Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


ХАЛІ АУЫР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ



бет35/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

ХАЛІ АУЫР ӘЙЕЛДЕРДІҢ ЖЫНЫС МҮШЕСІН ЖУУ
Мақсаты: жыныс мүше аймағын тазалықта ұстау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр бөліп шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын-алу.
Қолдану көрсетілімдері: науқастың ауыр халі.
Дайындаңыз: ішінде жылы (t-35-370 С) әлсіз калий перманганат ерітіндісін 1:5000 фурациллин ерітіндісін немесе суы бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын, корнцангті, залалсыздандырылған сүрткілерді, клеенканы, зәр қабылдағышты (судноны), қолғаптарды, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.


Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.
2. Науқас әйелді кермемен оңашалаңыз.
3. Науқас әйелдің жамбасының астына клеенканы, жаялықты төсеңіз, оның сегізкөзінің астындағы клеенканың үстіне зәр қабылдағышты қойыңыз.
4. Науқасқа шалқасынан жатуға көмектесіңіз, аяқтары тізесінен бүгіліп, азғана жан-жаққа ажыратылған болуы керек.
5. Ішінде жылы суы бар (антисептикалық ерітіндісі) бар құмыраны немесе Эсмарх крушкасын дайындаңыз.
6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Халаттың үстіне клеенкалы алжапқышты және қолыңызға қолғаптарды киіңіз.
7. Науқас әйелдің оң жағында тұрып, құмыраның немесе Эсмарх крушкасының сол қолыңызға ұстап, ал оң қолыңызға дәке салфеткасы қыстырылған корнцангті ұстап, антисептикалық ерітіндіні немесе жылы суды сыртқы жыныс мүшелеріне құйыңыз, ал салфеткадан жоғарыдан төмен қарай (қасағадан аналь тесігіне қарай) қимыл жасап, сүртіңіз. Сыртқы жыныс мүшелерін келесідегідей ізбе-ізділікпен жуыңыз: қасаға аймағы, үлкен жыныс жыныс еріндері, кішкене жыныс еріндері, бұтаралығы және аналь тесігі аймағы, әрбір жоғарыдан төмен түскен қимылдардан кейін сүрткілерді ауыстырып отырыңыз.
8. Құрғақ сүрткімен жыныс мүшелерін және бұтаралықтың терісін тура жоғарыдағыдай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіңіз.
9. Базданудың алдын-алу үшін сүрткіге салынған вазелин майын немесе басқа заттарды шат іркестеріне және аналь тесігі аймағына жағыңыз.
10. Қолданылған сүрткілерді, корнцангты ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
11. Судноны және клеенканы жинап алыңыз, қолғаптарды шешіңіз, зарарсыздандырыңыз. Науқасты көрпемен жауып қойыңыз.
12. кермені жинап алыңыз.
13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет