымдастырғанда мынадай әдіс тәсілдерді қолданамын: джигсо әдісі, постер құрастыру, тыңдап отырған үштік, ассоциациялық карта, т.б. Жұптық жұмысты ұйымдастырғанда қабілеті жоғары оқушымен үлгерімі төмен оқушыны топтастыруға тырысамын. Себебі, оқушы мен оқушы бірін бірі жақсы түсінеді. Үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс жасағанда Блум таксономиясын толтыруға, жіңішке сұрақтарға жауап беру, инсерт әдісі, «Синквейн» бес жолды өлең жазу, шағын эссе жазу, логикалық есептерді шешу, реферат, сөзжұмбақ т.б әдіс тәсілдерді қолданамын.

Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, әр кез сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жеккөріп кетеді. Ұялшақ, тұйық балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады. Себебі өзгелердің алдында күлкіге ұшыраймын, мазаққа қаламын деп қорқады. Осындай сенімдер 7 сынып оқушысы Оралбекова Айжан мен 8 сынып оқушысы Мухаметқалиев Диаста байқалады. Топпен жұмыс кезінде көптеген жаңа қырларынан өздерін көрмете алды. Нәтижесінде оқушылардың сабаққа, пәнге деген қызығушылығы артып түгелдей белсене қатысатын болды. 

7-сыныпОралбековаАйжан 


8-сынып Мухаметқалиев Диас

Мысалы : жеке жұмыс барысында сабаққа немқұрайлықпен қарайтын , қызығушылықтары төмен Айжан мен Диас топтық жұмыста ыңталары артып, ой өрістері дамып, жаңа қырларынан ашыла бастады. Айжан топтық жұмыс кезінде өзіне деген сенімділігі,сұраққа жауап беру жылдамдығы, сыныптастырының алдында қысылу мінезі жоғалып, өзін –өзі еркін ұстай алатындығы байқалды.Диастың өзіне ғана емес, топқа деген жауапкершілігі бар екені де байқалды. Топпен жұмыс жасау Айжанға әсер еткені соншалықты туа біткен байсалдылық,ұялшақтық,қоғамнан ерекшеленуді қаламайтын мінезі байқалмай жоғарыда көрсетілген қасиеттері басымырақ болды,мүмкіндіктері артты.Ал Диас топта басқа балалармен ой бөлісіп, өз ойын ортаға салып, жеке ой бары байқалды. Сыныптағы оқушылармен қарым-қатынасы күшейіп топпен ұйымшылдық , келісімділік , бір- біріне деген сенімділік , өз-ара пікір алмасу , түсіністікпен қарау ,бір-біріне сенім арту белсенділігі байқалды.



Үлгерімі төмен оқушыларда дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін ең алдымен ең оңай қызықты, уақыт өте келе маңызды болғанымен қызықсыз материал дайындауы қажет. Материалды толық үйрену үшін оқушы мұғалімнің көмегімен, уақыт өте келе өз бетінше орындайды. Әрбір орындалған үлгерімі төмен оқушының жұмысын мадақтап отыру қажет. Мұғалімге үлгерімі төмен оқушымен жұмыс істеуде өте үлкен шыдамдылық, мейірімділік пен төзімділік болуы шарт. Мұғалім сыныпта үнемі ынтымақтастық атмосфераның қалыптасуын қамтамасыз етеді. Уақыт өте келе, мұғалімдерде үлгерімі төмен оқушыны алған білімін түрлі проблемаларды шешуде қолдана білетін, өз бетімен сыни тұрғыдан ойлана алатын, жаңа технологияларды қолданып, кездескен қиындықтарды шешудің жеңіл жолдарын табатын, алған білімін қоршаған ортада қайда, қалай қолдана алатынын нақты сезінетінетіндей деңгейге жеткізу міндеті тұр.
Үлгерімі төмен оқушымен жеке жұмыс жүргізудің жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Аптасына 1сағат үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жүргіземін.

Мақсаты:

  • физика-информатика пәні бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту;

  • оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту;

  • сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау,  есте сақтау қабілеттерін жетілдіру;

  • пәнге деген қызығушылыығн арттыру арқылы мемлекеттік білім стандартын меңгерту;

  • төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, математика пәнінен қабілеті төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу.


Міндеттері:

  • әр сыныптағы үлгерімі төмен оқушыларды анықтау

  • мемлекетін білім стандартын менгере отырып, жыл бойы жұмыс жүргізу арқылы үлгерімін жоғарылату;

  • үлгерімі төмен оқушыларға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету.


Күтілетін нәтиже:

  • оқу бағдарламасына сай білімді өз дәрежесінде меңгереді;

  • пән бойынша негізгі ұғымдар мен түсініктерді ажырата және салыстыра алады;

  • ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыруға мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.


Негізгі принцип:

  • нақты баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату;

  • нашар үлгермеуші оқушылардың пән бойынша әр сыныптан анықтау, жүргізілетін жоспарды құру;

  • жазуға биылдықты жүргізілетін жұмыстар (көшіру, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);

  • бақылау жұмыстар, тесттер (ескерту, іріктеу, түсіндіру, шығармашылық, ерікті т.б.);

  • сөздік жұмыстарын жүргізу;

  • оқушылардың оқыған ғылыми мақалаларға байланысты реферат жазу.

ПӘН ҮЛГЕРІМІ

І тоқсанның басы 2015-2016 оқу жылы

Пәні: физика

Пән мұғалімі: Ерсаинова Б.Т.




Сыныбы

Оқушы саны

Бағалары

Білім сапасы

Үлгерімі

Мониторинг

5

4

3

2





17

-

5

12

-

29

100

3,3



8қаз

23

2

8

13

-

43

100

3,5



9қаз

24

7

4

13

-

46

100

3,7


І тоқсанның аяғы 2015-2016 оқу жылы

Пәні: физика

Пән мұғалімі: Ерсаинова Б.Т.




Сыныбы

Оқушы саны

Бағалары

Білім сапасы

Үлгерімі

Мониторинг

5

4

3

2

1.



17

-

8

9

-

47

100

3,5

2.

8қаз

23

3

11

9

-

61

100

3,7

3.

9қаз

24

10

6

8

-

67

100

4


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет