Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған биксті, 2 лотокты, залалсыздандырылған корнцангті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды сабындап, ағынды суда жуыңыз;
2. Қолғапты шешіп, жарадан қанды сығып шығарыңыз;
3. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;
4. Дәрі қобдишасынан крафт пакетін таңғыш материалмен алып, лотокқа салыңыз.
5. Дәрі қобдишасынан 70% этил спирті және 5% йод ерітінділерін алыңыз.
6. 70% этил спиртіне мол суландырылған залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін құрғатыңыз.
7. Қан кетуді тоқтатпай, сабындап сумен жуыңыз.
8. Залалсыздандырылған мақта шариктерімен жарақат бетін құрғатыңыз.
9. Жарақат бетін 70% этил спиртімен қайталап тазартыңыз, сосын 5% йод ерітіндісімен өңдеңіз.
10. Жарақат бетіне бактериоцидті пластырьді (жабысқақ таңғыш) салыңыз.
11. Бактериоцидті пластырьден таңғыш салған соң резеңке саусаққап киіңіз. Қажет болған жағдайда залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
12. Қолданылған күтім заттарын және таңғыш материалды қауіпсіз жараға арналған контейнерге салыңыз.
13. Әкімшілікке хабарлаңыз (өндірістегі төтеннен болған жағдай туралы акті және журналды толтырыңыз).
НАУҚАСТЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ СҰЙЫҚТЫҒЫ МЕЙІРБИКЕНІҢ
ҚОЛҒАБЫНА ТҮСКЕНДЕ ЖАСАЛАТЫН МЕЙІРБИКЕНІҢ
ІС-ӘРЕКЕТІ
Мақсаты: ауруханалық жұқпалы аурудың алдын-алу, вирустік және бактериалдық жұқпа жұқтыру қауіп-қатерін алдын-алу.
Қолдану көрсетілімдері: медициналық қызметкердің қолғабына науқастың биологиялық сұйықтығы түскенде.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дезинфектантқа суландырған салфеткамен қолғапты тазартыңыз.
2. Қолғапты шешпей тұра ағынды суда сабынмен қолыңызды жуыңыз.
3. Қолғапты шешіңіз.
4. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.
5. Тері антисептигімен қолыңызды өңдеңіз.
6. Салфетканы, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
КӨЗДІҢ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН, АСПАДАҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: |