АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЯРЛАУ
Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған пинцетті, лотокты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алып, лотокқа салыңыз.
2. Перманганат калий бар пакетті ашыңыз және дистилденген суы бар ампуланы даярлаңыз.
3. Езуге арналған ыдысқа 50 г перманганат калийді салып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз, 0,05% перманганат калий ерітіндісі болады.
4. Ыдысты тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.
МҰРЫН ҚУЫСЫ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН,
АСПАДАҒЫ АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЙЫНДАУ
Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын: аспадағы антисептикалық затты (флакондағы -0,1 г протарголды, 10 мл – дистилденген суды), залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, антисептикалық затты езуге арналған ыдысты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алыңыз, латокқа салыңыз.
2. Протарголы бар флакончикті ашыңыз.
3. 0,1 г протарголы бар ыдысты (флакончикті) алып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз немесе антисептикалық затты езуге залалсыздандырылған ыдысты қолданыңыз.
4. Ыдысты (флаконды) тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.
Ескерту: аспадағы марганец қышқылы калийді қолданғанда 50 мг марганец қышқылы калий және 10 мл дистилденген суды алу қаж
ІІІ. ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ. АУРУХАНАҒА НАУҚАСТЫ ҚАБЫЛДАУ
НАУҚАСТЫҢ ДЕНЕ САЛМАҒЫН ӨЛШЕУ
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: дене салмағының жетіспеушілігін, семіздігін, жасырын ісіктерді анықтау, науқас ауруханаға түскенде, емдеу процесінде дене салмағының динамикасын және ісіктерді бақылау.
Қарсы көрсетілімдері: ауыр жағдайдағы науқас, төсек тәртібі.
Дайындаңыз: еденге орнатылатын таразыны, сырқатнаманы, қолғаптарды, 30х30 см зарарсыздандырылған клеенканы, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, клеенканы, тазартуға арналған шүберекті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Достарыңызбен бөлісу: |