НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ
БЕТ ТЕРІСІНЕ, ЕРІНІДЕРІНЕ ЖӘНЕ АУЫЗ-ЖҰТҚЫНШАҚ
СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН
МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын алу
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің бет терісіне, еріндеріне және ауыз-жұтқыншақтың сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған 2 латокты, залалсыздандырылған пинцетті, апаттық дәрі қобдишасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін таңғыш материалмен алыңыз, лотокқа салыңыз.
2. Дәрі қобдишасынан 70% спиртті немесе 0,05 % калий перманганат ерітіндісін алыңыз.
3. Залалсыздандырылған дәке тампонын 70% спирт немесе 0,05 % калий перманганат ерітіндісімен суландырып, бет терісінен және ерітіндерінен науқастың биологиялық сұйықтығын, саусақтардың қозғалысы мен кетіріңіз. Пайдаланған таңғыш материалды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.
4. 70% спирт немесе 0,05 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған дәке тампондарымен қайтадан бет терісі мен еріндерін тазартыңыз.
5. ауыз қуысын сумен, сосын 70% спирт немесе 0,05 % калий перманганат ерітіндісімен бірнеше рет шайқаңыз (жұтқыншаққа суды түсірмеуге тырысыңыз).
6. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі түтіннен болған жағдай туралы актті және журналды толтырыңыз).
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ
КӨЗ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫНА БАЙҚАУСЫЗДА ТҮСКЕНДЕ
ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және вактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын-алу
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің көз сілемейлі қабығына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған 2 латокты, залалсыздандырылған пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: |