СУ БАЛАНСЫНАНЫҚТАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕУ Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.
Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты
және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.
Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа су ішуге және зәрді жинауға арналған өлшемді ыдысты даярлаңыз.
2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.
3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.
4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.
5. Науқасқа таңертең сағат 6:00-де зәрін унитазға жіберу қажеттілігін түсіндіріңіз.
6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күннің таңертенгі сағат 6.00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.
7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы – тәуліктік диурез болады.
8. Бөлінген сұйықтықтық мөлшерін парағына жазыңыз.
9. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.
10. Келесі күнгі таңертенгі сағат 6.00-да науқас мейірбикеге есептеу парағын тапсырады.
Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.
Мейірбикенің міндеттері:
Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін мейірбике есептейді.
Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% қалыптағы шығарылған
сұйықтық мөлшері). Шығарылу % = шығарылған зәр мөлшері х 100 енгізілген сұйықтық мөлшері
Келесі формула бойынша су балансына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.
Шығарылған сұйықтық мөлшері қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен